02 Сәуір, 2016

Қоғамдық көмекшілер институты енгізілді

354 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Сурет -1-01Облыс әкімінің қоғамдық көмекшілері институты өңір басшысы Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен енгізіліп отыр. Қоғамдық көмекшілердің басты мақсаты облыс басшысы мен тұрғындар арасындағы байланысты күшейту, тұрғындарды мазалайтын мәселелер мен ауыл-аймақтардағы жағдайлар жөнінде облыс басшысын ақпараттандыру болып табылады. Облыс әкімінің көмекшілері, сонымен бірге, тұрғындарды қабылдап, кездесу барысында келіп түскен ақпараттарды облыс әкімдігіне жеткізіп оты­рады. «Біз аудан әкімдері ұсын­ған мәліметтерге сенеміз, алай­да олар өздеріне тиімді мәлі­мет­терді береді. Ал сіздердің мін­­дет­теріңіз – облыс басшысын шынайы жағдайдан хабардар етіп отыру. Әсіресе, білім беру, медициналық қызмет көрсету, негізгі азық-түлік түрлер­інің бағасы, ауыл шаруа­шы­лығын дамыту секілді әлеу­меттік сала­ларға назар аудару­лары­ңызды сұрай­мын», – деп атап өтті Бердібек Мәшбекұлы. Аймақ басшысының көмек­шілері қатарында Ақтөбе облы­сы­ның 12 ауданының беделді өкіл­дері бар, олар – аймақтың әлеу­­меттік-экономикалық дамуы­­на үлес қосқан, қоғам өмі­рі­не белсенді араласып жүрген жандар. Ал Б.Сапарбаев өзінің қоғамдық көмекшілерімен кездесіп, оларға куәліктерін табыс етті. Сонымен, облыс әкімінің Алға ауданындағы көмекшісі бо­­лып Қайрат Қазмағамбетов, Әй­­т­еке биден Рысқали Бозбетов, Бай­ғанин ауданынан Ибраһим Ермекбаев, Ырғыздан Нұрқасым Сәрсенбайұлы, Қарғалы ауда­нын­дағы көмекші Аманғос Төлеуов, Мәртөктен Ирина Цыба, Мұғалжар ауданынан Айт­­бай Беркімбаев, Темір ау­да­нын­дағы көмекші Берік Дан­ды­баев, Ойыл ауданынан Сан­сыз­­бай Өткелбаев, Қобдадан Жауғашты Жұмағалиев, Хромтау ауданынан Бекболат Келбатыров және Шалқар ауданынан Ильяс Резванов бекітілді. Айта кетерлік жайт, қоғам­дық көмекшілердің жұмыс іс­теуі­не ыңғайлы болу үшін бөл­ме мен телефон, сонымен бірге, аудандағы елді мекендерге қаты­науына көлік берілетін бола­ды. Көмекшілер ай сайын ау­дан­­дар­дағы әлеуметтік-эко­но­ми­ка­лық және қоғамдық-саяси жа­ғ­­дайды жақсарту жөнін­де ұсы­­ныстарын облыс басшы­сы­мен болған кездесуде жеткізіп отырмақ. Халық пен аймақ басшысы арасындағы алтын көпір болғалы тұрған қоғамдық көмекшілерге жауапты да абыройлы міндет жүктеліп отыр. Осы арқылы жер­гілікті билік өзекті мәселе­лердің қордаланып қалмай, тез шешімін табуына жол ашпақ. Сондай-ақ, жергілікті билік пен халықтың арасындағы бай­ланысты бұрынғыдан гөрі де нығайту көзделуде.  Сатыбалды СӘУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан». Ақтөбе облысы.