07 Сәуір, 2016

Депутаттық топ құрылды

293 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
В.БожкоПарламент Мәжілісінің вице-спикері В.Божконың төрағалық етуімен Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған Парламент Мәжілісі депутаттарының отырысы болды. Отырыс барысында депутаттар ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық мең­герушісі Ералы Тоғ­жа­нов­тың Парламент Мәжілі­сіндегі Қа­зақстан халқы Ас­сам­блеясының де­­пу­таттық тобының жұмысын жал­ғас­­­тыру туралы бастамасын қол­дады. Өз сөзінде Ассамблея Төр­ағасының орынбасары депу­таттық топ­тың жұмысы – әлемдік парламентаризм тәжірибесінде бұрын-соң­ды болмаған бірегей партия­аралық диалогты құру үл­гісі екендігін атап көр­сетті. Барлық партиялар­дың өкілдері өздерінің саяси сенімдері мен көзқарас­тарына қарамастан, Н.Ә.Назарбаевтың қоғамдық келі­­сім мен жалпыұлттық бір­­лік моделін іске асыру, қазақ­­стандық бірегейлік пен бірлікті нығайту үшін ҚХА депутаттық тобында бірігеді. Отырысқа қатысушылар ұсынған кандидатуралар негізінде депутаттық топтың құрамы бекітіліп, оған Пар­ламент Мәжілісінің 31 депутаты – Қазақстан халқы Ассам­блеясынан 9 депутат, «Нұр Отан» партиясынан 17 депу­тат, Қазақстанның ком­му­нистік халықтық пар­тиясы­нан 3 депутат, «Ақ жол» пар­тиясынан 2 депутат енді. Депутаттық топтың жетекшісі болып Сауытбек Абдрахманов, жетек­шінің орынбасары болып Юрий Ти­мощенко, топ хатшысы болып На­талья Жұмаділдаева сайланды. Отырыстың соңында де­пу­тат­тық топтың ұйым­дас­ты­рушылық мәселелері тал­қыланып, оның қыз­ме­тінің негізгі бағыттары ай­қын­дал­ды, деп хабарлады Пар­ламент Мәжі­лі­сінің баспасөз қызметі.