2016 жылғы 31 наурыз, Астана, Үкімет Үйі
«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысына толықтыру енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 наурыздағы №273 қпү қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
3-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1 (қызмет бабында пайдалану үшін)»;
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 наурыздағы №273 қпү қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.