11 Сәуір, 2016

Ақсу-Павлодар көпірінің құрылысы қарқынды жүруде (фото)

509 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
ПАВЛОДАР. 11 сәуір. Павлодар облысындағы «Орталық-Шығыс» автобанына кіретін «Ертіс өзені арқылы өтетін көпір» және «Павлодар қаласын батыс айналып өту жолы» жобасы бойынша жаңа көпірдің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Көпірдің ұзындығы 12,3 шақырым. «Қазавтожол» акционерлік қоғамы «Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылып жатқан көпір биыл желтоқсана пайдалануға берілмек. Ертіс өзенінің екі жағалауынан қарама-қарсы бағытта бір уақытта басталған құрылыс түйісіп, су үстіндегі көпірдің ортасы жалғанды. Құрылысшылар да бір-бірлерімен құшақтасып, көпір салуға қатысқандарын осылай естерінде қалдырды. Жоба құны – 53 млрд. 808 миллион теңге. Құрылыста №25 (Алматы қаласы), №11 және №12 (екеуі де Түмен қаласынан, Ресей) бригадалары тартылды. 85 техника жұмылдырылуда, 200- құрылысшы жұмыс жасайды. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген мамандар еңбек етуде. Көпірдің маңыздылығы «Астана-Павлодар» және «Павлодар-Өскемен» жол автобандарын қосады. Өкінішке орай, көпірдің салынуы барысында тұрғындар қаланың кейбір жерлерін көктем мезгілінде су басып қалмау үшін су өткізу құрылғыларын салуды да талап етті. Жобада бұл қарастырылмаған көрінеді. Құбырлар орнатылса, төтенше жағдай орын алмайды. Былтыр сәуірде сондай жағдай орын алды. Облыс, қала әкімдігі, «Қаз автожол» акционерлік қоғамы – көпір пайдалануға берілмей тұрып,  олқылықты кешіктермей қолға алса. Фарида Бықай. Дерек: egemen.kz. Фото: Валерий Бугаев. 11-04-2016-mosta