Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Чан Дай Куангті Вьетнам Социалистік Республикасының Президенті лауазымына сайлануымен құттықтады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.
Қазақстан Президенті екі елдің арасындағы ынтымақтастық көптеген салаларда жүйелі түрде нығайып келе жатқанын қанағаттанушылықпен атап өтті.
Мемлекет басшысы Қазақстан мен Вьетнам арасындағы достық пен өзара түсіністік қарым-қатынастарға негізделген тиімді байланыстар екі елдің игілігі үшін қарқынды дами беретініне сенім білдірді.
Нұрсұлтан Назарбаев Чан Дай Куангке мықты денсаулық, қызметіне табыс, ал достас Вьетнам халқына бақ-береке тіледі.