09 Сәуір, 2016

Жоғары мәртебе

282 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

БҰҰ Бас АссамблеясыЕлбасының «Әлем. XXI ғасыр» манифесі БҰҰ Бас Ассамблеясы мен Қауіпсіздік Кеңесінің ресми құжаты мәртебесін алды

АСТАНА. ҚазАқпарат – 2016 жылғы 31 наурыз - 1 сәуір аралығында Ва­шингтон қаласында өткен IV Ядролық қауіпсіздік саммиті жұмысына Қа­зақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуына байланысты БҰҰ жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілдігі Біріккен Ұлттар Ұйымының басшылығын, тұтастай Нью-Йорктегі дипломатиялық қауымдастықты осы кездесуде жоғары деңгейде ұсынылған Қазақстан Президентінің авторлығымен шыққан «Әлем. XXI ғасыр» манифест атауымен мүлдем жаңа құжат-парадигманы таныстырды. БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунға, сондай-ақ әлемдік ұйым жанындағы барлық мүше мемлекеттердің Тұрақты өкілдеріне тиісті хат жіберілді. Қазақстан Республикасы Тұрақты өкіл­дігінің Бас хатшысына үндеуі нәтижесінде манифест БҰҰ Бас Ассамблеясының және Қауіпсіздік Кеңесінің ресми құжаты мәртебесін алды. Манифест барлық мүше мемлекеттерге қолжетімді Біріккен Ұлттар Ұйымы Хатшылығының электронды жүйесіне орналастырылды. Оған БҰҰ Бас Ассамблеясы 70-ші сессиясының ресми құжаты ретінде А/70/818 тіркеу нөмірі және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің ресми құжаты ретінде S/2016/317 тіркеу нөмірі берілді. Бір уақытта, Қазақстан Республикасы Тұрақты өкілдігі манифеспен Нью-Йоркте 2016 жылғы 4 сәуірде жұмысын бастаған БҰҰ Қарусыздану жөніндегі комиссиясының 2016 жылғы субстантивті сессиясының делегаттарын да таныстырды. Манифест сондай-ақ, ресми құжат ретін­де БҰҰ Бас Ассамблеясының Бірінші коми­тетінің және БҰҰ Қарусыздану жөнін­дегі комиссиясының Quick First жүйе­сіне ресми құжат ретінде орналасты­рылды. БҰҰ Бас Ассамблеясында және Қауіп­сіздік Кеңесінде манифеске осын­дай ерекше мәртебе беру Мемле­кет басшысының халықаралық қауым­дастықтағы мәртебесінің жоғары екендігін көрсетеді және соғыс пен бейбітшіліктің өзекті мәселелерін қамтитын оны сақтау құндылығын көрсететін құжаттың күллі адамзат, қазіргі әлем үшін аса маңызды екенін тануын білдіреді.