05 Сәуір, 2016

Орал қаласының орталығында автомобиль отқа оранды

284 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
06-04-2016-oral 02ОРАЛ. 5 сәуір. Бүгін Батыс Қазақстан облысының орталығы – Орал қаласында Volkswagen Passat B4 маркілі автомобиль өртеніп кетті. Бұл туралы zhaikpress.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Келеңсіз оқиға Сарайшық көшесіндегі №11 мектеп аялдамасы маңында болды. Өрт сөндірушінің айтуынша, иесі көлігін жол жиегіне қойып, өзі басқа жақта жүрген кезде өрт шыққан. Оқиға орнына тез жеткен өрт сөндірушілер арнайы көбік арқылы өртті сөндіргенімен, көліктің іші қас-қағым сәтте толық жанып кетті. Салдарынан аталған көшеде көлік кептелісі тіркеліп, әкімшілік полиция қызметкерлері жол қозғалысын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге мәжбүр болды. Әзірге өрттің шығу себебі белгісіз. Қазіргі таңда оны анықтау үшін тиісті шаралар қолға алынды. Темір Құсайын. Дерек: zhaikpress.kz. Фото: mgorod.kz. 06-04-2016-oral 03