2010 жылғы 20 желтоқсан, Астана, Үкімет Үйі Пайдалы қазбалар қорларын мемлекеттік балансқа қосу және оларды мемлекеттік баланстан шығару қағидасы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 16-бабының 39) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Пайдалы қазбалар қорларын мемлекеттік балансқа қосу және оларды мемлекеттік баланстан шығару қағидасы бекітілсін. 2. «Пайдалы қазбалар қорларын мемлекеттік теңгерімге енгізу және оларды мемлекеттік теңгерімнен шығару ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 тамыздағы № 762 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 30, 322-құжат) күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 желтоқсандағы №1374 қаулысымен бекітілген Пайдалы қазбалар қорларын мемлекеттік балансқа қосу және оларды мемлекеттік баланстан шығару қағидасы 1. Жалпы ережелер 1. Осы Пайдалы қазбалар қорларын мемлекеттік балансқа қосу және оларды мемлекеттік баланстан шығару қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 16-бабының 39) тармақшасына сәйкес әзірленді және пайдалы қазбалар қорларын мемлекеттік балансқа қосу және оларды мемлекеттік баланстан шығару тәртібін белгілейді. 2. Жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік балансын жасауды ұйымдастырады және жүргізеді. 2. Мемлекеттік балансқа қосу тәртібі 3. Мемлекеттік балансқа мыналар енгізіледі: уәкілетті орган бекіткен, Қазақстан Республикасының жер қойнауында барланған пайдалы қазбалардың барлық түрлерінің қорлары; бұрынғы КСРО-ның Пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссиясы және пайдалы қазбалар жөніндегі аумақтық комиссиялар бұрын бекіткен пайдалы қазбалардың қорлары; кен орындарын пайдалану кезінде жер қойнауындағы пайдалы қазбаларды өндіру мен олардың шығындарының деректері. 4. Мемлекеттік баланс коммерциялық табулар бойынша пайдалы қазбалардың әрбір түрі қорларының мөлшері, сапасы мен зерттелу дәрежесі туралы, оларды орналастыру туралы, өнеркәсіптік игеру дәрежесі, өндірілуі, шығындары және өнеркәсіптің пайдалы қазбалардың барланған қорларымен қамтамасыз етілуі туралы мәліметтерді қамтуға тиіс. 5. Жер қойнауының мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысы пайдалы қазбалар қорларын мемлекеттік балансқа енгізу үшін негіз болып табылады. Жер қойнауының мемлекеттік сараптамасының нәтижелері хаттамамен ресімделеді, онда пайдалы қазбалар қорларын бекіту туралы, қорларды санаттар бойынша бөлу туралы, қатты пайдалы қазбалардың көлемі мен оларды тәжірибелік пайдалану мерзімі туралы, пайдалы қазбалар мен олардың компоненттерін алудың коэффициенттері туралы, пайдалы қазбалар қорларын есептен шығару туралы, өнеркәсіптік, ғылыми және өзге де мақсаттарда жер қойнауы туралы ақпаратты қолдану мүмкіндігі туралы деректер көрініс табады. 6. Мемлекеттік балансқа енгізілетін пайдалы қазбалар қорлары: алдыңғы жылдың қорлары; есепті жылы жер қойнауынан өндірілген; есепті жылы өндіру үдерісінде шығынға ұшыраған; балансты жасау күніндегі қорлар болып бөлінеді. Кейінгі геологиялық барлау жұмыстары (барлау, қайта бағалау, қорларды есептен шығару, техникалық шекараларды өзгерту) мен пайдалану кезінде пайдалы қазбалардың қорларынан ауытқу қосу және азайту белгісімен қамтылады. 7. Жер қойнауын пайдаланушылар жер қойнауының жай-күйі туралы геологиялық есептілікті уәкілетті органның өңіраралық департаменттеріне (бұдан әрі – ӨД) жыл сайын, есепті тоқсаннан кейінгі жылғы 15 ақпанға дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен арнайы нысандар бойынша ұсынады. 8. ӨД арнайы нысандардың негізінде облыстар бойынша пайдалы қазбалар қорларының балансын жасайды және мемлекеттік балансқа қосу үшін есепті жылдан кейінгі жылғы 1 мамырға дейінгі мерзімде уәкілетті органға ұсынады. 9. Уәкілетті орган жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 1 шілдесіне дейінгі мерзімде ӨД ұсынған пайдалы қазбалар қорларының балансы негізінде пайдалы қазбалардың түрлері бойынша мемлекеттік балансты жасайды. 10. Мемлекеттік баланс индустриялық саясатты реттеу саласындағы уәкілетті орган бекітетін Пайдалы қазбалар қорының мемлекеттік балансын жасау жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жасалады. 3. Мемлекеттік баланстан шығару тәртібі 11. Өндірілген, сондай-ақ өндіру үдерісінде шығынға ұшыраған пайдалы қазбалар қорларын есептен шығару бастапқы есепке алу материалдарына негізделген жер қойнауының жай-күйі туралы жер қойнауын пайдаланушылар ұсынатын Геологиялық есептіліктің арнайы нысандары (бұдан әрі – арнайы нысандар) негізінде оларды толық есептен шығару жолымен жүргізіледі. 12. Одан әрі геологиялық барлау жұмыстарының үдерісінде не санаттардың сенімділік дәрежесінің нормативтік қателіктері шегінде пайдалы қазбалардың баланстық қорларының әр алуан расталмауын жер қойнауын пайдаланушы дербес ресімдейді, ал нормативтік қателіктерден артып кететін минус белгісі бар қорлар расталмаған жағдайда жер қойнауының мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысы болған кезде мемлекеттік балансқа түзетулер енгізуге жол беріледі. 13. Жаңадан белгіленген кондицияларға сәйкес келмеуіне байланысты өнеркәсіптік маңызын жойған, техникалық-экономикалық немесе тау-кен техникалық себептері бойынша жұмыспен өтеуге орынсыз, кейіннен геологиялық барлау жұмыстары мен жұмыспен өтеу кезінде нормативтік қателіктердің расталмауы артып кететін пайдалы қазбалар қорларын есептен шығару жер қойнауының мемлекеттік сараптамасы негізінде жүзеге асырылады. 14. Пайдаланылуы бекітілген кондицияларға сәйкес қазіргі уақытта экономикалық орынсыз немесе техникалық әрі технологиялық жағынан мүмкін емес, бірақ одан әрі баланстыққа ауыстырылуы мүмкін өндіруші кәсіпорындарды жою немесе консервациялау кезінде пайдалы қазбалардың жұмыспен өтелген баланстық қорларын есептен шығару немесе оларды баланстан тыс қорлардың тобына ауыстыру жер қойнауының мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысы негізінде жүзеге асырылады.«AMANAT»-та «Ұлы дала» әдеби байқауы қорытындыланды
Руханият • Кеше
Деректер журналистикасы бойынша оқу курсының таныстырылымы өтті
Аймақтар • Кеше
«Egemen» де, домбыра да сыйлады
Руханият • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев «Жетісу» волейбол клубының жай-күйімен танысты
Президент • Кеше