АСТАНА. 10 сәуір. Түркияның Ыстамбұл қаласында тағы да лаңкестік жағдай орын алды. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Haberturk телеарнасы қаланың Мечидиекой ауданында жарылыс болып, 3 адамның түрлі деңгейде жарақат алғаны жөнінде ақпарат таратты. Оқиға Trump Tower сауда орталығының қасындағы автобус аялдамасында болған. Зардап шеккендер жергілікті ауруханалардың біріне жеткізілді.
Қазіргі кезде полиция қызметкерлері тергеу амалдарын жүргізуде. Бұл іске арнайы тікұшақ та жұмылдырылды.
Айта кетейік, осы жылдың 12 қаңтар күні Ыстамбұлдың Сұлтанахмет алаңында экстремистердің әрекетінен 10 адам опат болып, 15 адам ауыр жараланды. Мәліметтерге сәйкес, олардың көпшілігі Германиядан келген туристер болатын.
Аян Әбдуәли.
Дерек, фото: ТАСС.

Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия саны екі есе артады
Мәдениет • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Андрей Бабиш шағын құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Кеше
Мектептерде оқушыларға смартфон қолдануға тыйым салынуы мүмкін
Парламент • Кеше
Президент Ақордада Чех Республикасының Премьер-министрін қарсы алды
Президент • Кеше
«Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» эпосы желісімен ЖИ-фильм түсірілді
Жасанды интеллект • Кеше
Пікір • Кеше