2010 жылғы 27 желтоқсан, Астана, Үкімет Үйі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 желтоқсандағы № 2030 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражатының есебінен өтеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 желтоқсандағы № 2030 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 57, 495-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражаты есебінен өтеу ережесінде:
5-тармақта:
екінші абзацтағы «жан басына шаққандағы норматив» деген сөздер «бастапқы медициналық-санитариялық көмек (жан басына шаққандағы норматив)» деген сөздермен ауыстырылсын;
жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«тариф – стационарлық, стационарды алмастыратын көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында емделген бір жағдайға; жедел медициналық көмек көрсететін ұйымдардағы, санитариялық авиацияны бір шақыру үшін медициналық көмек көрсету құны;»;
мынадай мазмұндағы сегізінші абзацпен толықтырылсын:
«бастапқы медициналық-санитариялық көмек тарифіне қосымша компонент – бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдары көрсететін медициналық көмек сапасының нәтижелерін ескеретін, бастапқы медициналық-санитариялық көмек тарифіне ынталандыратын құрамдас бөлік.»;
бүкіл мәтін бойынша «қаржыландыру» деген сөздің алдынан «шығындарды өтеу бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:
«11-1. Бастапқы медициналық-санитариялық көмек тарифіне қосымша компоненттің шығындарын өтеу біліктілікті арттыруға және сараланған төлемдерді ескере отырып, еңбекті ынталандыруға арналған шығындарды қамтиды және осы Ережеге 1-1-қосымшаға сәйкес айқындалады.»;
12-тармақтағы «облыстардың, республикалық маңызды қаланың және астананың бюджеттерінің» деген сөздер «тиісті бюджеттердің» деген сөздермен ауыстырылсын;
18-тармақта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Коммуналдық және басқа шығыстар денсаулық сақтау ұйымдары үшін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен тарифтер бойынша өтеледі.»;
екінші бөлік алып тасталсын; 19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«19. Пациентті қалпына келтіріп емдеуге және медициналық оңалтуға ауыстыру жағдайларын қоспағанда, медициналық ұйымның ішінде аурулардың бейімі бойынша ауруды бір бөлімшеден басқа бөлімшеге ауыстыру кезінде оны емдеу үшін ақы төлеу бір емделген жағдай ретінде жүзеге асырылады.»;
21 -тармақ алып тасталсын;
осы қаулыға қосымшаға сәйкес 1-1-қосымшамен толықтырылсын;
Денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражаты есебінен өтеу ережесіне 2-қосымшада:
төртінші абзацтағы «облыстардың, республикалық маңызды қаланың және астананың кезекті жоспарлы кезеңге арналған бюджеттерінің» деген сөздер «кезекті жоспарлы кезеңге арналған тиісті бюджеттердің» деген сөздермен ауыстырылсын;
Денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражаты есебінен өтеу ережесіне 5-қосымшада:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Тст = НМШ + ҚМШ»;
мемлекеттік тілдегі мәтіні мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Тст – стационарлық көмек тарифі.»;
екінші абзацтағы «МШ – медициналық» деген сөздер «НМШ – негізгі медициналық» деген сөздермен ауыстырылсын;
сегізінші абзацтағы «МЕШ – медициналық емес» деген сөздер «ҚМШ – қосымша медициналық» деген сөздермен ауыстырылсын;
Денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражаты есебінен өтеу ережесіне 7-қосымшада:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Тк.ст. = НМШ + ҚМШ»;
үшінші абзацтағы «МШ – медициналық» деген сөздер «НМШ – негізгі медициналық» деген сөздермен ауыстырылсын;
cегізінші абзацтағы «МЕШ – медициналық емес» деген сөздер «ҚМШ – қосымша медициналық» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 27 желтоқсандағы № 1425 қаулысына қосымша Денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражаты есебінен өтеу ережесіне 1-1-қосымша
Бастапқы медициналық-санитариялық көмек тарифіне қосымша компонент шығындарын өтеу жөніндегі қаржыландыру көлемін айқындау формуласы
К қк өңір = Бал. құны х ∑ өңілердің БМСК МҰ балы,
мұнда:
К қк өңір – тиісті өңірдің (облыстың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың) кезекті жоспарлы кезеңіне арналған бастапқы медициналық-санитариялық көмек тарифіне қосымша компонентті қаржыландыру көлемі;
∑ өңір БМСК МҰ балы – тиісті өңірдің (облыстың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың) кезекті жоспарлы кезеңіне арналған бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін денсаулық сақтау медициналық ұйымдары баллдарының сомасы;
Бал. құны = ҚР қк қаржыл. К / ∑ ҚР БМСК МҰ балы,
мұнда:
ҚР қк қаржыл. К – республикалық бюджет қаражатынан кезекті жоспарлы кезеңге арналған бастапқы медициналық-санитариялық көмек тарифіне қосымша компонентті қаржыландыру көлемі;
∑ ҚР БМСК МҰ балы – кезекті жоспарлы кезеңге арналған бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін барлық денсаулық сақтау медициналық ұйымдары баллдарының сомасы.