07 Сәуір, 2016

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің бұйрығы №176

232 рет
көрсетілді
38 мин
оқу үшін
2015 жылғы 14 мамыр,  Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Республикалық және өңірлік спорт федерацияларына аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмiр бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті; 3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген спорт шеберi», «Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегi спорт шеберi», «Қазақстан Республикасының спорт шеберi», «Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген жаттықтырушысы» спорттық атақтарын және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi орта деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты әдiскер, біліктiлiгi орта деңгейдегi жоғары санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты нұсқаушы-спортшы, жоғары санатты ұлттық спорт төрешiсi, ұлттық спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін. 2. «Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі көрсететін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылы 4 наурыздағы № 72 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9230 тіркелген, 2014 жылы 25 қыркүйекте № 187 (28410) «Егемен Қазақстан» газетінде; 2014 жылы 25 қыркүйекте № 187 (27808) «Казахстанская правда» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (Е.Б.Қанағатов) заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын; 3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды; 4) осы тармақпен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді іс-шараларды орындағаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі С.Ж.Мұсайбековке жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі А.МҰХАМЕДИҰЛЫ. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 14 мамырдағы № 176 бұйрығына 1-қосымша «Республикалық және өңірлік спорт федерацияларына аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер 1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 139 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11276 тіркелген «Республикалық және өңірлік спорт федерацияларына аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес (бұдан әрі – стандарт) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініш қабылдау және олардың нәтижелерін беру: Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО); «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. 3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі спорт федерациясын аккредиттeу куәлігі, спорт федерациясын аккредиттеу туралы қайта ресімделген куәлік, спорт федерациясын аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасы (бұдан әрі - аккредиттeу туралы куәлік) болып табылады. Порталда мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ХҚО алу үшін уәкілетті лауазымды адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырған мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің әзірлігі туралы хабардар ету. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы 4. Меммлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз заңды тұлғадан (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) стандарттың 9-тармағында көзделген, ХҚО немесе портал арқылы қабылданған құжаттар болып табылады. 5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындау ұзақтығы: 1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкерінің ХҚО ықпалдастырылған ақпараттық жүйесіндегі мемлекеттік органдардың автоматтандырылған жұмыс орнында (бұдан әрі – ХҚО ЫАЖ МО АЖО) құжаттардың электрондық көшірмелерін құжаттарды тапсырған күні қабылдауы және тіркеуі (егер құжаттар сағат 18:00-ден кейін келіп түскен жағдайда құжаттарды қабылдау келесі жұмыс күні тіркеледі); 2) төрт күнтізбелік күн ішінде жауапты қызметкердің көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын спорт федерацияларын аккредиттеу жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – комиссия) отырысына қарау үшін дайындауды жүзеге асыруы; 3) құжаттар комиссия отырысына келіп түскен кезде құжаттарды қарау және бір күнтізбелік күн ішінде комиссия отырысының хаттамасына қол қою; 4) комиссия отырысы хаттамасының негізінде көрсетілетін қызметті берушінің спорт федерациясын аккредиттеу туралы бұйрықты (бұдан әрі – бұйрық) үш күнтізбелік күн ішінде дайындау, қол қою, тіркеу; 5) көрсетілетін қызметті берушінің бекітілген бұйрығы негізінде бір күнтізбелік күн ішінде аккредиттeу туралы куәлікті дайындау, қол қою. 6) бір күнтізбелік күн ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының аккредиттeу туралы куәлікті көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы кейіннен сұратуды ХҚО-ға жіберу үшін жолдауы және ХҚО ЫАЖ МО АЖО-ға сұратуды жолдауы. Өтініш дұрыс рәсімделген және жинақталған жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі құжаттар топтамасын ХҚО-ға тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезден есептеледі: спорт федерациясын аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу және (немесе) телнұсқасы беру – 5 (бес) күнтізбелік күн. 6. Мынадай рәсімдерді (іс-қимылды) орындауды бастауға негіздеме болатын мемлекеттік қызмет көрсету рәсімдерінің (іс-қимылдың) нәтижелері: 1) тіркелген өтініш; 2) стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасы; 3) комиссия отырысының қол қойылған хаттамасы; 4) бекітілген бұйрық; 5) қол қойылған аккредиттеу туралы куәлік; 6) өтініштің шығыс нөмірі. 3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы 7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі: 1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы; 2) комиссия мүшелері; 3) басқарма басшысы, көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы; 4) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі. 8. Әрбір рәсімдердің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер қызметкерлері арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдың) реттілігін сипаттау: 1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкерінің ХҚО ЫАЖ МО АЖО құжаттардың электрондық көшірмелерін құжаттарды тапсырған күні қабылдауы және тіркеуі (егер құжаттар сағат 18:00-ден кейін келіп түскен жағдайда құжаттарды қабылдау келесі жұмыс күні тіркеледі); 2) төрт күнтізбелік күн ішінде жауапты қызметкер көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын комиссия мүшелеріне қарау үшін дайындауды жүзеге асыру; 3) бір күнтізбелік күн ішінде комиссия мүшелері көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарау және комиссия отырысының хаттамасына қол қою; 4) екі күнтізбелік күн ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері бұйрық жобасын дайындап, басқарма басшысына және көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына қол қоюға беріледі; 5) бір күнтізбелік күн ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері бұйрықты тіркейді; 6) бір күнтізбелік күн ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері аккредиттеу туралы куәлікті толтырып, көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына қол қойдыруға жолдайды; 7) бір күнтізбелік күн ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының аккредиттeу туралы куәлікті көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы кейіннен сұратуды ХҚО-ға жіберу үшін жолдауы және ХҚО ЫАЖ МО АЖО-ға сұратуды жолдауы. 4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау 9. ХҚО-на жүгіну тәртібінің сипаттамасы, көрсетілетін қызметті алушының сұратуын өңдеу ұзақтығы: 1) көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ХҚО-ға жүгінеді және қабылдау «электрондық кезек» тәртібімен жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады. Қажеттілігіне байланысты портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының электрондық кезекті «броньдауына» болады. 2) ХҚО қызметкері 15 минут ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтініштерін тіркеуді жүргізеді және құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде көрсетілетін қызметті берушіге ХҚО қызметкерінің ЭЦҚ куәландырылған ХҚО ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ХҚО ЫАЖ) арқылы жолдайды. Өтініштің қабылданғанын растау тізілімдеме болып табылады, оның көшірмесі көрсетілген органның құжатты қабылдаған күні және жоспарланған нәтижені беру күні туралы белгі қоя отырып, көрсетілетін қызметті алушыға беріледі; Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, ХҚО қызметкері өтініш қабылдаудан бас тартады; 10. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ХҚО арқылы алу процесінің сипаттамасы, оның ұзақтығы: 1) мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін алу үшін көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген кезде өзіне берілген құжаттардың тізілімдемесімен ХҚО-ға өтініш жасайды; 2) ХҚО қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға аккредиттеу туралы куәлікті береді, мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін алудың ұзақтығы – 15 минут. 11. Жүгіну тәртібін және портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының рәсімдерінің (іс-қимылдарының) реттілігін сипаттау осы регламентке 1 - қосымшаға сәйкес диаграмма: 1) көрсетілетін қызметті алушы жеке сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі - ЖСН) және сондай-ақ парольдің (порталда тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады) көмегімен порталға тіркеледі; 2) 1-процесс – көрсетілетін қызметті алу үшін порталда көрсетілетін қызметті алушының ЖСН және паролін (авторизациялау үдерісі) енгізу процесі; 3) 1-шарт – порталда ЖСН және пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы мәліметтерінің түпнұсқалығын тексеру; 4) 2-процесс - көрсетілетін қызметті алушының мәліметтерінде бұзушылықтардың болуына байланысты авторизациялаудан дәлелді бас тарту туралы порталда хабарламаның қалыптасуы; 5) 3-процесс – көрсетілетін қызметті алушының осы регламентте көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдауы, мемлекеттік қызметті көрсету үшін экранға сұрату нысанын шығару және нысанды (мәліметтерді енгізу) және олардың құрылымы мен пішінді талаптарын есепке ала отырып, көрсетілетін қызметті алушының нысанды (мәліметтерді енгізу) толтыруы, қажетті құжаттардың көшірмелерін электрондық түрде сұрату нысанына бекіту, сондай-ақ сұратуды куәландыру (қол қою) үшін көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы; 6) 2-шарт – порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және қайтарып алынған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде болмауын, сондай-ақ сәйкестендіру мәліметтерінің (сұратуға көрсетілген ЖСН және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН арасындағы) сәйкестігін тексеру; 7) 4-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұратылып отырған мемлекеттік көрсетілетін қызметтен дәлелді бас тарту туралы хабарламаның қалыптасуы; 8) 5-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің сұратуын өңдеу үшін электронды үкімет шлюзы (бұдан әрі - ЭҮШ) арқылы көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжаттар топтамасын (көрсетілетін қызметті алушының сұратуын) ХҚО ЫАЖ МО АЖО -на жолдауы; 9) 6-процесс – осы регламенттің 5-тармағының 2)-5) тармақшаларында көзделген рәсімдерді (іс-қимылдарды) жүзеге асыру; 10) 7-процесс – күнін, уақытын және ХҚО орнын көрсете отырып, порталда қалыптастырылған қызмет нәтижесін (тізімдемесін) алу. 12. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдары рәсімдері (іс-қимылдарының) ретіттілігінің толық сипаттамасы, сондай-ақ өзге көрсетілген қызметті берушілермен және (немесе) халыққа қызмет көрсету орталықтарымен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы осы регламентке 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы «электрондық үкімет» веб-порталында, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады. «Республикалық және өңірлік спорт федерацияларына аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы «Республикалық және өңірлік спорт федерацияларына аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша «Республикалық және өңірлік спорт федерацияларына аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы *ҚФБ - құрылымдық-функционалдық бірлік: көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің), халыққа қызмет көрсету орталықтарының, «электрондық үкімет» веб-порталының өзара іс-қимылдары; Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 14 мамырдағы № 176 бұйрығына 2-қосымша «Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмiр бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер 1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 139 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11276 тіркелген «Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмiр бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес (бұдан әрі – стандарт) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініш қабылдау және олардың нәтижелерін беру: Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО); «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. 3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу туралы хабардар ету (бұдан әрі – хабарландыру) болып табылады. Порталда мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ХҚО алу үшін уәкілетті лауазымды адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырған мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің әзірлігі туралы хабардар ету. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы 4. Меммлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз, заңды тұлғадан (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) стандарттың 9-тармағында көзделген, ХҚО немесе портал арқылы қабылданған құжаттар болып табылады. 5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындау ұзақтығы: 1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкерінің ХҚО ықпалдастырылған ақпараттық жүйесіндегі мемлекеттік органдардың автоматтандырылған жұмыс орнында (бұдан әрі – ХҚО ЫАЖ МО АЖО) құжаттардың электрондық көшірмелерін құжаттарды тапсырған күні қабылдауы және тіркеуі (егер құжаттар сағат 18:00-ден кейін келіп түскен жағдайда құжаттарды қабылдау келесі жұмыс күні тіркеледі); 2) он бір күнтізбелік күн ішінде жауапты қызметкер, басқарма басшысы, көрсетілетін қызметті берушінің басшылығымен құжаттарды дайындау және оларды қарастыруды жүзеге асыру; 3) үш жұмыс күн ішінде хабарландыруды дайындау және қол қою; 4) бір жұмыс күн ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының хабарландыруды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы кейіннен сұратуды ХҚО-ға жіберу үшін жолдауы және ХҚО ЫАЖ МО АЖО-ға сұратуды жолдауы. 6. Мынадай рәсімдерді (іс-қимылды) орындауды бастауға негіздеме болатын мемлекеттік қызмет көрсету рәсіміндерінің (іс-қимылдың) нәтижелері: 1) тіркелген өтініш; 3) хабарландыру; 2) стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасы; 4) өтініштің шығыс нөмірі. 3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы 7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі: 1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы; 2) басқарма басшысы, көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы; 4) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі. 8. Әрбір рәсімдердің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер қызметкерлері арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдың) реттілігін сипаттау: 1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкерінің ХҚО ЫАЖ МО АЖО құжаттардың электрондық көшірмелерін құжаттарды тапсырған күні қабылдауы және тіркеуі (егер құжаттар сағат 18:00-ден кейін келіп түскен жағдайда құжаттарды қабылдау келесі жұмыс күні тіркеледі); 2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері он күнтізбелік күн ішінде құжаттарды қарастыруы және хабарландыруды дайындауы; 3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері бір жұмыс күн ішінде басқарма басшысына және көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына қарастыруға жолдайды; 4) басқарма басшысы және көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы үш жұмыс күн ішінде құжаттарды қарастыруы және хабарландыруға қол қою; 5) бір жұмыс күн ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының хабарландыруды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы кейіннен сұратуды ХҚО-ға жіберу үшін жолдауы және ХҚО ЫАЖ МО АЖО-ға сұратуды жолдауы. 4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау 9. ХҚО-на жүгіну тәртібінің сипаттамасы, көрсетілетін қызметті алушының сұратуын өңдеу ұзақтығы: 1) көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ХҚО-ға жүгінеді және қабылдау «электрондық кезек» тәртібімен жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады. Қажеттілігіне байланысты портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының электрондық кезекті «броньдауына» болады. 2) ХҚО қызметкері 15 минут ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтініштерін тіркеуді жүргізеді және құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде көрсетілетін қызметті берушіге ХҚО қызметкерінің ЭЦҚ куәландырылған ХҚО ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ХҚО ЫАЖ) арқылы жолдайды. Өтініштің қабылданғанын растау тізілімдеме болып табылады, оның көшірмесі көрсетілген органның құжатты қабылдаған күні және жоспарланған нәтижені беру күні туралы белгі қоя отырып, көрсетілетін қызметті алушыға беріледі; Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, ХҚО қызметкері өтініш қабылдаудан бас тартады; 10. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ХҚО арқылы алу процесінің сипаттамасы, оның ұзақтығы: 1) мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін алу үшін көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген кезде өзіне берілген құжаттардың тізілімдемесімен ХҚО-ға өтініш жасайды; 2) ХҚО қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға хабарландыру береді, мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін алудың ұзақтығы – 15 минут. 11. Жүгіну тәртібін және портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының рәсімдерінің (іс-қимылдарының) реттілігін сипаттау осы регламентке 1 - қосымшаға сәйкес диаграмма: 1) көрсетілетін қызметті алушы жеке сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі - ЖСН) және сондай-ақ парольдің (порталда тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады) көмегімен порталға тіркеледі; 2) 1-процесс – көрсетілетін қызметті алу үшін порталда көрсетілетін қызметті алушының ЖСН және паролін (авторизациялау үдерісі) енгізу процесі; 3) 1-шарт – порталда ЖСН және пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы мәліметтерінің түпнұсқалығын тексеру; 4) 2-процесс - көрсетілетін қызметті алушының мәліметтерінде бұзушылықтардың болуына байланысты авторизациялаудан дәлелді бас тарту туралы порталда хабарламаның қалыптасуы; 5) 3-процесс – көрсетілетін қызметті алушының осы регламентте көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдауы, мемлекеттік қызметті көрсету үшін экранға сұрату нысанын шығару және нысанды (мәліметтерді енгізу) және олардың құрылымы мен пішінді талаптарын есепке ала отырып, көрсетілетін қызметті алушының нысанды (мәліметтерді енгізу) толтыруы, қажетті құжаттардың көшірмелерін электрондық түрде сұрату нысанына бекіту, сондай-ақ сұратуды куәландыру (қол қою) үшін көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы; 6) 2-шарт – порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және қайтарып алынған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде болмауын, сондай-ақ сәйкестендіру мәліметтерінің (сұратуға көрсетілген ЖСН және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН арасындағы) сәйкестігін тексеру; 7) 4-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұратылып отырған мемлекеттік көрсетілетін қызметтен дәлелді бас тарту туралы хабарламаның қалыптасуы; 8) 5-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің сұратуын өңдеу үшін электронды үкімет шлюзы (бұдан әрі - ЭҮШ) арқылы көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжаттар топтамасын (көрсетілетін қызметті алушының сұратуын) ХҚО ЫАЖ МО АЖО-на жолдауы; 9) 6-процесс – осы регламенттің 5 тармағының 2)-4) тармақшаларында көзделген рәсімдерді (іс-қимылдарды) жүзеге асыру; 10) 7-процесс – күнін, уақытын және ХҚО орнын көрсете отырып, порталда қалыптастырылған қызмет нәтижесін (тізімдемесін) алу. 12. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының рәсімдері (іс-қимылдар) реттілігінің толық сипаттамасы, сондай-ақ өзге көрсетілген қызметті берушілермен және (немесе) халыққа қызмет көрсету орталықтарымен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы осы регламентке 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы «электрондық үкімет» веб-порталында, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады. «Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмiр бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы «Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмiр бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша «Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмiр бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу» мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы *ҚФБ - құрылымдық-функционалдық бірлік: көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің), халыққа қызмет көрсету орталықтарының, «электрондық үкімет» веб-порталының өзара іс-қимылдары; Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 14 мамырдағы № 176 бұйрығына 3-қосымша «Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген спорт шеберi», «Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегi спорт шеберi», «Қазақстан Республикасының спорт шеберi», «Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген жаттықтырушысы» спорттық атақтарын және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi орта деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты әдiскер, біліктiлiгi орта деңгейдегi жоғары санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты нұсқаушы-спортшы, жоғары санатты ұлттық спорт төрешiсi, ұлттық спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер 1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 139 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11276 тіркелген «Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген спорт шеберi», «Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегi спорт шеберi», «Қазақстан Республикасының спорт шеберi», «Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген жаттықтырушысы» спорттық атақтарын және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi орта деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты әдiскер, біліктiлiгi орта деңгейдегi жоғары санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты нұсқаушы-спортшы, жоғары санатты ұлттық спорт төрешiсi, ұлттық спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес (бұдан әрі – стандарт) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініш қабылдау және олардың нәтижелерін беру: Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО); «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. 3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі – спорттық атақ беру туралы куәлік, жаттықтырушыларға, әдіскерлерге, нұсқаушы-спортшыларға санаттар беру туралы куәлік, спорттан төреші санатын беру туралы куәлік немесе құрметті және (немесе) спорттық атақ, санаттар беру туралы бұйрықтың көшірмесі (бұдын әрі - куәлік және (немесе) бұйрықтың көшірмесі) болып табылады Порталда мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ХҚО алу үшін уәкілетті лауазымды адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырған мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің әзірлігі туралы хабардар ету. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы 4. Меммлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз заңды тұлғадан (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) стандарттың 9-тармағында көзделген, ХҚО немесе портал арқылы қабылданған құжаттар болып табылады. 5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындау ұзақтығы: 1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкерінің ХҚО ықпалдастырылған ақпараттық жүйесіндегі мемлекеттік органдардың автоматтандырылған жұмыс орнында (бұдан әрі – ХҚО ЫАЖ МО АЖО) құжаттардың электрондық көшірмелерін құжаттарды тапсырған күні қабылдау және тіркеуі (егер құжаттар сағат 18:00-ден кейін келіп түскен жағдайда құжаттарды қабылдау келесі жұмыс күні тіркеледі); 2) құжаттарды тіркеген соң он төрт күнтізбелік күн ішінде жауапты қызметкер көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын спорттық атақтарды және біліктілік санаттарды беру жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – комиссия) отырысына қарау үшін дайындауды жүзеге асыру; 3) құжаттар комиссия отырысына келіп түскен кезде, құжаттарды қарау және бір жұмыс күн ішінде комиссия отырысының хаттамасына қол қою; 4) комиссия отырысы хаттамасының негізінде көрсетілетін қызметті берушінің спорттық атақтар және біліктілік санаттарын беру жөніндегі бұйрығын (бұдан әрі – бұйрық) үш жұмыс күні ішінде дайындау, қол қою, тіркеу; 5) бекітілген бұйрық негізінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы күнтізбелік бес күн ішінде баспахана арқылы спорттық атақтар және біліктілік санаттарына куәліктерді дайындауы; 6) бір жұмыс күн ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы куәлікті және (немесе) бұйрықтың көшірмесін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы кейіннен сұратуды ХҚО-ға жіберу үшін жолдауы және ХҚО ЫАЖ МО АЖО-ға сұратуды жолдауы. 6. Мынадай рәсімдерді (іс-қимылды) орындауды бастауға негіздеме болатын мемлекеттік қызмет көрсету рәсіміндерінің (іс-қимылдың) нәтижелері: 1) тіркелген өтініш; 4) бекітілген бұйрық; 2) стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасы; 5) дайын куәлік және (немесе) бұйрықтың көшірмесі; 3) комиссия отырысының қол қойылған хаттамасы; 6) өтініштің шығыс нөмірі. 3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы 7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі: 1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы; 2) комиссия мүшелері; 3) басқарма басшысы, көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы; 4) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі. 8. Әрбір рәсімдердің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер қызметкерлері арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдың) реттілігін сипаттау: 1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкерінің ХҚО ЫАЖ МО АЖО құжаттардың электрондық көшірмелерін құжаттарды тапсырған күні қабылдауы және тіркеуі (егер құжаттар сағат 18:00-ден кейін келіп түскен жағдайда құжаттарды қабылдау келесі жұмыс күні тіркеледі); 2) он төрт күнтізбелік күн ішінде жауапты қызметкер көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын комиссия мүшелеріне қарау үшін дайындауды жүзеге асыруы; 3) бір жұмыс күн ішінде комиссия мүшелері көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарауы және комиссия отырысының хаттамасына қол қоюы; 4) екі жұмыс күн ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері бұйрық жобасын дайындап, басқарма басшысына және көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына қол қоюға беруі; 5) бір жұмыс күн ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері бұйрықты тіркеуі; 6) бекітілген бұйрық негізінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы күнтізбелік бес күн ішінде баспахана арқылы спорттық атақтар және біліктілік санаттарына куәліктерді дайындауы; 7) бір жұмыс күн ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы куәлікті және (немесе) бұйрықтың көшірмесін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы кейіннен сұратуды ХҚО-ға жіберу үшін жолдауы және ХҚО ЫАЖ МО АЖО-ға сұратуды жолдауы тиіс. 4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау 9. ХҚО-на жүгіну тәртібінің сипаттамасы, көрсетілетін қызметті алушының сұратуын өңдеу ұзақтығы: 1) көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ХҚО-ға жүгінеді және қабылдау «электрондық кезек» тәртібімен жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады. Қажеттілігіне байланысты портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының электрондық кезекті «броньдауына» болады. 2) ХҚО қызметкері 15 минут ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтініштерін тіркеуді жүргізеді және құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде көрсетілетін қызметті берушіге ХҚО қызметкерінің ЭЦҚ куәландырылған ХҚО ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ХҚО ЫАЖ) арқылы жолдайды. Өтініштің қабылданғанын растау тізілімдеме болып табылады, оның көшірмесі көрсетілген органның құжатты қабылдаған күні және жоспарланған нәтижені беру күні туралы белгі қоя отырып, көрсетілетін қызметті алушыға беріледі; Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, ХҚО қызметкері өтініш қабылдаудан бас тартады; 10. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ХҚО арқылы алу процесінің сипаттамасы, оның ұзақтығы: 1) мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін алу үшін көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген кезде өзіне берілген құжаттардың тізілімдемесімен ХҚО-ға өтініш жасайды; 2) ХҚО қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға куәлікті және (немесе) бұйрықтың көшірмесін береді, мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін алудың ұзақтығы – 15 минут. 11. Жүгіну тәртібін және портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының рәсімдерінің (іс-қимылдарының) реттілігін сипаттау осы регламентке 1 - қосымшаға сәйкес диаграмма: 1) көрсетілетін қызметті алушы жеке сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі - ЖСН) және сондай-ақ парольдің (порталда тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады) көмегімен порталға тіркеледі; 2) 1-процесс – көрсетілетін қызметті алу үшін порталда көрсетілетін қызметті алушының ЖСН және паролін (авторизациялау үдерісі) енгізу процесі; 3) 1-шарт – порталда ЖСН және пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы мәліметтерінің түпнұсқалығын тексеру; 4) 2-процесс - көрсетілетін қызметті алушының мәліметтерінде бұзушылықтардың болуына байланысты авторизациялаудан дәлелді бас тарту туралы порталда хабарламаның қалыптасуы; 5) 3-процесс – көрсетілетін қызметті алушының осы регламентте көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдауы, мемлекеттік қызметті көрсету үшін экранға сұрату нысанын шығару және нысанды (мәліметтерді енгізу) және олардың құрылымы мен пішінді талаптарын есепке ала отырып, көрсетілетін қызметті алушының нысанды (мәліметтерді енгізу) толтыруы, қажетті құжаттардың көшір