Аз уақыт бұрын Елбасы Қазақстанда өз қызметін қоғамдық негізде жүзеге асыратын Балалар құқықтары бойынша уәкіл институтын құру туралы Жарлыққа қол қойған болатын. Кеше аталған институт өз жұмысына кірісіп, Мәжіліс депутаты, Қазақстандағы Бала құқықтары бойынша уәкіл Зағипа Балиева мен БҰҰ-ның Қазақстандағы Балалар қорының (ЮНИСЕФ) өкілі Юрий Оксамитный Ниеттестік туралы мәлімдемеге қол қойды.
Басты мақсат – тараптардың БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы конвенциясына, БҰҰ-ның Бала құқықтары жөніндегі комитетінің жақында болған ұсыныстарына, БҰҰ-ның мүгедектігі бар тұлғалардың құқықтары туралы конвенциясына, Адам құқықтарын қорғау және қолдаумен айналысатын ұлттық мекемелердің мәртебесіне қатысты қағидаларға (Париж қағидалары), сонымен қатар, Қазақстанда қол қойған басқа да халықаралық міндеттерге сәйкес, бала құқықтарын қамтамасыз етуді мониторингілеудің тәуелсіз жүйесін дамыту және қолдау үшін өзара ынтымақтастық ниеттерін білдіру.
Ынтымақтастық іс-шаралар, тәжірибе, ақпарат алмасу, конференциялар мен жиналыстарды бірлесе өткізу, сол сияқты, өтініштерді қарау тетігін және балалардың жағдайларын республикалық және облыстық деңгейде мониторингілеу жүйесін құру үшін тараптардың халықаралық стандарттар мен практика, стратегияларға сәйкес қызмет ету, мәртебе, аккредиттеу сияқты жұмыс жасау салаларын ілгерілету бойынша ниеттерін қарастыруы мүмкін.
Журналистер алдында Зағипа Балиева: «Біз ЮНИСЕФ-пен бірлесе отырып, балалар құқығына қатысты барлық мәселені шешеміз. Оған мемлекеттік органдар да белсене атсалысады. Менің негізгі міндетім – біздің елдегі балалардың құқығын қорғау», – деді.
Өз кезегінде Ю.Оксамитный бүгінгі күннің маңыздылығын алға тарта келіп, Қазақстан Президентінің Жарлығы ұлттық басымдық тұрғысынан да, халықаралық міндеттемелер тұрғысынан да дер кезінде қабылданған маңызды шешім екенін айтып, балалар құқығын қорғау жолында ауқымды істердің атқарылатынын атап өтті.
Алдағы уақытта аталған Ниеттестік туралы мәлімдемені толықтыру мақсатында тараптар осы ынтымақтастықтың қазіргі және келешектегі шарттарын анықтайтын Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою мүмкіндігін қарастыра алады.
«Егемен-ақпарат».

«Boran–Буран»: жады мен кеңістікті тоғыстырған көрме
Қоғам • Бүгін, 18:18
Жылдық инфляцияның баяулауы баға төмендеуіне әсерін тигізе алды ма?
Қаржы • Бүгін, 18:03
Жеке деректер мен гаджеттерді алаяқтардан қалай қорғауға болады?
Қоғам • Бүгін, 17:50
Еріксіз неке мен ерте өлім: Неліктен қазақ қыздарының құқығы қорғалмай жатыр?
Қоғам • Бүгін, 17:40
Педагогтерге арналған байқау жарияланды: Өтінім қабылдау қашан басталады?
Білім • Бүгін, 17:25
Енді мерзімі өткен жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыруға болады
Қоғам • Бүгін, 17:12
Алматыда даңқты киногерлерге арналған көрме ашылды
Қоғам • Бүгін, 17:08
Алматыда 13 жастағы қызды зорлады деген күдікті қамауға алынды
Қоғам • Бүгін, 16:53
Жасанды интеллект мұғалімді алмастыра ма?
Білім • Бүгін, 16:35
Қазақстанның Руанда Республикасындағы елшісі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 16:17
Президент: Барша Олимпиада чемпиондарының аты әлем спортының жылнамасына жазылады
Спорт • Бүгін, 16:04
Оқушыларды жалған тіркеу: 2 966 мектепте заңбұзушылық анықталды
Білім • Бүгін, 15:58
Михаил Шайдоров: Мен Олимпиада алтынымен шектелмеймін
Спорт • Бүгін, 15:45
Вице-премьер Қарағанды облысындағы бөгеттер мен су қоймаларын тексерді
Үкімет • Бүгін, 15:42