Жерар Депардьенің ән салғысы келеді
Француздың атақты актері Жерар Депардье еліміздегі опера сахнасында ән салғысы келеді. Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлымен кездесу барысында ол Қазақстанның киелі сахнасына қызығатынын және классикалық әндер шырқағысы келетінін жасырмады.
– Мен актер әрі музыкантпын. Тіпті, бірнеше операда өзім орындаушы болдым. Қазір көптеген классикалық туындыны оқып жатырмын. Мұндағы халық классикалық музыканы жоғары бағалайды. Маған, негізі, шығармашылық үшін кеңістік керек. Ал, мен сол өзіме керектіні осы елден табамын, – деді ол.
Сондай-ақ, Депардье министрмен дидарласқан сәтінде Франция мен Қазақстан арасындағы мәдени байланыстың бүгінгі жай-күйін жан-жақты талқылады. Оның айтуынша, екі елдің арасындағы өнер мен мәдениет қарқынды дамыған. «Сондықтан да, – деді ол, – мен осы қарым-қатынасты нақтылай түскім келеді. Маған Қазақстан ұнайды. Ендігі мақсатым – операда ән салып, халықтың қошеметіне бөлену».
Айта кетейік, 67 жастағы актер кездесуде өзінің алдағы жоспарларына да тоқталып өтті. Ол өзінің басты мақсаты Қазақстанның опера сахнасында өзіндік із қалдыру екенін ашып айтты.
Талғат РАЙЫМБЕК,
«Егемен Қазақстан».

Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия саны екі есе артады
Мәдениет • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Андрей Бабиш шағын құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Кеше
Мектептерде оқушыларға смартфон қолдануға тыйым салынуы мүмкін
Парламент • Кеше
Президент Ақордада Чех Республикасының Премьер-министрін қарсы алды
Президент • Кеше
«Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» эпосы желісімен ЖИ-фильм түсірілді
Жасанды интеллект • Кеше
Пікір • Кеше