09 Сәуір, 2016

Қазақстан – өзге елдер үшін үлгі

459 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
 20150120071147-2Вашингтонда Ядролық қауіпсіздік жөніндегі дүниежүзілік IV саммитке Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысып, адамзат алдындағы жаhандық мәселелерді шешу жөнінде ұтқыр ойын, тұщымды пікірін ашық айтып, ұғындыра білді. Құнды сөзді әлем жұртшылығы жақсы бағалап, сол зама­тын­да-ақ ақпарат көздері арқылы төрткіл дүниеге таратқаны мәлім. Күллі адамзат айтулы форумнан күткен еларалық ынтымақтастық, ғасыр кесапаты – ядролық қару­ды жою, беймарал өмір тыныштығын бұзатын терроризмге қарсы күрес секілді өмірлік мәні зор Елбасы сөзінен бастау алатын жайттар жайлы танымал ғалым, ауыл шаруашылығы ғылым­дары­ның докторы, саясаткер Тынышбай ДОСЫМБЕКОВПЕН жүргізген әңгімемізді ұсынамыз. Тынышбай Досымбекұлы, жаһандық ынтымақтастық тура­лы айтулы форумда Елбасы өрбіт­кен ойды сабақ­тас­ты­­ратын қазақ­стандық жол туралы айтып берсеңіз. – Елбасының әлемдік деңгей­дегі өзекті мәселелерді көтере сөй­­леген сөзінің бір мәйегі бү­гін­гі ұр­пақ алдын­дағы міндет – адами құн­ды­лық­ты сақтауға үндеп тұр деп са­най­­мын. Себебі, дөңгеленген дүние ал­ты құрлыққа бөлініп, онда сан мың­даған адам сан мыңдаған жыл­дар­дан бері тіршілік етіп келеді ғой. Сол адам­заттың алдындағы бас­ты па­рыз өз кезегінде табаны ти­ген жер­ді, сол топыраққа нәр бере­тін суды, тіршіліктің тағы бір көзі – ауаны ластамай, бүлдірмей дұрыс пайдаланып, келер ұрпақ өкіліне өткізу емес пе. Десек те, әлемдік биік мінбер тү­­гі­лі, екі адамның алдында сөз сөй­­­­­­лей­­тін әр адам әуелі өзі үлгі тұ­­тар­­­­лық ісі­м­ен танылуы керек. Бұл рет­те, біз­дің Елбасының маң­­да­йы жа­рық. Сон­дықтан ынты­­мақ­­­тас­­тық дегенде бірінші айта­рым, мем­­лекеттер арасындағы қа­­­рым-қа­тынасты бір жүйеге кел­­ті­ріп, та­ту-тәтті тір­лік ету бо­лып са­на­­ла­ды. Ол үшін бір мем­ле­­­кет­тің ішкі дүние­сіне екін­ші ел ара­­ласпауы керек. Нақ­ты­­лай түс­­сем, жері кең, елі көп деп бөл­мей, кез келген тәуел­сіз мем­­ле­кет­­­тің ішкі саясатына өзге мем­­ле­­­кет ара­ласпауы, қолын­да бар мү­м­­­­­кін­­дік­терін ұтым­ды-ұтымсыз пай­­­­­да­­­ла­нып түрлі жол­мен ел ты­ныш­­­­­­­ты­­­­ғын бұзып, ықпал етпеуі тиіс. Бүгінде әуе жолы, теміржол және автокөлік жолымен қаншама адам бір елден екінші ел аумағына өтуде. Сол халықтың тыныштығы сақ­талып, қауіпсіздігі қамтамасыз етіліп, еш алаңсыз заңнама шең­берінде арнайы ат терлетіп бар­ған жұмыстарын бітіріп, үйлеріне оралып жатса, жаһандық ынты­мақ­­­­­тас­тық­тың жарқын жолы ашы­ла­тыны анық. – XXI ғасырдың бір індетіне айналған ядролық қару жайлы ой өрбітсеңіз. – Шыны керек, жаппай қырып -жоятын осынау алапат қарудан Қазақстан әлемде бірінші болып бас тартты. Сөйтіп, дүниежүзінде бейбіт өмірді сақтауда өзіндік үлгі көрсете білді. Елбасының осы­нау игі қадамын бүгінде төрткіл дү­ние­­нің саясаткерлері құп кө­ріп, әлем­дік бұқаралық ақпарат құрал­дарын­да ашық айтып, жазуда. Біле білсек бұл әлемде Елбасының бей­б­іт өмірді сақтау арқылы адами құн­ды­лықтың дара үлгісін көрсетуі болып табылады. Міне, біздің Мем­ле­кет басшысының әлем халқы алдын­дағы маңдайы жарқын әрі үлгі тұтарлық мақтанышымыз деп осы­ны айтуға болады. Сондықтан қазақ­стандықтар жасаған игі қадам­­ды өзге мемлекеттер ж­асап, сол ядро­­­лық қаруды пай­да­­лану, тә­жі­ри­­беден өткізуді ой­ла­мағаны лә­зім. Сонда ғана адам­зат еш алаң­сыз бейқұт тірлігін жал­ғас­тырары анық. Ғылым жолын таңдап, әлемдік ғалымдар тұжырымдарына назар аударып жүргендіктен, бір оқы­ға­ным осыдан 10 млн. жыл бұрын пайдаланылған ядролық қару­лар­дың қалдықтары жер бетінен табылған екен. Бұл мәліметті ой елегінен өткізіп көрсеңіз, бағзы заман­дарда да ядролық қару болып, соның салдарынан Жер шарындағы тіршілік жойылып кеткен шығар. Әңгімелескен Нұрбол ӘЛДІБАЕВ, «Егемен Қазақстан». Алматы облысы.