09 Сәуір, 2016

Меценаттар

554 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
16 жыл ішінде Қостанайдағы әлеуметтік жағынан аз қамтылған жандарға 86 млн. теңгенің көмегін көрсетті Қостанайлықтар жыл сайы­н меценаттар клубының сый­лығын тапсыру салтанатын күтеді. «Мирас» об­лыстық мәдениет үйінің кең залы көрерменге лық толады. Бұл салтанатта ғылым, өнер мен әдебиет, білім сала­сында жүрген майталман­дар, дарындар марапатталады, мадақталады. Көрермендер көркемдік кеңес пен коми­с­сияның таланттар мен өнер майталмандары арасынан кімд­ерді іріктегенін де білуге асығады. Меценаттар клубы жас ерек­шеліктеріне қарай 12 ата­лым бойынша сыйлық та­ғайындайды. Оның 36 жасқа дейінгілер үшін бел­гіленген «Шабыт» сый­лығы – 500 мың, 36 жас­тан жоғарылар үшін бе­кі­тілген «Қазына» сый­лы­ғы 1 миллион теңге кө­лемінде. Сонымен қатар, клуб мүшелері сахнаға шы­ғады, көптің қошеметіне бөленеді, сый­лықтарды қос­­танайлық таланттарға тап­сыру құрметіне ие болады. Мұның барлығы да ән-күй­мен, бимен өрнектеледі. Биыл қостанайлық та­лант­тар «Қолданбалы өнер», «Му­зыка өнері», «Вокал өнері», «Театр  өнері», «Хо­реография», «Әдебиет», «Жур­налистика», «Білім», «Шығармашылық ұжым жетекшісі», «Ауыл жанашыры» аталымдары бо­йын­ша іріктелген дарындар «Шабыт» және «Қазына» сый­лықтарының лауреаттары атанды. Олардың арасында Азамат Мұқатов секілді белгілі дәстүрлі әнші, айтыскер ақын Айбек Қалиев, «Ақжелең» фольклорлық ансамблі, Сергей Харченко, Мария Шило, Жұ­ма­тай Кә­кімжанов се­кілді журналистер де бар. Айта кетейік, 2000 жыл­дан бастап, бүгінге дейін кәсіпкерлерден құ­ралған клуб әде­биет пен өнерді, ғылымды әлеу­меттік қолдау мақ­са­­­тын­да – 399 адамға, 35 өнер ұжы­мына 186 миллио­н тең­ге көлемінде ақшалай сый­лықтар берген екен. 16 жыл бойы тапсырылып келе жатқан беделді сый­лыққа би­ыл облыстағы 97 адам өз еңбегін ұсынған болатын, көр­кемдік кеңес іріктеп, 34 еңбекті таңдап алды. Осын­дай көмектің арқасында ай­мақ­тағы су­ретшілер шебер­ханаларын дұрыстады, ақын­дар мен ғалымдар, журналис­тер кі­таптарын шығаруға мүм­кін­дік алды. Ең бастысы, сый­лық таланттар мен өнер­лі­лерді қанаттандырады. Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА, «Егемен Қазастан». ҚОСТАНАЙ.