09 Сәуір, 2016

Шекспирдің тұңғыш пьесалар жинағы табылды

499 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Әлем-жәлем әлем 08-04-16-shakspirШотландиядан ағылшынның ұлы драматургы Уильям Шекспирдің 1623 жылы жарық көрген алғашқы пьесалар жинағының бір данасы табылды. Оксфорд университетінің мамандары жәдігер іспеттес фолиантқа Бьют аралында кездескен. Жинаққа 36 пьеса топтастырылыпты. Бұлардың тең жартысы, яғни 18-і бұрын еш жерде жарияланбаған туындылар екен. Ганнибалдың құпиясын көне көң ашып берді Ғалымдар ежелгі әлемнің тағы бір құпиясын ашты. Олар Ганнибал мен оның армиясының Альпі асуынан өткен кезінде аттардан қалған қидың құрамын зерттеді. Оқымыстылардың халықаралық командасы құрамында клос­торидий элементі көп қиды Коль де ла Траверсет таулы асуынан тапқан. Олардағы бірнеше мыңдаған жылдар тірі жата беретін микробтар біздің дәуірімізге дейінгі 218-201 жылдарғы екінші Пуни соғысының деректеріне дәлдік қосып, Карфаген қолбасшысы жауынгерлерінің асу бойлап жүрген жолдарын тура сызып шығуға мүмкіндік берді. 08-04-16-pechatҚытай императорының мөрі – $11,8 миллион Sotheby’s аукционында сатылымға шығарылған Цин әулеті Канси императорының мөрі 11,8 миллион долларға саудаланды. Ежелгі заманғы патшаның мөрін азиялық бір коллекционер жоғарыдағыдай бағаға сатып алды. Бұл – осы кезге дейін аукционда сатылған императорлар мөрлері ішіндегі үшінші көрсеткіш. Мөр сандал ағашынан жасалған. Оның бетіне: «Көкке табынып, адамға қызмет ет» деген жазу жазылыпты. Ал Канси Қытайды 1661-1722 жылдар аралығында 61 жыл басқарып, билік басындағы уақыты жағынан рекорд жасаған екен. Караваджоның жоғалған картинасы табылған сияқты Алдын ала болжам бойынша, Францияда итальянның атақты суретшісі Микеланджело де Караваджоның бұрын қолды болды деп есептеліп келген «Юдифь пен Олоферн» деген картинасы табылғанға ұқсайды. Бірқатар мамандар қазір жеке коллекциядан кездескен кескіндеме туындысын белгілі қылқалам шеберінің атақты картинасы болуы керек, деген байламға тоқталған. Бірақ оның қаншалықты шындыққа жанасатынын итальян маманы Джузеппе Порцио ғана мұқият тексеріп шыққаннан кейін анықтап бере алады екен. 08-04-16-tornadoТорнадоны түсіріп жүріп, әйелінен көз жазды Американың Иллинойс штатында бір ер кісі құйғытып келе жатқан торнадоны видеоға түсіріп алыпты. Сөйтіп жүріп, сол құйынның иірімі өзінің әйелін жұтып кеткенін байқамай қалыпты. Синоптиктердің ескертулеріне құлақ аспаған Кларенс Шульц есімді 85 жастағы қария ойға алғанын жүзеге асыру үшін сол күні өз үйінің шатырына шығып кеткен. Сонда отырып, алапат қара дауылды түсіре беріпті. Бір кезде үй жерге опырылып құлаған. Зайыбы соның астында қазаға ұшыраған. Қызыққұмар шал кездейсоқ аман қалыпты. Некеге тұрар болсаң, тексеруден өт! Түрікменстанда осындай мизам күн тәртібіне енді. Бұдан былай үйленгісі келетін әрбір жас некеге отырар алдында денсаулығы жағдайын мұқият тексеруден өткізіп, өзінің әлдеқандай бір жұқпалы аурумен ауырмайтынын дәлелдеп шығуы тиіс. Аталған тәртіп елде «Адам иммунодефициті вирусын (ВИЧ-инспекция) шақыратын ауруды таратуға қарсы күрес туралы» заң күшіне енгеннен кейін қолға алынды. Ол шаңырақ құрып, отау тіккісі келетін жастардың негізінен СПИД атты науқасқа қаншалықты қатысы бар екенін анықтайтын болады. Одан таза шыққан талапкерлерге ғана үйленуге рұқсат етіледі. Ақпарат агенттіктерінің материалдары негізінде дайындалды.