– Ғ.Мүсірепов ауданында орналасқан Шарық гидроторабы еріген қар суына толып, кемерінен асты. Соның салдарынан маңайындағы елді мекен тұрғындарын көшіру жұмыстары басталды, – деді қарғын судың ауа жайылуынан зардап шеккендердің жайын білмек болып хабарласқанымызда облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бас маманы Евгений Журавлев.
Жергілікті билік орындарының, ішкі істер, төтенше жағдайлар бөлімдерінің жұмыла күш салуының арқасында су қоймасына тақау орналасқан Мәдениет ауылынан – 34, Гавриловка ауылынан 78 адам қауіпсіз жерлерге қоныстандырылыпты.
Қардың күрт еруі салдарынан Аққайың ауданындағы Смирнов кентінің көшелерін су басқан. Басқа тұрғын үйлерге де қауіп туындаған. Астана қалалық өрт сөндіру және апаттық құтқару қызметінің өкілдері су айдауға жіті кіріскен. Шал ақын ауданына қарасты Жаңажол ауылында да күрделі жағдай қалыптасқан. Жылбысқы қармен бітеліп қалған су айдау арналары тазаланып, қауіпті жерлер инертті материалдармен нығыздалған. Су шайып кеткен Доброжанов елді мекенінің 48 тұрғыны басқа жаққа көшіріліп, барлық жағдай жасалған. Су тасқынынан Городецкое елді мекенін аман сақтап қалу мақсатымен 400 метр су арнасы тазаланып, бөгеттер тұрғызылған.
Облыс басшысы Ерік Сұлтанов пен ІІМ ТЖК төрағасының орынбасары Жасұлан Жұмашев қызыл су басқан елді мекендерді әуеден шолып қайтты. Жергілікті тұрғындарды топан судан сақтауға бағытталған құтқару жұмыстарымен танысты. Шағалалы өзенінің арнасына, Үлкен Тораңғұл, Бозарал, Балықты, Сарыкөл көлдеріне, Сергеев су қоймасына, Тайынша, Аққайың Есіл аудандарына бақылау жүргізілді.
Атқарылып жатқан кешенді шараларға қарамастан қауіп әлі сейілер емес. Кешеден бері жауған жаңбыр жағдайды шиеленістіріп жіберген жайы бар.
Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан».
Солтүстік Қазақстан облысы.

Астанада Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровты салтанатты түрде қарсы алды
Елорда • Бүгін, 02:45
Қоғам • Кеше
«Атырау» футбол клубы сатылымға шығарылды
Футбол • Кеше
Мойынқұм ауданында өрт сөндіру бөлімі ашылды
Аймақтар • Кеше
Мобилді операторды ауыстыру тәртібі өзгеретін болды
Қоғам • Кеше
25 ақпанға дейін салықтарды төлеп үлгеріңіз
Салық • Кеше
«Реал» бас бапкерге байланысты шешім қабылдады
Футбол • Кеше