18 Қаңтар, 2011

Алау – Ақтауда!

651 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Елімізде тұңғыш рет өтетін Азиада алауы 15 қаңтар күні түнде Қызылордадан Ақтауға жетті. Қаланың халықаралық әуежайында Алау Кубогын об­лыс басшылары, жұртшы­лық өкілдері салтанатты түрде қуа­на қарсы алды. Маңғыстаулықтар ел тәуел­сіз­дігінің 20 жылдығы аясында өткізілетін VІІ Қысқы Азия ойын­­­дарының Алау эстафетасын қа­былдауға дайындықты ерте бас­та­ды. Әсем Ақтаудың орта­лық алаң­дары мен кәрі Каспий жа­ғалауы достық, бірлік, сала­мат­ты өмір салты мен спортты на­си­хаттайтын көріністерге то­лып, көркемделе түсті. Оны 16 қаң­тар­дағы әсем әуен, ашық ауа, кө­теріңкі көңіл-күй одан әрі көрік­тендіре түсті. Сағат 11.00-де Алау эстафетасы қала­ның қасиетті орындарының бірі са­налатын «Мәң­гілік алау» алдын­да бастал­ды. Ақтау ас­па­нында ән қа­лық­тады. Олар Б.Нәдіров­тің «Ту­ған жер», С.Нұрғо­жаевтың «Маңғыс­тау», Б.Отара­лиеваның «Жаса Қазақ­стан!», Е.Ха­санғалиевтің «Ата­мекені» еді. Сағат 12.00-де облыс әкімінің бірінші орынбасары Аман­­гелді Айтқұлов жиналған­дар­ды ел тари­хындағы ерекше оқиға­мен құт­тық­тады. Ал Алау эстафе­тасы ди­рек­­циясы жетекші­сінің орын­басары Найл Нұров алыстағы Әл-Кувейт­тен жеткен алау кубогын оған салтанатты түрде табыс етті. А.Айтқұлов Азиада алауын Маңғыстауда алғашқы болып алып жүру үшін ҚР-ның еңбек сіңірген спорт шебері, бокстан әлемнің, Азияның, Қазақстанның чемпионы Ердос Жаңабергеновке тапсырды. Алаугерлер шеруі бас­талды. «Мәң­гілік Алау» алдын­да бастау алған шеру 12 шақырымға созылды. Ал Азиада алауын алып жүруге 60 маңғыстаулықтар таң­далды. Олар­дың арасында әлем­нің, Азияның, Қазақстанның чем­пиондары Н.Солодилова, А.Колонтаев, С.Олешко, Т.Кудрявцева, Н.Кулышов, М.Куруглиев, атақты жеңіл атлет КСРО-ға еңбек сіңір­ген спорт шебері Ә.Тұяқов, спорт меценаты, Азия кара­тэ-до ассо­циа­циясының президенті С.Абдуллаев, өнер және мәде­ниет қай­раткерлері Р.Мадреев, Т.Асар, А.Жеменей, т.б. бар. Осындай құрамы бар шерушілер тобы алауды авто­көлік­пен де, атпен де, қол арбамен де, жаяу жүріп те қолдан-қолға тап­сырып, Тәуелсіздік алаңы арқы­лы өткен жылы пайда­ла­нуға беріліп, осы жазда Елбасы жұмы­сы­на оң баға берген «Ақ­тау» сауда-демалыс ке­шеніне екінші кезеңді жалғас­тыр­ды.  Онда ка­ратэ-додан Азия­ның, Қазақ­стан­­ның жастар ара­сын­дағы чем­пионы Х.Халидов алау­ды қол добын отырып ой­нау­дан республика чемпионы А.Шаймар­данов­қа тапсырды. «Ал­ға Қазақстан!», «Бірлігіміз жаса­сын!» деп ұран­датқан шерушілер одан әрі «Мұ­найшы» стадионы арқылы қала­ның ша­ғын аудан­дарын теңіз жа­ғалау­лары арқылы жүріп өтті. Және де сол сәттерде «Азиада-11» атты дүбір­лі додада спорт­шыларымыздың мерейі үстем болып, Тәуелсіз Қазақ елінің көк байрағы жиі-жиі желбірей кө­терілуіне тілектестік ақ ниеттерін арнады. Асқан ұйымшылдықпен зор өрлеу үстінде өткен Алау эста­фетасы қас қарая Астана ала­ңында Ұлы Абай атындағы мәдениет кешені жанында аяқта­лып, мерекелік гала-концертке жалғасты. Жоламан БОШАЛАҚ. Маңғыстау облысы.