07 Сәуір, 2016

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бұйрығы  №175

423 рет
көрсетілді
25 мин
оқу үшін
2015 жылғы 16 наурыз, Астана қаласы Кәсiби ұйымдарды, сертификаттау жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 11) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Кәсiби ұйымдарды, сертификаттау жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы департаменті (А.Т. Бектұрова) заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi. Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б.СҰЛТАНОВ Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы №175 бұйрығымен бекітілген Кәсiби ұйымдарды, сертификаттау жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. Осы Кәсіби ұйымдарды, сертификаттау жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрi - Заң) сәйкес әзiрлендi және бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк саласындағы қызметті реттеудi жүзеге асыратын орталық мемлекеттік органның (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) бухгалтерлердiң кәсiби ұйымдарын (бұдан әрi - кәсiби ұйымдар) және бухгалтерлердi кәсiби сертификаттау жөнiндегi ұйымдарын (бұдан әрi - сертификаттау жөнiндегi ұйымдар) аккредиттеу жүргізу тәртiбiн белгiлейдi. 2. Аккредиттеу рәсiмiн жүргiзу тәртiбi 2. Кәсiби ұйымдар www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы аккредиттеу жүргізу үшін мынадай құжаттарды: 1) кәсiби ұйымның уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес сұрау салуды; 2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысанын; 3) оқу іс-шараларын өткізу жоспарын көрсете отырып, өз мүшелерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру жүйесiнiң болуын растайтын электрондық құжатты ұсынады. 3. Сертификаттау жөнiндегi ұйымдар аккредиттеуді өткiзу үшiн портал арқылы уәкілетті органға мынадай құжаттарды: 1) сертификаттау жөніндегі ұйымның уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес сұрау салуды; 2) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысанын; 3) осы Қағидаларға 4-қосымшада көрсетілген талаптарға сәйкес келетін «Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есеп», «Салық және салық салу» және «Азаматтық құқық» пәндері бойынша емтихан модульдерін және емтихандар нәтижелерін бағалау тәртібін қамтитын сертификаттау бағдарламалары бойынша электрондық құжат нысанындағы мемлекеттік және орыс тілдеріндегі материалдарды; 4) мыналарды: тест сұрақтарын және ахуалдық есептерді қамтитын емтихандар модульдерінің құрылымын; сертификаттау пәндері бойынша емтихандардың кемінде үш сағат ұзақтығын; кәсіби бухгалтерлерге кандидаттардың (бұдан әрі - кандидат) емтихан жұмыстарын тексеруді жүргізудің емтихан тапсырған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімін; соңғы сертификаттау пәні бойынша оң нәтиже алған күннен бастап күнтізбелік он төрт күннен аспайтын сертификаттарды беру мерзімін; нәтиже бекітілген күннен бастап келесі үш жыл ішінде, «Салық және салық салу» және «Азаматтық құқық» пәндері бойынша нәтиже бекітілген күннен бастап келесі бес жыл ішінде ғана жарамды деп танылатын «Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есеп» пәні бойынша кандидаттың оң нәтиже алуын; кандидаттардың құқықтарын, міндеттерін және жауапкершілігін көрсете отырып, электрондық құжат нысанында кәсіби бухгалтерді сертификаттау жөніндегі емтихандарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы бекітілген ережені; 5) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында емтихан комиссиясы төрағасының, оның мүшелерінің, тәуелсіз бақылаушылардың құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін және оның құрамын көрсете отырып, көрсетілген комиссия туралы бекітілген ережені; 6) электрондық құжат нысанында шағымды және комиссияның (кеңестің) шешімін қарау мерзімін, нысанын белгілей отырып, аппеляциялық комиссияның (кеңестің) құрамын, шағымдарды беру мерзімін және емтихандардың нәтижелері бойынша шағымдарды сотқа дейін қарауды жүргізу тәртібін көрсете отырып, аппеляциялық комиссия (кеңес) туралы бекітілген ережені ұсынады. 4. Аккредиттеуге құжаттарды қабылдағаннан кейін «Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есеп», «Салық және салық салу» және «Азаматтық құқық» пәндері бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде емтихан модульдерін және емтихан нәтижелерін бағалау тәртібін қамтитын сертификаттау бағдарламалары жөніндегі материалдарды салық салу, бухгалтерлік есеп саласындағы уәкілетті органның құрылымдық бөлімшелері қарастырады. 5. Кәсіби ұйымдардың және сертификаттау жөнiндегi ұйымдардың құжаттарын қарау және аккредиттеу туралы куәлік беру, қайта ресімдеу туралы шешім қабылдау мерзімі осы Қағидалардың 2 және 3-тармақтарында көрсетілген құжаттар қабылданған сәттен бастап жиырма бес жұмыс күнінен аспауы тиіс. 6. Кәсіби ұйымдар мынадай: 1) кәсіби ұйымның құрамында кемінде үш жүз кәсіби бухгалтердің болуы; 2) халықаралық іс-тәжірибеге сәйкес келетін ұйымның жарғысына сай бекiтiлген Кәсіби бухгалтерлердің этика кодексiнiң болуы; 3) өз мүшелерінің біліктілігін арттыру жүйесінің болуы талаптарына жауап береді. 7. Сертификаттау жөнiндегi ұйымдар мынадай: 1) оқытуға тәуелсіз емтихан жүйесінің болуы; 2) кәсіби ұйыммен өзара іс-қимыл туралы келісімнің болуы; 3) осы Қағидаларға 4-қосымшада көрсетілген аккредиттеу үшін материалдардың мазмұнына қойылатын талаптардың сақталуы; 4) емтихан жүргізу үшін тиісінше жағдай жасауды қамтамасыз ету талаптарына жауап береді. 8. Кәсiби ұйымды және сертификаттау жөнiндегi ұйымды аккредиттеу туралы куәлiк аккредиттеудi куәландыратын ресми құжат болып табылады, ол Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданылады. Кәсiби ұйымды аккредиттеу туралы куәлік бес жыл мерзімге, сертификаттау жөнiндегi ұйымды аккредиттеу туралы куәлік үш жыл мерзімге беріледі. 9. Кәсіби ұйымдарда мынадай: 1) халықаралық қаржылық есептілік стандарттары; 2) бухгалтерлердің бiлiктiлiгiн арттыру; 3) этика мәселелері; 4) дауларды қарау жөніндегі жұмыс органдары бар болуға тиіс. Кәсіби ұйымдар жарғымен анықталған басқа жұмыс органдары болуға құқылы. Кәсіби ұйымдар Консультативтік органның құрамына кәсіби бухгалтерлік сертификаты бар қызметтік тізімін бере отырып, кемінде бір өкілді ұсынады. 10. Емтихан, апелляциялық комиссиялардың құрамдары өзгерген жағдайда сертификаттау жөнiндегi ұйымдар бұл туралы уәкiлеттi органды Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес он жұмыс күні ішінде жазбаша түрде хабардар етеді. Сертификаттау жөнiндегi ұйымдар өзара іс-қимыл туралы келісім жасасқан кәсіби ұйыммен бірлесіп емтихандар өткізеді. 11. Өз қызметін одан әрі жүзеге асыру мақсатында кәсiби ұйымдар және сертификаттау жөнiндегi ұйымдар қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейін үш ай бұрын осы Қағидаларда көзделген тәртiппен аккредиттеу туралы куәлiктi және басқа құжаттарды уәкiлеттi органға ұсынады. 12. Атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген, қайта ұйымдастырылған жағдайда кәсіби ұйым және сертификаттау жөніндегі ұйым аккредиттеу рәсімінен өтеді. 13. Кәсіби ұйымды немесе сертификаттау жөніндегі ұйымды аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу үшін (заңды мекенжайы өзгерген жағдайда) кәсіби ұйымның немесе сертификаттау жөнiндегi ұйымның уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрату күнтізбелік он бес күн ішінде порталға ұсынылуы қажет. Порталда электрондық сұратуды қабылдау кәсіби ұйымның немесе сертификаттау жөнiндегi ұйымның «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады. Құжаттар кәсiби ұйымның немесе сертификаттау жөнiндегi ұйымның уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-мен куәландырылған құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде ұсынылады. Кәсіби ұйымдарды, сертификаттау жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу қағидаларына 1-қосымша Өтiнiш _______________________________________________________________________________________________ (кәсiби ұйымның, сертификаттау жөнiндегi ұйымның толық атауы) (керегiнiң асты сызылсын), бизнес сәйкестендіру нөмірі), БСН) ______________________________________________________ қызметтi жүзеге асыру үшiн аккредиттеудi (қайта ресімдеуді) сұраймын. Орналасқан жерi: ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ Кәсiби ұйымның, сертификаттау жөнiндегi ұйымның басшысы (керегiнiң асты сызылсын) ___________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты) (болған кезде) Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді қолдануға келісемін 20___ж. «___» _____________ Кәсіби ұйымдарды, сертификаттау жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу қағидаларына 2-қосымша Мәліметтер нысаны Ұйым жарғысына сәйкес бекiтiлген, халықаралық тәжiрибеге сай келетiн Кәсіби бухгалтерлердің Этика кодексi р/с № Күні 1 2 Бухгалтерлердің кәсіби ұйымы құрамының мүшелері __________________________________________________________________________________________________ (бухгалтерлердің кәсіби ұйымының атауы, бизнес-сәйкестендiру нөмiрi көрсетіледі) № 1 кесте Бухгал­тердің ЖСН Бухгал­тердің тегі Бухгал­тердің аты Бухгал­тердің әкесі­нің аты Жұмыс орны (ұйым­ның атауы) Лауа­зымы Почта­лық индексі Ел/ облыс/ аудан/ елді мекен Көше­нің аты Үй нөмірі Пәтердің нөмірі Телефон нөмірі Электрондық мекенжайы Кәсіби бухгалтер сер­тификатының нөмірі Кәсіби бухгалтер сертификатының берілген күні Жұмыс тәжірибесі (Бухгалтерлік есеп немесе аудит саласында кемінде екі жыл жұмыс өтілі) Кәсіби ұйымға кірген күні Мүшелік би­леттің немесе бухгалтер­лер­дің кәсіби ұйымында мүшелігін растайтын құжаттың нөмірі 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 № 2 кесте Бухгал­терлік ұйымның БСН Бухгал­терлік ұйымның атауы Почта­лық индексі Ел/ облыс/аудан/елді мекен Көше­нің аты Үйдің нөмірі Үйдің индексі Пәтердің/ кеңсенің нөмірі Телефон нөмірі Факс нөмірі Кәсіби ұйымға кірген күні Мүшелік билеттің немесе бухгалтерлердің кәсіби ұйымында мүшелігін растайтын құжаттың нөмірі Бухгалтерлік ұйым басшысының атауы Бухгалтерлік ұйым басшысының тегі Бухгалтерлік ұйым басшысының аты Бухгалтерлік ұйым басшысының әкесінің аты 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 Бухгалтерлердің кәсіби ұйымының жұмыс органдарының болуы туралы мәліметтер Бөлімшенің атауы Бөлімше бас­шы­сының лауазымы ЖСН Бөлімше бас­шы­сының тегі Бөлімше бас­шы­сының аты Бөлімше бас­шы­сы әкесінің аты Бөлімше басшы­сының телефоны 1 2 3 4 5 6 7 Өз мүшелерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру жүйесiнiң болуы ия жоқ 1 2 Бухгалтерлердің кәсіби ұйымының басшысы ___________________ ________________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты) (болған кезде) Мөр орны _______________ күні Кәсіби ұйымдарды, сертификаттау жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу қағидаларына 3-қосымша Мәліметтер нысаны Бухгалтерлердiң аккредиттелген кәсiби ұйымымен өзара іс-қимыл туралы келісім* р/с № Күнi Бухгалтерлердің кәсіби ұйымының атауы Жарамды мерзімі (үш жылдан кем емес) 1 2 3 4 Ескертпе: * бірнеше келісімдер жасалған жағдайда барлық мәліметтер ұсынылады Тәуелсіз емтихан жүйесінің құрылымы туралы мәліметтер Бөлiм­шенің атауы Басшы­ның ЖСН Басшы­ның тегі Басшы­ның аты Басшының әкесінің аты Оқытушы ұйымдарға қатысы бар ма Лауазы­мының атауы Байланыс телефоны Электрондық мекенжайы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 Емтихан комиссиясының құрамы* Емтихан комис-сиясының ережесі Емтихан комис­сиясына қатысу­шының ЖСН Емтихан комис­сиясына қатысу­шының тегі Емтихан комис­сиясына қатысу­шының аты Емтихан комис­сиясына қатысу­шының әкесінің аты Емтихан комис­сиясына қатысу­шының негізгі жұмыс орны Емтихан комис­сиясына қатысу­шының лауа­зымы Емтихан комис­сиясына қатысу­шының байланыс телефоны Емтихан комис­сиясына қатысу­шының электрондық мекенжайы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 Кестесінің жалғасы Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі аккредиттелген ұйым жүзеге асыратын кәсіби бухгалтерді сертификаттаудан өтуге жоғары білімі және кемінде соңғы бес жылда бухгалтерлік, экономикалық, қаржылық, аудиторлық, есеп-талдамалық, бақылау-тексеру салаларында немесе жоғары және арнайы орта оқу орындарында бухгалтерлік есеп пен аудит бойынша ғылыми-оқытушылық қызмет саласында жұмыс өтілі заңгерлер үшін (мемлекеттік және орыс тілдерінде): заң сала­сындағы жұмыс өтілі кем дегенде соңғы үш жыл Мамандығы көрсетілген жоғарғы білімі болуын растайтын құжатты кім берді Жоғары білімі болуын растайтын құжатты кім берді Жоғары білімі болуын растайтын құжаттың берілген күні Жоғары білімі болуын растайтын құжаттың нөмірі Кәсіби бухгалтер сертификатын берген ұйымның атауы (болған кезде) Кәсіби бухгалтер сертификаты берілген күн (болған кезде) Кәсіби бухгалтер сертификатының нөмірі (болған кезде) 10 11 12 13 14 15 16 17 Ескертпе: *кемiнде он мүше, оның ішінде кәсіби бухгалтер куәлігі бар кемiнде 5 мүше, заңгер білімі және заң саласында соңғы 3 жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар кемінде 1 мүше. Кәсіби ұйымдарды, сертификаттау жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу қағидаларына 4-қосымша Сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу үшін материалдар мазмұнына қойылатын талаптар 1. Осы талаптар уәкілетті органға сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеуді жүргізу үшін ұсынылатын материалдарға қойылады. 2. «Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есеп», «Салық және салық салу» және «Азаматтық құқық» пәндері бойынша аккредиттеу үшін материалдар мыналардан: 1) Емтихандық модульден; 2) Емтихандардың нәтижелерін бағалау тәртібінен тұрады. 3. «Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есеп», «Салық және салық салу» және «Азаматтық құқық» пәндері бойынша аккредиттеу үшін материалдардың мазмұны: 1) «Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есеп» пәні бойынша тақырыптар тізбесіне; 2) «Салық және салық салу» пәні бойынша тақырыптар тізбесіне; 3) «Азаматтық құқық» пәні бойынша тақырыптар тізбесіне сәйкес келуі тиіс. 4. Көрсетілген пәндер бойынша аккредиттеу үшін материалдар «Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есеп» пәні бойынша көшіріп пайдаланумен (плагиат) оларды ұсыну күніне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келеді, сондай-ақ қолданыстағы өзгерістерді және мемлекеттік және орыс тілдеріне ресми аудармаларды ескере отырып, Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына (бұдан әрі - ХҚЕС) сәйкес келеді. 5. Жекелеген пәндер бойынша емтихандық модуль мыналарды: 1) «Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есеп» пәні бойынша - «Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есеп» пәні бойынша тақырыптар тізбесіне сәйкес кемінде екі жүз тестілік сұрақ жауаптарын және жүз есеп шешулерін, әрбір ХҚЕС бойынша кемінде бір есепті; 2) «Салық және салық салу» пәні бойынша - «Салық және салық салу» пәні бойынша тізбеге сәйкес кемінде үш жүз тестілік сұрақ жауаптарын және кемінде жетпіс есеп шешімдерін; 3) «Азаматтық құқық» пәні бойынша - «Азаматтық құқық» пәні бойынша тізбеге сәйкес кемінде екі жүз қырық тестілік сұрақ жауаптарын және жетпіс есеп шешімдерін қамтиды. 6. Көрсетілген пәндер бойынша тестілік сұрақтар осы талаптарға тиісінше (ХҚЕС (IAS) 26 «Зейнетақы жоспарлары бойынша есеп және есептілік», ХҚЕС (IAS) 29 «Гиперинфляциялық экономикадағы қаржы есептілігі» ерекшелік берілген) барлық тақырыптарды қамтиды. Бұл ретте әрбір тақырып бойынша «Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есеп» пәні бойынша кемінде алты сұрақты және «Салық және салық салу» мен «Азаматтық құқық» пәндері бойынша кемінде он төрт сұрақ бойынша жасалады. Тестілердің жауаптары жалғыз дұрыс жауап болатындай етіп жасалады. Тестілік сұрақтарда «Неғұрлым дұрыс жауапты көрсетіңіз» деген үлгі бойынша тест конструкциясына және тест бойынша жауаптарда «Барлық жауаптар дұрыс» деген үлгі бойынша конструкцияларға жол берілмейді. Тестілерде дұрыс жауапты көрсету талабымен ахуалдық есептерді жазуға жол беріледі. 7. Емтихандардың нәтижелерін бағалау тәртібі: 1) емтихандық билеттерді қалыптастыру қағидасын; 2) емтиханның нәтижелерін бағалау қағидасын; 3) емтихандық жұмыстарды кодтау/кодты алып тастауды қамтиды. Емтихандық билет: 1) тестілік сұрақтарды (кемінде отыз); 2) міндетті есепті (кемінде бір); 3) қосымша есепті (кемінде бір) қамтиды. Емтихан нәтижелерін бағалау қағидасы тестінің дұрыс жауаптары үшін, есептерді шешкені үшін берілетін балдардың мөлшерін, сондай-ақ емтиханды тапсыру үшін жалпы сомалық баллды («өтпелі» баллды) қамтиды, ол жалпы балл санының кемінде елу пайызын құрайды. Бұл ретте, бағалау қағидасында міндетті есептің шешімі болмаса (бірнеше міндетті есептер болған кезде - қайсысы екені көрсетілсін) басқа тапсырмалар бойынша нәтижелерге қарамастан емтиханды тапсырудың қанағатсыз нәтижесі болып табылатынын көрсету қажет. 8. Міндетті есеп есептің мазмұнынан және оларды шешуге арналған тапсырмалардан тұрады. Есептердің мазмұнында қандай кезеңге және қандай өлшем бірліктерінде ақпарат көрсетілгені және қандай нақты ахуал бойынша тапсырма қойылғаны көрсетіледі. Міндетті есеп кемінде 8-10 тапсырмадан құралады, бұл ретте олар бір мезгілде мыналарды қамтиды: 1) «Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есеп» пәні бойынша - шоғырландырылған бухгалтерлік балансты жасау жөніндегі тапсырма, ол «Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есеп» пәні бойынша тақырыптар тізбесіне сәйкес түрлі стандарттар бойынша олардың арифметикалық шешімімен кемінде төрт есепті; 2) «Салық және салық салу» пәні бойынша - салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу бойынша тапсырмалар (кемінде екі түрі) немесе салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің бір түрі бойынша тура тапсырма және «Салық және салық салу» пәні бойынша тақырыптар тізбесіне сәйкес 1-5 және 20-21-тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап беру тапсырмаларын; 3) «Азаматтық құқық» пәні бойынша - «Азаматтық құқық» пәні бойынша тақырыптар тізбесіне сәйкес кемінде он тақырып бойынша тапсырмаларды қамтиды. Міндетті тапсырмалардың санын ұлғайтқан жағдайда тапсырмалардың саны теңбе-тең азайтылады. 9. Аккредиттеу үшін материалдар қателерсіз жазылады, мазмұны дәйекті қисынмен беріледі. 10. Аккредиттеу үшін материалдарды жасау кезіндегі шарттар: көлемі кемінде 200 бет, шрифті Times New Roman, шрифттің көлемі - кемінде 12 бет. 11. Аккредиттеу үшін материалдар жаңартылады және уәкілетті органға мыналар өзгергенде: 1) халықаралық қаржылық есептілік стандарттары уәкілетті органның сайтында ресми орналастырылғаннан кейін уәкілетті органға; 2) Қазақстан Республикасының заңнамасы қолданысқа енгізілген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде тапсырылады. «Халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есеп» пәнi бойынша тақырыптар тiзбесi* 1 1 (IAS) «Қаржылық есептiлiктi ұсыну» 2 2 (IAS) «Қорлар» 3 7 (IAS) «Ақша қаражатының қозғалысы туралы есептер» 4 8 (IAS) «Есеп саясаты, бухгалтерлiк бағалардағы өзгерiстер және қателер» 5 10 (IAS) «Есептi күннен кейiнгi оқиғалар» 6 11 (IAS) «Құрылысқа арналған шарттар» 7 12 (IAS) «Пайдаға салынатын салықтар» 8 16 (IAS) «Негiзгi құралдар» 9 17 (IAS) «Жалдау» 10 18 (IAS) «Түсiм» 11 19 (IAS) «Қызметкерлерге берілетін сыйақы» 12 20 (IAS) «Мемлекеттiк субсидияларды есепке алу және мемлекеттiк көмек туралы ақпаратты жария ету» 13 21 (IAS) «Валюталардың айырбастау бағамдарының өзгерістерінің әсерi» 14 23 (IAS) «Қарыздар бойынша шығындар» 15 24 (IAS) «Байланысқан тараптар туралы ақпаратты жария ету» 16 26 (IAS) «Зейнетақы жоспарлары бойынша есеп пен есептiлiк» 17 27 (IAS) «Жекелеген қаржылық есептiлiк» 18 28 (IAS) «Қауымдасқан және бірлескен кәсiпорындарға салынатын инвестициялар» 19 29 (IAS) «Гиперинфляциялық экономикадағы қаржылық есептiлiк» 20 32 (IAS) «Қаржы құралдары: ақпарат ұсыну» қаржылық есептіліктің халықаралық стандарты 21 33 (IAS) «Акцияға шаққандағы пайда» 22 34 (IAS) «Аралық қаржылық есептiлiк» 23 36 (IAS) «Активтердiң құнсыздануы» 24 37 (IAS) «Бағалау резервтерi, шартты мiндеттемелер мен шартты активтер» 25 38 (IAS) «Материалдық емес активтер» 26 39 (IAS) «Қаржы құралдары: тану және өлшеу» 27 40 (IAS) «Инвестициялық мүлiк» 28 41 (IAS) «Ауыл шаруашылығы» 29 1 (IFRS) «Халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарының бiрiншi қолданылуы» 30 2 (IFRS) «Акцияларға негiзделген төлем» 31 3 (IFRS) «Бизнес бiрлестiктерi» қаржылық есептіліктің халықаралық стандарты 32 4 (IFRS) «Сақтандыру шарттары» 33 5 (IFRS) «Сатуға арналған ұзақ мерзiмдi активтер және тоқтатылған қызмет» 34 6 (IFRS) «Пайдалы қазбалардың қорларын барлау және бағалау» 35 7 (IFRS) «Қаржы құралдары: ақпаратты жария ету» 36 8 (IFRS) «Операциялық сегменттер» 37 9 (IFRS) «Қаржы құралдары» 38 10 (IFRS) «Шоғырландырылған қаржылық есептiлiк» ** 39 11 (IFRS) «Бiрлескен қызмет» ** 40 12 (IFRS) «Басқа кәсіпорындардағы қатысу туралы ақпаратты ашу» 41 13 (IFRS) «Әділ құнның өлшенуі» ** Ескертпе: * осы пән бойынша бiлiм тексеру есеп айырысу және дискуссиялық бөлiктерді қамтитын бес сұрақтан тұратын жазбаша емтихан жолымен жүргiзiледi. Топтың шоғырландырылған қаржылық есептiлiгiн дайындау жөніндегі сұрақ мiндеттi болып табылады. ** қолданысқа енгізілген сәттен бастап. «Салық және салық салу» пәні бойынша тақырыптар тiзбесi 1. Салық және салық салу мәні. Қазақстан Республикасындағы салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер жүйесі. 2. Салықтық қатынастарға қатысушылар. 3. Салықтық міндеттеме. 4. Салықтық есепке алу. 5. Салықтық нысандар. 6. Корпоративтік табыс салығы. 7. Жеке табыс салығы. 8. Халықаралық салық салу ерекшеліктері. 9. Қосылған құн салығы. 10. Акциздер. 11. Экспортқа салынатын рента салығы. Жер қойнауын пайдаланушыларға салынатын салық. 12. Әлеуметтік салық. 13. Көлік құралдарына салынатын салық. 14. Жер салығы. 15. Мүлік салығы. 16. Ойын бизнесіне салынатын салық. Тіркелген салық. 17. Арнайы салық режимдері. 18. Бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер. Алымдар. Мемлекеттік баж. 19. Бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер. Төлемдер. 20. Салықтық әкімшілендіру. 21. Салықтық тексерулер. Әкімшілік жауапкершілік. Тексеру нәтижелеріне шағымдану. «Азаматтық құқық» пәні бойынша тақырыптар тiзбесi 1. Жалпы ережелер. 2. Азаматтық қарым қатынастардың субъектiлерi. 3. Заңды тұлғалардың ұйымдастыру-құқықтық нысандары. 4. Азаматтық құқықтар объектiлерi. 5. Мәмiлелер. 6. Өкiлдiк. Сенiмхат. 7. Азаматтық құқықтағы мерзiмдер . 8. Меншiк құқығы және өзге де заттық құқықтар. 9. Мiндеттемелер. 10. Шарт. 11. Еңбек қатынастарын құқықтық реттеу. 12. Зияткерлiк меншiгi. 13. Банк iсi. 14. Сақтандыру. Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөнiндегi ұйымның басшысы ________________ ___________________ (қолы) (Т.А.Ә.) М.О. ____________________ (күнi) Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 13 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №10703 болып енгізілді.