ҚАРАҒАНДЫ. 11 сәуір. Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин үздік боксшылардың рейтингісінде екі саты төмен сырғып, бесінші орынға табан тіреді. Бұл туралы vesti.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (34−0, 31 КО) Bleacher Report нұсқасы бойынша салмақ дәрежелеріне қарамастан әлемнің үздік боксшыларының ТОП-25 рейтингісінде (pound-for-pound, P4P) екі саты төмен түсті.
Жаңа рейтинг әлемдік бокстың супер жұлдызы филиппиндік Мэнни Пакьяо мен америкалық Тимоти Брэдли арасындағы 10 сәуірде өткен жекпе-жектен кейін түзілді. Он екі раундқа созылған айқаста Пакьяо жеңіске жеткен болатын.
Жоғарыда айтылған рейтинг бойынша никарагуалық Роман Гонсалес топ басында тұр. Мэнни Пакьяо оны өкшелеп келеді. Америкалық Андре Уорд үшінші болса, ресейлік Сергей Ковалев төртінші сатыда тұр. Ал қазақстандық былғары қолғап шебері әзірге бесінші орында келеді.
Айта кетейік, Геннадий Головкин 23 сәуір күні Лос-Анджелесте Доминик Уэйдпен жекпе-жекке шығады.
Қайрат Әбілдинов.
Дерек: vesti.kz.
Фото: rayspodcast.com.
• 11 Сәуір, 2016
Головкин Pound-for-Pound рейтингісінде екі саты төмен түсті

Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия саны екі есе артады
Мәдениет • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Андрей Бабиш шағын құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Кеше
Мектептерде оқушыларға смартфон қолдануға тыйым салынуы мүмкін
Парламент • Кеше
Президент Ақордада Чех Республикасының Премьер-министрін қарсы алды
Президент • Кеше
«Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» эпосы желісімен ЖИ-фильм түсірілді
Жасанды интеллект • Кеше
Пікір • Кеше