Президенттің баспасөз қызметі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтетін алдағы іс-шаралар аңдатпасы туралы хабарлады.
Қазақстан Президенті 11-15 сәуір аралығында бірнеше мемлекетке сапармен барады.
Атап айтқанда, 11-12 сәуірде Нұрсұлтан Назарбаев Президент Хасан Руханидің шақыруымен Иран Ислам Республикасында болады. Екі мемлекет басшылары Х.Руханидің 2014 жылы қыркүйекте Астанаға мемлекеттік сапары кезінде қол жеткізілген уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысын талқылайды деп жоспарлануда. Сонымен қатар, сауда-экономика, инвестиция, ауыл шаруашылығы, көлік-транзит салаларындағы ынтымақтастықты нығайту жолдары мен халықаралық және өңірлік қауіпсіздік саласындағы өзара іс-қимыл жайы қарастырылады.
13-14 сәуірде Қазақстан Президенті Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының XIII саммитіне қатысу үшін Түрік Республикасына барады. Саммиттің негізгі тақырыбы – «Бірлік пен ынтымақ әділдік пен бейбітшілік үшін». Сапар барысында Мемлекет басшысының Түркия Президенті Реджеп Тайып Ердоғанмен кездесуі жоспарланған. Кездесу аясында Астана мен Анкара ынтымақтастығының негізгі бағыттары талқыланатын болады. Сонымен қатар, саммит аясында делегациялар басшыларымен келіссөздер өткізу, Түркияның іскер топтар өкілдерімен кездесу көзделуде.
15 сәуірде Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасына барып, Президент Ислам Кәрімовпен кездеседі. Келіссөздер аясында мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Өзбекстанның екіжақты қарым-қатынасының негізгі аспектілерін талқылайды деп жоспарланған.

Қарағандыдағы тау-кен кәсіпорнына 4 млн теңге айыппұл салынды
Аймақтар • Кеше
Арам ақшаға құныққан алаяқ алты жылға сотталды
Қоғам • Кеше
Еліміздің үш өңірінде ауа райына байланысты жолдар жабылды
Ауа райы • Кеше
Жаңа Конституция және ұлт саулығы: сарапшы көзқарасы
Ата заң • Кеше
Білім сапасын арттырудың жаңа мүмкіндігі
Білім • Кеше
Ертең Астанада бірінші ауысым оқушылары қашықтан оқиды
Ауа райы • Кеше
Алдағы күндері ел аумағында аяз күшейеді
Ауа райы • Кеше
«Boran–Буран»: жады мен кеңістікті тоғыстырған көрме
Қоғам • Кеше