18 Қаңтар, 2011

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №1395

415 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
2010 жылғы 22 желтоқсан, Астана, Үкімет Үйі Пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік балансы бойынша мемлекеттік органдарға ақпарат беру қағидасын бекіту туралы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 16-бабы 43) тармакшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік балансы бойынша мемлекеттік органдарға ақпарат беру қағидасы бекітілсін. 2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 1) «Пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік теңгерімі жөнінде ақпарат беру, туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 сәуірдегі № 275 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж, №13, 122- құжат); 2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жығы 13 сәуірдегі № 275 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 17 шілдедегі № 604 қаулысы. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан  Республикасының Премьер-Министрі  К.МӘСІМОВ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 22 желтоқсандағы № 1395 қаулысымен бекітілген Пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік балансы бойынша мемлекеттік органдарға ақпарат беру қағидасы 1. Жалпы ережелер 1. Осы Пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік ба­лансы бойынша мемлекеттік органдарга ақпарат беру қағи­дасы (бүдан эрі - Қағида) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының (бұдан әрі – Заң) 16-бабы 43) тармақшасына сәйкес әзірленді, пайдалы қазбалар қор­ла­рының мемлекеттік балансы бойынша ақпаратты дайындау және мемлекеттік органдарға беру тәртібін регламенттейді. 2. Пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік балансы жөнінде ақпарат беру тәртібі 2. Уәкілетті орган жасаған пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік балансы бойынша ақпарат мемлекеттік орган­дарға ресми сұрау салу бойынша осындай сұрау салу түскен сәттен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірмей беріледі: Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің Кеңсе­сіне және экономикалық даму және сауда саласындағы уәкі­летті органға пайдалы қазбалардың барлық түрлері бойынша; мұ­­най және газ саласындағы уәкілетті органға - көмір­сутек шикізаты бойынша; су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бүру саласындағы уәкілетті органға – жерасты сулары бойын­ша. 3. Осы Қағиданың 2-тармағында көрсетілген пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік балансы бойынша ақпарат мемлекеттік органдарға бірыңғай электрондық құжат ай­налымы жүйесі бойынша (БЭҚАЖ) электрондық тасы­малдағыштарда және поштамен қағаз тасымал­дағыштарда жолданады. 4. Осы Қағиданың 2-тармағында көрсетілген пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік балансы бойынша ақпарат мемлекеттік органдарға бір данадан (электрондық және қағаз тасымалдағыштарда) беріледі және көбейтуге жатпайды. 5. Осы Қағиданың 2-тармағында көрсетілген пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік балансы бойынша ақпарат мемлекеттік органдарға осы Қағидаға қосымшаға сәйкес нысан бойынша беріледі. Пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік балансы бойынша мемлекеттік органдарға ақпарат беру қағидасына қосымша Пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік балансы бойынша ақпарат берудің нысаны
р/с № Пайдалы қазбалар Құрамды өлшеу бірлігі Орташа мазмұны Баланстық қорлар Баланстан тыс қорлар Өсу/кему
1 2 3 4 5 6 7