Жақында Астана қаласында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-та ҚМГ трансформациясы бағдарламасының «Диагностика және Дизайн» 1-кезеңінің жабылуына арналған ақпарат күні өтті.
Іс-шараға «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев, «Самұрық-Қазына» АҚ трансформация және арнайы жобалар жөніндегі басқарушы директоры Адамас Илькявичус, ҚМГ басқарма төрағасының өндірістік әлеуетті дамыту жөніндегі орынбасары – «ҚМГ Глобал Солюшнс Б.В.» ҚР-дағы ЖШКФ бас директоры Глеб Люксембург, ұлттық компания корпоративтік орталығының, мұнай барлау, өндіру, өңдеу және маркетингі бойынша еншілес ұйымдардың, ҚМГ және «Самұрық-Қазына» трансформация командаларының басқа да басшылары мен қызметкерлері қатысты.
Жиын барысында Өмірзақ Шөкеев қор және жалпы Қазақстандағы трансформация бағдарламасының мәні, «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының нәтижелері мен жоспарлары, ҚМГ-ның трансформация бойынша бірлескен жобаларын іске асырудағы үлесі жайында баяндады. Ол өз сөзінде: ҚМГ ірі отандық компаниялардың бірі. Жалпы, еліміздің алдыңғы қатарлы отыз елдің қатарына енуі үшін аса маңызды нәтижелілікті, айқындықты және бәсекеге қабілеттілікті жаңа деңгейге көтеру туралы мәселені Елбасының өзі алдымызға міндет етіп қойып отыр. Дамыған елдердің осы клубында өндірілген тауарлар мен көрсетілген қызметтің көлемі емес, олардың өзіндік құны жетістіктерді айқындаушы фактор болып табылады. Бұл ұлттық компаниялар да, мемлекеттік ұйымдар да осы қатардан табылуы тиіс дегенге меңзейді. Жақында ғана «ҚазМұнайГаздың» стратегиясы бекітілді, деді.
Бұл вертикалды ықпалдасқан модель, тек қана ТМД нарығының көлемінде ғана емес, бүкіл әлемде де бәсекеге қабілетті компания болмақ. Стратегиядан кейін оның операциялық моделі анықталатыны жөнінде тоқталды. Сонымен қатар, Өмірзақ Шөкеев өз сөзінде «Біз трансформация туралы айтқанымызда, трансформация дегеніміз тек теориялық болжам немесе жай сараптама деп есептегендер болды. Шын мәнінде бұл олай емес. Осының бәрі тәжірибелік әрекеттерге келіп тоғысады. ҚМГ-ның тәжірибелік әрекеті бүгіннен басталады. Трансформация компанияға жаңа сапа ұсынады. Қарапайым тілмен айтқанда, трансформация дегеніміз нарықтағы өзгерістерді байқау, алдын ала көре білу және дер кезінде сәйкестендіру, түсіну және құрылыммен өзгеру болып табылады. Компанияларға нарық барысына уақытында бейімделіп отыру үшін сапалық жағынан өзгерістерді тұрақты жүзеге асырып отыру» маңызды екенін атап өтті.
Ақпарат күні барысында 1-кезеңнің қорытындысы шығарылды және 1.2-«Оқшаулау» кезеңінің жоспары талқыланды. Сауат Мыңбаев кіріспе сөзінде айтып кеткендей, сыртқы факторлар «ҚазМұнайГаз»-ға кері әсерін тигізеді. Жаңа жағдайда сәтті жұмыс жүргізу үшін жүйелі өзгерістер енгізу қажет. Трансформацияның алғашқы жылы ҚМГ-ның қазіргі ахуалын, мүмкіндіктері мен әлеуетін шынайы бағалауға мүмкіндік берді. Бүгінгі таңда компанияның жаңа операциялық моделінің жарғысы дайындалды. Осыған сәйкес, «ҚазМұнайГаз» активтерді Директорлар кеңесі арқылы басқаратын портфельдік инвесторлар жарғысынан бас тартып, өндірістік активтер арқылы белсенді операциялық басқаруға көшуі тиіс.
ҚМГ басшысының сөзіне қарағанда, басқару деңгейлерінің санын қысқарту керек. Олардың қазіргі саны – 9. Оңтайландыру арқылы олардың санын екеуге дейін түсіру ойда бар. Сонымен қатар, ҚМГ-ның жаңа операциялық моделі, қолдаушы процестер ретінде, бірінші кезекте ақпараттық технология, ал болашақта бухгалтерия мен қаржы мекемелерін және т.б. жеке бөліп Қызмет көрсетудің жалпы орталығын құру көзделіп отыр.
Сөзінің соңында Сауат Мыңбаев жаңа операциялық моделдің «ҚазМұнайГаз» жұмысының қабылданған шешімдердің орындалуын жеделдетіп, нәтижесін арттыратынына сенім білдірді.
Жобалық команданың бірінші кезеңдегі жұмысын қорытындылаған Глеб Люксемберг: «Трансформация – «ҚазМұнайГаз» жүйесінің барлық деңгейлеріндегі жүйелі қайта құрудың ұзақ мерзімді жобасы, ол сәттік қана нәтижеге бағытталмаған. Құрылымның барлық кезеңдеріне арналған жүйелі өзгерістердің ұзақ мерзімді жобасы екенін және оның бір уақытта нәтижелерге жетуге бағытталмағандығын атап өтті. Трансформацияның келесі сатыларының аясындағы кейбір бизнес-үдеріс өзгерістерін жүзеге асыру үшін бірнеше жыл керек болуы да мүмкін. Есесіне бұл компания қызметін жетілдіруге нақты жұмыс істейтін болады», деді.
Жиын соңында бірінші кезеңді жүзеге асыруда ерекше көзге түскен ҚМГ трансформация бағдарламасының бас демеушілері «ҚазМұнайГаз», «Самұрық-Қазына» трансформация командалары мен еншілес ұйымдардың ең таңдаулы өкілдерін Сауат Мыңбаев пен Глеб Люксемберг бірнеше номинациялар бойынша салтанатты жағдайда марапаттады.
Сәйкес номинациялардағы жеңімпаздар жалпы жасырын дауыс беру қорытындысы бойынша анықталды. Атап айтқанда, марапаттарға «Трансформация мақсаттарын ілгерілетуде көрсеткен көшбасшылығы үшін» құрметіне «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасының корпоративтік даму жөніндегі орынбасары Данияр Берлібаев, «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ бас директоры Құрманғазы Есқазиев және «ҚазМұнайГаз-өңдеу және маркетинг» бас директоры Данияр Тиесов ие болды.
«КМГ Глобал Солюшнс Б.В.» ҚР ЖШКФ – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-тың ҚМГ трансформация бағдарламасын жүзеге асырумен айналысатын еншілес ұйымы. Ол «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобының үздік мамандарынан, сондай-ақ, ірі халықаралық мұнай және газ жобаларына қатысушы шетелдік сарапшылардан құралған.
Аян ӘБДУӘЛИ,
«Егемен Қазақстан».