АҚШ-тағы ерлі-зайыптылар ата-аналық құқықтарынан айырылды
Американың Нью-Джерси штатында тұратын Исидор Кэмпбелл мен оның зайыбы Джойс Лин балаларына «Адольф Гитлер» және «Арий нәсілі» деп қойғандары үшін ата-аналық құқықтарынан айырылып қалды.
Осындай нацистік идеяға көзсіз ұрынып отырған ерлі-зайыптыларды қудалау 2008 жылы басталған. Сол жолы олар жергілікті кондитерлерге «Туған күніңмен, Гитлер!» деген жазуы бар тортқа тапсырыс берген екен. Ал, мекеме қызметкерлері бірден балаларды қорғау қызметіне шағым білдірген. Осыдан кейін әлеуметтік сала қызметкерлері олардың үйлеріне келіп, жағдайды жан-жақты тексерген. Олар отбасынан өте өрескел көрініп тұрған ештеңе байқай қоймаған. Соған қарамастан, кішкентай Гитлер мен Арий нәсілін әке-шешелерінің қолдарынан алып, өздерімен бірге ала кеткен.
Кейінірек нацизмді уағыздаушы Исидор мен Джойс ата-аналық құқықтарынан айырылған. Балалардың әкесі, өзінің «нәсілдік бөлінушіліктің бар екеніне» қатты сенетінін, бірақ өз перзенттерін қорлау ұғымында болмағанын айтып шағынған. Соған қарамастан, сот алған бетінен қайтпаған.
Бұл оқиға әлем назарына енді ғана ұсынылып отыр. Оның өзі сәуірдің 5-інде әлеуметтік желіде осы оқиға туралы түсірілген «Meet The Hitlers» атты деректі фильм орналастырылғаннан кейін ғана белгілі болған.
Руслан ИГІЛІК.

Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия саны екі есе артады
Мәдениет • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Андрей Бабиш шағын құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Кеше
Мектептерде оқушыларға смартфон қолдануға тыйым салынуы мүмкін
Парламент • Кеше
Президент Ақордада Чех Республикасының Премьер-министрін қарсы алды
Президент • Кеше
«Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» эпосы желісімен ЖИ-фильм түсірілді
Жасанды интеллект • Кеше
Пікір • Кеше