07 Сәуір, 2016

Оңтүстікте энергия қажеттілігі 20 пайызға азаяды

280 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
???????????????????????????????????? ШЫМКЕНТ. 7 сәуір. Оңтүстік Қазақстан облысында энергия қажеттілігі 20 пайызға азаяды. Бұл туралы облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының ақпары бойынша egemen.kz тілшісі хабарлады. «Елбасы ұсынған 100 нақты қадамда энергетика саласы бойынша да бірқатар міндеттер айтылған болатын. Ал, аталған қадамдарды іске асыру бойынша жауапты орындаушылар – болып Энергетика Министрлігі, «КЕГОК» акционерлік қоғамы және Ұлттық кәсіпкерлер палатасы» делінген басқарманың хабарламасында. Қазіргі кезде облыста тұтынылатын электр қуатының 60 пайыздан астамы еліміздің солтүстік аймақтарынан және Жамбыл МАЭС-нан тасымалдануда. Осы қажеттілікті біршама азайту мақсатында басқарма Энергетика министрлігімен бірлесе бірқатар жұмыстарды жүргізуде. Мәселен, 2009-2017 жылдары «Шардара СЭС» АҚ-ның қуатын 100 МВт-тан 126 МВт-қа ұлғайтылса, 2017-2018 жылдары «3-Энергоорталық» АҚ-на орнатылған қуатын 160 МВт-тан 210 МВт-қа көбейтілмек. Осы жұмыстар іске асырылған жағдайда, 2019 жылдан бастап, облысқа тасымалданатын электр энергия көлемін 20 пайызға азайту көзделуде. Бақтияр Тайжан. Дерек, фото: egemen.kz