Alatau Invest Capital мен Қостанайдағы AllurGroup компаниясы арасында инвестиция тарту және стратегиялық серіктестік жөніндегі меморандумға қол қойылды. Екіжақты меморандум жолаушылар автомобильдері, жеңіл коммерциялық және ауыр жүк машиналары, автобустар өндірісін ілгерілету, Қостанайда жалпы ауданы 400 гектар болатын индустриялық аймақты дамыту, ғылыми-зерттеу және конструкторлық база құру бағыттарына инвестиция тарту мәселелерін қамтиды.
– Біз ең ірі қазақстандық AllurGroup инновациялық компаниясымен Қостанайдың индустриялық аймағы аясында автокөлік өндірісін дамыту үшін бірлесіп жұмыс істейміз. Бұл толық орындалатын міндет. Мысалы, SsangYong Nomad маркалы автомобильдердің отандық бөліктері бүгіннің өзінде шамамен 40 пайызға жетті, коммерциялық модельдерде бұл деңгей 50 пайыз болады. Біз Қазақстанда өндірілетін қосалқы бөлшектердің түрін көбейтпекпіз, демек, біздің елімізде шығарылатын автомобильдердің қазақстандық бөлігін арттырсақ дейміз, – деді Alatau Invest Capital-дың басқарушы серіктесі Қайрат Сатыбалдыұлы.
AllurGroup директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьевтің айтуынша, компания 2018 жылдан бастап Қостанайдағы индустриялық аймақ аясында, соның ішінде экспортқа шығару үшін жылына 40 мың автомобиль құрастыруды жоспарлап отыр.
– 2022 жылға дейін өнім шығарудың ортақ көлемі 700 миллиардтан астам теңгені құрайды, оның ішінде 7 жылдың ішінде тек экспорт көлемі шамамен 418 миллиард теңге болады. Бұл жоспарларды іске асыру үшін 500-ден астам жаңа білікті жұмыс орнын құру қажет болады, ал жергілікті өндіріс деңгейі 50 пайызға жетеді, – деді Андрей Лаврентьев.
Меморандумға қол қою шарасына қатысқан Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов инвестиция тарту жөніндегі меморандум зауыт жұмысына жаңа серпін беретінін айтты.
– Индустрияландыру бағдарламасы бойынша облыста 81 инвестициялық жоба жүзеге асырылады, соның ішінде 4 жоба автомобиль жасау ісіне қатысты. AllurGroup зауыттары тұрақты дамып келеді, олар өндірісті ретке келтіріп, автомобиль жасауды дамытуда инвестиция тартып қана қоймай, бүкіл аймақтың дамуына жағдай жасайды», – деді Архимед Мұхамбетов.
Аталған жобалар Кеден одағы елдерінде ғана емес, халықаралық нарықта Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған.
Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА,
«Егемен Қазақстан».
ҚОСТАНАЙ.
• 06 Сәуір, 2016
Alatau Invest Capital машина құрастыру өндірісін қолдайды

«Таза Қазақстан»: Биыл Алматыда 550 мыңнан астам ағаш отырғызылады
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 12:33
Шөптікөл бөгетіндегі қазіргі ахуал: Сабынды ауылында су тасқыны қаупі жойылды
Төтенше жағдай • Бүгін, 12:17
«Алтын доп» – 2026 жүлдесіне үміткерлердің жаңартылған рейтингі жарияланды
Әлем • Бүгін, 12:05
Азия чемпионаты: Махмұд Сабырхан Моңғолия боксшысына есе жіберді
Бокс • Бүгін, 11:43
Қазақстан халқының орташа өмір сүру ұзақтығы 75 жасқа жетті
Қоғам • Бүгін, 11:28
Алматы облысында әлемдік деңгейдегі кинопавильон салынып жатыр
Алматы • Бүгін, 11:23
АҚШ-та Ақ үй маңында атыс болды
Әлем • Бүгін, 11:15
Ақтауда жер сілкінуі мүмкін бе? ТЖД желіде тараған хабарламаға қатысты жауап берді
Аймақтар • Бүгін, 11:10
Түркістан облысында Сарыағаш айналма жолының құрылысы басталды
Аймақтар • Бүгін, 11:00
Үкімет жаңа Конституцияны түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті
Ата заң • Бүгін, 10:46
Алматыда жұрттың мазасын алған шетел азаматтары елден шығарылды
Алматы • Бүгін, 10:37
WTA рейтингі: Юлия Путинцева бірден 65 сатыға жоғарылады
Теннис • Бүгін, 10:30