«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-та бизнесті трансформациялау бағдарламасы жемісті жүргізіліп жатыр. Бұл жөнінде ұлттық компанияның кеңейтілген жиынында айтылды. Шараға теміржолшылар мен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-тың басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев және бірқатар мемлекеттік органдардың қызметкерлері қатысты.
Ұлттық компанияда бизнесті трансформациялау бағдарламасына арналған кеңейтілген жиында компания президенті Асқар Мамин Мемлекет басшысы салада атқарылуға тиіс міндеттемелерді анық белгілеп бергенін айтты. «Ол тапсырмалардың ең маңыздысы саладағы бизнесті заман талабына сай трансформациялау болатын. Бұл бағытта «Самұрық-Қазына» мен құрылымның өзге де еншілес компанияларында өткен жылдың көктемінде басталған бизнесті трансформациялау жұмысын «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы да бағдарламаға сай нақты жүргізіп келеді. Атқарылған жұмыстар аз емес. Бүгінгі жиында осынау орындалған істің нақты нәтижелерін әңгімелейміз», деді.
Бағдарламаны іске асыру барысында ұлттық компанияда әр сала уақыт талабына сай жетілдіріліп, әлемдік компаниялармен интеграциялану үдерісі жүргізілгенін айтып өтті. Сондай-ақ, компанияны басқарудың жаңа жүйелері енгізілгеніне тоқталды. Сөйтіп, «ҚТЖ» ҰК» АҚ өзгерістерін ұйымдастыру компанияның нарықтағы орнын айқындау үшін тапсырыс берушілер сұранысын қанағаттандыруға ыңғайлануын талап ететінін білдірді.
Кеңейтілген отырыста «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Ө.Шөкеев әлемдік нарықтағы және технологиялық түбегейлі өзгерістер талапқа сай болып, ішкі резервтерді тауып, бәсекелестікте қолайлы, оңтайлы жолдарды қарастыру керектігін атап өтті. «Әлемдік жетекші компаниялардағы ішкі айналым азайды. Нарықта өте қатал бәсекелестік қалыптасты. Теміржол саласында да солай болып отыр», деген ол қордың бизнесті трансформациялау туралы бастамашылығы дер кезінде басталып, бұл істе ҚТЖ-ның өте ауқымды жұмыстар атқарғандығын атап өтті. Оған қоса, трансформация үдерісі – бұл теория емес, бұл жұмысты практикалық істермен дәйектей түсу екенін қадап айтты.
Компания жаңа операциялық модельге көшудің тиісті әзірлік құжаттарын дайындады. 2015 және 2016 жылдары компания стратегиясы жасақталды. Пайдалы әсер коэффициенті стратегиясы бекітілді. ПӘК бұтағының жай-жапсары мен ИТ жаңа архитектурасы жасалды. «Транзиттік тасымалдағы баламалы бағдарлардағы бәсекелестіктің жоғарылығы тапсырыс берушілердің сұранысын қанағаттандыру үшін нарықтағы үдерістерді және технологияларды жаңғыртып, түбегейлі құрылымдық өзгерістерді қажет етеді. Осыған байланысты, «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ты трансформациялық құрылымдаудың уақыты келіп отыр», деді А.Мамин.
Компания басшысы теміржол саласын мемлекеттік жоспарға байланысты институттық түрлендіру мен заңдылық талаптарына сәйкестендіріп, қайта құрылымдау барысы жөнінде де айтты. «Самұрық-Қазына» бекіткен 2016 жылғы жол картасына сәйкес, компания өзінің негізгі қызметіндегі өзгерістерді енгізуге кірісті. Бүгінгі таңда, жаңа операциялық модельге өту үшін тиісті дайындық құжаттары әзірленді. Трансформациялау аясындағы нақты іске кірісудің ұйымдастыру шараларын бастау қажет. Себебі, ғаламдық экономикадағы құрылымдық өзгерістер мен даму үдерісі компания бизнесіндегі өсім көздерін айқындауға ықпал етеді. Компания мультимодальдық және транзиттік тасымалдағы сегментін иемденіп, сонымен қатар, тасымалдау жұмысындағы сапалық көрсеткіш тиімділігін көтеруде», деді А.Мамин.
Ұлттық компания басшысы еліміздегі және әлемдегі жүк тасу үдерістеріне тоқталып, бұдан былай күн сайын жаңа қызметке, жаңа талапқа сай жұмыс істеуге әруақыт дайын болу керектігін қадап айтты.
Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ,
«Егемен Қазақстан».

Төрт бірдей теннисшіміз әлемдік рейтингтің ТОП-10 тізіміне енді
Теннис • Бүгін, 10:50
Көктемгі егін егу және жинау жұмыстарына қанша қаржы бөлінеді?
Шаруашылық • Бүгін, 10:49
АҚШ-тың келесі президенті кім болуы мүмкін?
Әлем • Бүгін, 10:33
152 млн теңге залал: Көкшетауда қазынаға қол салған кәсіпкерлердің мүлкі мемлекетке қайтарылды
Жемқорлық • Бүгін, 10:28
Жоғарғы сот шешімі: Трамп енгізген импорттық тарифтер заңсыз деп танылды
Әлем • Бүгін, 10:10
Теміржол өткелінде электровоз бен жеңіл автокөлік соқтығыса жаздады
Оқиға • Бүгін, 10:03
Газ саласын цифрландыру: QazaqGaz Aimaq қосымшасы қалай жұмыс істейді?
Жасанды интеллект • Бүгін, 09:54
Жанар-жағармай импорты салықтан босатыла ма?
Қоғам • Бүгін, 09:48
Бүгін елімізде қай жолдар жабық тұр?
Ауа райы • Бүгін, 09:40
Рамазан айында пойыздарда алкоголь өнімдері сатылмайды
Қоғам • Бүгін, 09:34
Үкімет Каспийді зерттеуге 1,1 млрд теңге бөлді
Экология • Бүгін, 09:20
Валюта бағамы: Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:10
Құрылыс саласын цифрландыру: Өзекті істің аяқ алысы қалай?
Құрылыс • Бүгін, 09:00
«Біз үшін су дипломатиясы маңызды»
Сұхбат • Бүгін, 08:55
Аймақтар • Бүгін, 08:50