ПЕТРОПАВЛ. 7 сәуір. Облыстық әкімдікте аймақ басшысы Ерік Сұлтановтың басшылығымен жедел штабтың кезекті отырысы болып өтті. Онда тұрғын үйлерді су басу бойынша ағымдағы жағдай, тасқынға қарсы іс-шаралар барысы және зардап шеккен отбасыларға шығынды өтеу мәселелері қаралды. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Бүгінде облыс аудандарында ондаған елді мекендерді қарғын су басып, 6 ауылдың тұрғындары қауіпсіз жерлерге шығарылған. Донецкое ауылында өлген малдың құнын бағалау бойынша комиссия өз жұмысын аяқтады. Тасқын судан зардап шеккен 12 үй-жайдың иелерінің есептік шоттарына ақшалай өтемақы аударылатын болды.Тұрғын үйлер, құрылыстар мен жолдарға келтірілген материалдық шығындар есептелуде.
Аймақта төтенше жағдайлар салдарларын жою үшін 300 милллион теңге қарастырылған. Қажеттілік туындаған жағдайда Үкіметі қорынан қосымша ақшалай қаражат бөлінетін болады. Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайларжөніндегі комитеттің қосымша күштері, оның ішінде жеке құрамның 123 адамы, 25 техникасы көмек беруде.
Тұтастай алғанда, құтқару жұмыстарына жеке құрылымдардан 700 адам, 196 техника бірлігі, 10 жүзу құралдары, 33 мотопомпа жұмылдырылған.
Десек те, тасқын қаупі сейілер емес. Тайынша ауданда төтенше жағдай жарияланып, Красная Поляна ауылында-21, Келлеровкада- 20, Доброжановкада- 24 үйді су шайғаны белгілі болды.
Өмір Есқали.
Дерек, фото: Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
• 07 Сәуір, 2016
Солтүстік Қазақстанда тасқын су қаупі сейілер емес

Астанада Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровты салтанатты түрде қарсы алды
Елорда • Бүгін, 02:45
Қоғам • Кеше
«Атырау» футбол клубы сатылымға шығарылды
Футбол • Кеше
Мойынқұм ауданында өрт сөндіру бөлімі ашылды
Аймақтар • Кеше
Мобилді операторды ауыстыру тәртібі өзгеретін болды
Қоғам • Кеше
25 ақпанға дейін салықтарды төлеп үлгеріңіз
Салық • Кеше
«Реал» бас бапкерге байланысты шешім қабылдады
Футбол • Кеше