07 Сәуір, 2016

Қазақша сөйлеген «Маугли»

577 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Маугли-2«Джунгли кітабы» негі­зінде түсірілген балалар кино­сының қазақ тіліндегі үлгісі Астана және Алматы қалаларында көр­сетіле бастады. Үлкенді де, кішіні де телеэкранға телміріп қоя­тын туынды – қазіргі заманауи үлгіде түсірілген Disney киностудиясының өні­­мі. Мұнда аңдар­дың қи­мы­лы мен іс әрекеті нағыз өмір­дегідей суреттелген. Филь­м­нің дубля­жі отандық кәсіби Aray Media Group дыбыс жазу студиясында жасалып, Лон­донның Shepperton студиясында өңделді. – Дубляждің режиссері Айжан Жамшитова. Ол осыған дейін «Күлбике», «Малефисента», «Көліктер» сынды ба­лалар фильмдерінің қазақ тілінде шығуына септі­гін тигізген, – деді жоба ұй­ым­­­дастырушылары. Сондай-ақ, дыбыс жазу ісіне оннан астам қазақ­стандық актерлер атсалысты. Басты рөлдегі кейіпкерлердің дауысын Бекболат Құр­манғожаев (Багира), Ислам Зейноллаев (Шер-Хан), Ай­нұр Бермағанбетова (Каа), Ақарыс Өтеуілов (Маугли) оқыды. Айта кетейік, Редьярд Кип­лингтің бұл туындысы ал­ғаш рет 1967 жылы Disney анимациялық филь­­мінде экранға шы­ға­рылған. Шағын әңгі­мелерден құ­рал­ған «Джун­гли кітабы» 1980 жы­­лы жазылып, жұрт­шы­лыққа ұсынылған. Бүгінде «Маугли» филь­мінің қазақ тіліндегі жоба­сына мұрындық болған «Бо­лашақ» ассоциациясы. Төребек ТҰРМАНОВ.