Осыдан бірнеше күн бұрын қазақстандық төрт ауыр халдегі адамға донорлық органдарын ауыстыру отасы жасалды. Осы оқиғаға байланысты трансплантолог Талғат Хайдаров пен облыстың бас неврологы Макшарип Мартазанов «Ақмола медиа орталығында» брифинг өткізді. Журналистермен басқосудың Көкшетауда өткізілуінің өзіндік сыры бар еді. Өйткені, жүрек талмасына ұшыраған алпыс жастағы қала тұрғынының етжақын туыстары трансплантацияға рұқсатын берген.
Донорлық органдарды алуға астаналық дәрігерлер бригадасы арнайы келген. Ал, тікелей алмастыру Астана қаласындағы онкология және трансплантация орталығында жүзеге асырылыпты.
Облыстың бас неврологы Макшарип Мартазанов сырқаттың ауруханаға өте ауыр жағдайда жеткізілгенін айтады. Әрі қарай өмір сүруі мүмкін де емес екен. Әйткенмен, оны бар күш-мүмкіндікті жұмылдырып емдеген. Тіпті, ми жұмысы тоқтаған кезде де. Енді бұл жүректің екінші өмірі Алматы қаласы тұрғынының кеудесінде жалғасуда.
Дәл осындай жағдай 2015 жылдың қыркүйек айында орын алып, Көкшетау қаласы тұрғынының жүрегі алмастырылды. Осындай сәтті тағатсыздана тосқан қыз балаға ота Үндістанда жасалған.
Бақберген АМАЛБЕК,
«Егемен Қазақстан».
Ақмола облысы.
Суретте: дәрігер М.Мартазанов.

АҚШ НЛО туралы құпия құжаттарды жариялауы мүмкін
Әлем • Бүгін, 15:24
Нью-Йорк қалың қардың құрсауында қалды
Әлем • Бүгін, 15:13
2 наурыздан бастап «Отбасы банк» үй кезегіндегілерге арналған талаптарды өзгертеді
Қоғам • Бүгін, 15:07
Жазушылар мен өнер иелері жаңа Конституция жобасын қолдады
Ата заң • Бүгін, 14:57
Милан-Кортина Олимпиадасына қатысқан отандастарымыз елге оралды
Қысқы спорт • Бүгін, 14:39
Алматыда халықаралық деңгейдегі тау-шаңғы курорты іске қосылмақ
Олимпиада • Бүгін, 14:32
Оқушылар наурызда 11 күн демалады
Білім • Бүгін, 14:20
Маңғыстау облыстық кітапханасының ұжымы жаңа Конституцияға қолдау білдірді
Аймақтар • Бүгін, 14:03
Шымбұлақ пен Еуразияның әйгілі курорттары Жасыл хартияға қол қойды
Туризм • Бүгін, 13:50
Референдум: Дауыс беру учаскесін қайдан білуге болады?
Референдум • Бүгін, 13:42
Президент Орталық референдум комиссиясының төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 13:30
Өңірлерде су тасқынына қарсы дайындық күшейтілді
Төтенше жағдай • Бүгін, 13:22
Келешек олимпиадаларға дайындық басталды ма? Астанада жаңа шаңғы базасы пайдалануға берілді
Олимпиада • Бүгін, 13:10
Маңғыстаулық мамандар өндіріс алаңдарында жоғары технологиялық операцияларды меңгерді
Экономика • Бүгін, 13:02
Ақтөбе облысының бес ауылы арақтан бас тартты
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:53