09 Сәуір, 2016

Мәшһүр Жүсіп мұрасы

731 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Мәшһүр ЖүсіпТаяуда Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде «Мәшһүр жайлы сөз еткенде...» атты атақты фольклортану­шы, ақын Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының та­рихи-мәдени мұрасын насихаттауға арнал­ған әдеби  кеш және көрменің ашылуы болып өтті.  Баршаға белгілі, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы (1858-1931жж.) Павлодар облысы, Баянауыл ауданында туған. Фольклортанушы, этнограф, та­рихшы, талантты ақын, араб және парсы тілдерін жетік меңгерген. Оның әдеби және ғылыми мұрасы қазыналы қазақ мәдениетінің ажырамас бір бөлігі болып табылады. Аталған  іс-шара ел Тәуелсіздігінің 25 жыл­ды­ғын мерекелеуге арналған көрмелер көшін бас­тап берді. Жиынға филология ғылымдарының докторы, профессор С. Негимов, тарих ғылым­дарының кандидаты, доцент  Л.Жүсіпова, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ проректоры, фи­­ло­логия ғылымдарының докторы, профессор Д.Қамзабекұлы, тағы басқа зиялы қауым өкіл­дерімен қоса, кеш қонақтары ретінде М.Ж.Көпейұлының шөберелері және ақын шығармашылығын зерттеушілер қатысты. Көрмеде музей қызметкерлерінің жинақ­тау жұмыстарының барысында жүйеленген Бұхар жырау атындағы Павлодар  облыстық әдебиет және өнер музейі, Қ. Сәтбаев атындағы мемориалдық музейі,  Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті және «Отырар кітапханасы» ғы­лыми орталығы қорларының материалдары ұсы­нылды. Әдеби кеште М.Ж.Көпей­ұлының әдебиеттанушылық ойлары, ақынның поэзиясы мен замандас орыс классиктерінің туындылары оқылып,  таныстырылды. Шара аясында Ұлы Даланың рухани мұра­сын зерттеудегі өзекті мәселелер қозғалып, музей және кітапханалар қорларында сақталғанымен, айналымға тұңғыш енгізіліп отырған материал­дарға баса назар аударылды. Сондай-ақ, көрме экспозициясында ойшыл ақынның жеке заттарының қатарында құнды қолжазбалар, кітап басылымдары мен еңбектері, әдебиеттану материалдары, киген киімі мен тұ­тынған заттары ұсынылды. Раушан ТӘУІРХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».