09 Сәуір, 2016

Вашингтон. Саммит. Шағын пішімдегі маңызды кездесулер

371 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
С Председателем Китайской Народной Республики Си ЦзиньпиномБүгінде әлемнің әлпеті әбігерленіп тұр. Әр жерде мылтық дауысы естіліп, халықтың басына қайғы орнап, туған жерін тастап, өзге елдерге босып, бейбіт өмірді аңсап, «қара су ішсем де, тыныш жерде отырсам екен» дейтін арманның жетегінде жүрген адамдар көп. Жер-жаһан түрлі сы­нақпен, қауіп-қатермен бетпе-бет келуде. Күні кеше АҚШ-тың астанасы – Вашингтонда аяқ­талған Ядролық қауіпсіздік жөніндегі ІV саммит­те Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесін жариялап, жаһандық сын-қатер­лердің ықтимал салдарын барша адамзатқа ашық айтты. Өзінің ұстанымын ресми хабарлама­лар мен жарияланымдар аясынан тыс қалған жеке кездесулерінде де атап көрсетуден танған жоқ. Осы орайда, Президенттің баспасөз хатшысы Дәурен Абаев былай дейді: «Нұрсұлтан Әбішұлы ресми хабарламалар мен жарияланымдар шеңберінен тыс қалған кездесулерде де маңызы жағынан негізгі пікір­таластардан  еш кем соқпайтынын әркез айтып келеді». Осыған байланысты оқыр­мандар назарына мемлекеттер басшы­ларының Вашингтондағы Ядролық қауіп­сіздік жөніндегі саммит «алаңдарында» өтіп, ресми шаралардың «көлеңкесінде» қалған келіссөздерінен суреттер ұсынылып отыр. «Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, – дейді осы орайда Д.Абаев, – Финляндия, Қытай, Түркия, Әзербайжан, Иордания, Украина, Армения, Литва, Мексика, Чили басшыларымен, Мажарстан, Үндістан, Сингапур, Жапония, Жаңа Зеландия үкіметтері басшыларымен, сондай-ақ, АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысымен шағын жеке пішімдегі кездесулерінде халықаралық қауіпсіздік, өзара сауда айналымы, нақты инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, ауыл шаруашылығындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады». Қазақстан делегациясына осыншалықты жоғары қызығушылық кездейсоқ емес екені айтпаса да түсінікті. Саммитте Қазақстан Президенті ең бір құрметті де қалаулы меймандардың бірі болды. Бұған, тіпті, Елбасының келіссөз үстелі басындағы орнының АҚШ және Жапония елдерімен қатар орта тұста болуы немесе жалпы суретке түсу ке­зінде бірінші қатардан орын берілуі сияқты «хат­та­малық нюанстар» да айқын айғақ бола алады. С Государственным секретарем  США Джоном Керри С Президентом Литвы Далей Грибаускайте-1 С Президентом Турции Реджепом Эрдоганом и Президентом Азербайджана Ильхамом Алиевым.jpg-