Кеше Ұлттық академиялық кітапханада парсы әдебиетінің көрнекті өкілі, ақын Фирдоусидің «Шахнама» дастанына арналған семинар өтті.
Семинар жұмысына «Шахнама» Кембридж орталығының парсы зерттеулері бойынша жетекшісі (Кембридж университеті) Фируза Мелвилл (Абдуллаева) және аталған оқу орнының профессоры, тарихшы Мелвилл Чарльз Петер қатысып, «Шахнаме» тақырыбында дәріс оқыды.
Жиын барысында Ұлттық академиялық кітапхана мен Кембридж университетінің арасындағы ғылыми жобалар, бірлескен конференциялар, кітап көрмелері, дөңгелек үстелдер, дәрістік курстар, кітап шығару саласындағы өзара ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Фируза Мелвилл (Абдуллаева) мен Мелвилл Чарльз Петер Ұлттық кітапханадағы сирек басылымдар және қолжазбалар топтамасымен танысып, қорда сақталған кітаптардың тарихынан маңызды мағлұматтар алды.
Шетелдік профессорлар елімізге Қазақстан Республикасының Ұлыбританиядағы елшілігінің қолдау көрсетуі нәтижесінде, сондай-ақ, Мәдениет және спорт министрлігінің, сонымен бірге, Ұлттық академиялық кітапхананың шақыруымен арнайы келгенін естеріңізге саламыз.
Бұл басқосу Ұлттық кітапхана басшысы Үмітхан Мұңалбаеваның Ұлыбритания кітапханаларына жасаған жұмыс сапарының арқасында жүзеге асқанын айта кетсек дейміз. Екіжақты ынтымақтасу перспективаларын талқылау мақсатында Кембридж университетінің профессорлары алдағы уақытта Халықаралық түркі академиясына, Назарбаев Университетке және Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне де баруды жоспарлап отыр.
Рауан ҚАЙДАР,
«Егемен Қазақстан».

Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия саны екі есе артады
Мәдениет • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Андрей Бабиш шағын құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Кеше
Мектептерде оқушыларға смартфон қолдануға тыйым салынуы мүмкін
Парламент • Кеше
Президент Ақордада Чех Республикасының Премьер-министрін қарсы алды
Президент • Кеше
«Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» эпосы желісімен ЖИ-фильм түсірілді
Жасанды интеллект • Кеше
Пікір • Кеше