08 Сәуір, 2016

Ақтөбеге қазақ ұшқыш -ғарышкері Айдын Айымбетов келді

668 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
???????????????????????????????????? АҚТӨБЕ. 8 сәуір. Облысқа екі күндік сапармен келген Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы Айдын Айымбетов Талғат Бигельдинов атындағы әуе қарулы күштері әскери институтында, физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде болып, оқып жатқан жастармен бірнеше кездесу ұйымдастырды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Сонымен бірге ұшқыш -ғарышкер Алға ауданының жастарымен де кездесті. Назарбаев зияткерлік мектебінде құрметті қонаққа оқу бөлмелеріне экскурсия ұйымдастырылды, оны шығармашылық және ғылыми-зерттеу жұмыстар көрмесімен таныстырды. Ұшқыш-ғарышкерді сегізінші сынып оқушысы Ләззат Данаева әзірлеген электромагнитті толқынның көмегімен ғарыш аппараттарын ұшыру жөніндегі жобалар қызықтырды. Мектеп оқушысының айтуынша, мұндай технологиялардың болашағы зор, электромагнитті толқындарға қатысты жобалар экономикалық тұрғыдан ғана тиімді емес, сонымен қатар экологиялық жағынан қауіпсіз. Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушыларының ғылыми жобаларымен танысқан Айдын Айымбетов олардың білімі мен оқуға деген құлшынысына ризашылығын білдірді. Назарбаев зияткерлік мектебінен кейін  Айдын Айымбетов адам баласының ғарышты бағындыруына 55 жыл толуына орай ұйымдастырылған Ғарыш апталығының ашылу салтанатына қатысты. Шара Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрында өтті. Сатыбалды Сәуірбай. Дерек: egemen.kz Сурет: Хайреден Раушанов. ????????????????????????????????????