12 Сәуір, 2016

Жамбыл жеріндегі жаңалықтар

413 рет
көрсетілді
13 мин
оқу үшін

IMG_2905Халықтың жағдайын жақсартуға мүмкіндік мол

Өңірлік коммуникациялар қыз­метінде Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының жүзеге асырылу барысы туралы баспасөз мәслихатын өткізді. Жалпы, бес институттық реформаны іске асыру әлемдегі экономикалық тұрақсыздық жағдайға қарамастан еліміздің одан әрі қарқынды дамуына серпін берері сөзсіз. Сондай-ақ, халықтың әл-ауқатын жақ­сартуға мүмкіндік береді. Сон­дықтан, өңірде Ұлт Жоспарын толық орындау үшін барлық мүмкіндіктер жұмылдырылуда. Жамбыл облысында мемле­кеттік қызметті жаңғырту, экономика, ауыл шаруашылығы, шағын және орта бизнес пен ме­дициналық кластерді дамыту жұмысы нақтыланды. Қазір­гі кезде өңірдегі мемлекеттік қыз­­­­метшілер саны 5195 адам, оның ішінде 2747 жергілікті атқару органдарда жұмыс атқа­рады. Облыста 52 мемлекеттік қызметші сынақ мерзімінен өтіп жатыр. Өзге аймақтан келген мемлекеттік қызметшілердің өз міндетін атқаруы үшін қызметтік тұрғын үй беріледі. Облыста 273 қызметтік тұрғын үй бар. Ұлт Жоспары ел дамуының барлық саласын қамтып отыр және бұл реформалардың әрқай­сысы қазақстандықтардың тіке­лей атсалысуын талап етеді, дейді Кәрім Көкірекбаев. Бар­шамыздың бір ғана мақ­са­ты­мыз бар – ол халықтың игі­лігі. Көрсетілген қадамдарды жү­зеге асыру бойынша жер қатынастары, құрылыс, электр энергетикасы, агроөнеркәсіптік кешен салаларында ауқымды жұмыстар атқарылды. Мәсе­лен, облыста электр желісі са­ласындағы тасымалдауға және электр энергиясын тара­тумен аймақтық «Жамбыл Электр Же­лі­­лері» компаниясы, ал, энер­гиямен жабдықтаумен «Жам­былЖарықСауда-2030» ЖШС айналысады. Тариф барлық тұ­тынушылар үшін бірыңғай болып табылады. Бекітілген ин­вестициялық бағдарламасы бо­йынша компания 2010 жылдан бастап 4,3 млрд. теңге инвестиция тартты. Өткен жылдың қорытындысы бойынша жалпы салынған ин­вестициялардың көлемі 227 млрд. теңгені құрады. Шетелдік инвесторлармен көлемі 3,2 млрд. АҚШ долларын құрайтын 17 инвестициялық жобаларға ке­лісімдер жасалды. Облыста «United Green» британдық компаниясы бастаған шетелдік ин­весторлар қатыстырылып «BurnoeSolar-1» атты 50 мегаватт қуат өндіретін күн электр стан­сасы салынды. Бұл нысан Орталық Азиядағы ең ірі күн электр стансасы болып табылады. Сондай-ақ, Жамбыл облысында «Тараз химиялық паркі» ар­найы экономикалық аймағын құру жұмыстары жүргізілуде. Онда каустикалық сода мен хлор, үш хлорлы фосфор, глифосат, пестицидтер, метанол өндіретін жобаны іске асыру басталды. Инвестицияның жалпы құны – 256 722 млн. теңге. Жалпы алғанда, шетелдік ин­весторлардың қатысуымен 13 инвестициялық жоба іске асырылу сатысында. Одан бөлек 26 инвес­тормен келіссөздер жүргізілуде. Экономикалық ынтымақтастықты жандандыру мақсатында 14 ин­вестициялық жобаны қытайлық компаниялардың қатысуымен жүзеге асыру мүмкіндігі қарас­тырылуда. IMG_3016Меркі ауданында жаңа­зе­лан­диялық «Фонтерра» және даниялық «Aрла» бағдар­ла­ма­лары бойынша сүт кластерін дамыту мақсатында 40 шаруашы­лық біріккен «Меркі өнімдері» ауыл­­­­шаруа­шылық өндірістік кооперативі құрылды. Алдағы уақытта оның төңірегінде 70-тен 200 басқа дейін асыл тұқымды сауын сиыры бар фермалар құрылатын болады. Облысқа жалпы сомасы 6,5 млрд. теңге өндірісті дамыту, құс және ірі қара мал етін қайта өңдеу бойынша 5 ірі инвесторлар тартылған. Заңның үстемдігін қамтама­сыз ету бағыты бойынша өңір­лерде жергілікті полиция қызметі құ­рыл­ғаны белгілі. Бүгінде Жам­был облысындағы жергілікті полицияның материалдық-тех­никалық базасын нығайтуға жергілікті бюджеттен 600 млн. теңге қаржы бөлінді. Бұл өз кезегінде облыстағы жедел ахуалды тұрақтандыруға ықпал етуде. Атап айтқанда, өткен үш ай ішінде облыста жалпы қылмыстың 0,7 пайызға төмендеуі байқалады, оның ішінде ауыр қылмыстар 3,1 пайызға төмендеген. Ұлт Жоспарының аса ауқымды бағыты – Индустрияландыру және экономикалық өсімді қам­та­масыз ету бойынша нақты жұ­мыстар жүргізілуде. Жер ко­дексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар ауылшаруашылық жерлерін кадастрлық құнынан 50 пайыздық жеңілдікпен 10 жыл мерзім ішінде сатып алуға мүмкіндік береді. Осыған байланысты ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді сатуға шығару мақсатында жергілікті атқарушы органдар тарапынан 22,2 млн. теңге қарастырылды. Жалпы, облыс бойынша жер пайда­ланушыларға жалға беріл­ген ауылшаруашылық жерлерінің көлемі 4,3 млн. гектарды құрайды. Қазіргі таңда 43 жалға алушы 1,4 мың гектар жерді жекеменшікке сатып алуға ниет білдіріп отыр. Сондай-ақ 2,4 мың гектар ауыл шаруашылығы алқаптарын құрайтын 80 жер учаскесінің құжат­тары дайындалып, 1 шілде­ден бастап аукцион арқылы саты­лымға шығарылады. Бүгінгі күні 547 мың га ауылшаруашылық жерлері мемлекет меншігіне қай­тарылды. Оның 538 мың гектары қайта айналымға енгізілді. Инвестициялық жобаларға 55,8 мың гектар жер берілді. Аймақта мүлікті заңдастыру бойынша түсіндіру жұмыстары жалғастырылуда. Заңдастыру рәсімдерін оңайлату нәтижесінде облыста мүлікті жария етуге ынта білдіргендер саны артып, субъектілердің орташа айлық саны 221-ге көбейіп отыр. Егер 2015 жылдың 1 қарашасына дейін 3620 нысан жария етілген болса және акция басталғалы жария етілген мүліктің орташа айлық саны 258 бірлікті құраған болса, қараша айынан бастап бүгінгі уақытқа дейін 2394 нысан жария етіліп, орташа айлық көрсеткіш 479 бірлікті құрады. Бүгінгі күні мүлікті заңдастыруға жалпы құны 32,1 млрд. теңгені құрайтын 6508 өтініш берілген. Оның ішінде құны 30,0 млрд. теңге болатын 6014 нысан жария етілді. Қалғандары комиссиялармен қаралу үстінде. Суреттерді түсірген Ақәділ РЫСМАХАН.

Туризмді дамытудың болашағы зор

Сұрақ: – Жамбыл облысында туризмді дамыту мәселесінде нақты қандай жұмыстар атқа­рылу­да? Кәрім КӨКІРЕКБАЕВ, Жам­был облысының әкімі: – Қазіргі таңда біздің өңірде туризмді дамытудың зор әле­уеті бар. Облыс аумағында орна­ласқан бірегей тарихи-мәдени ескерткіштердің 5-уі 2014 жылы ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мәдени мұра тізбесіне енгізілген. Ендігі кезекте, «Көне Тараз» тарихи-мәдени орталығы өңірлік және халықаралық деңгейлерде туризм индустриясын дамыту аясында Астана қаласында өтетін ЭКСПО-2017 дүниежүзілік көрмесіне келуші қонақтар мен туристерге көрнекті бренд ретінде таныстыру жоспарымызда бар. Өз кезегінде бұл көптеген жаңа жұмыс орындарының ашылуына оң септігін тигізетін болады. Бүгінде Елбасының қатысуымен ашылған «Қазақ хандығының 550 жылдығы» монументі, «Көне Тараз» тарихи-мәдени орталығы, ашық аспан астындағы мұражай, «Мыңбұлақ» аллеясы, «Тараз әуендері» кешені, «Бақылау мұ­нарасы», «Қоршау дуалдары» облыс орталығының көркін еселей түсуде. Алдағы уақытта та­рихи-мәдени орталықтың ау­мағы жаңадан салынып жатқан Мега-орталықты қоса отырып, Қарахан бабаның кесенесіне дейін жалғастырылмақ. Ал «Достық» үйі­нің құрылысы биыл аяқталатын болады. Сұрақ: – Жыл сайын жаздың кезінде жергілікті шаруаларды ағын су мәселесі жағадан алады. Биыл қандай қам жасалуда? – Иә, бұл рас. Жамбыл облы­сындағы егістік жерлердің 80 пайызы қырғыз елінен келетін өзендерге тәуелді. Өткен аптада ғана Қордай ауданында Қыр­ғызстанның үш облысы губернаторларымен кездесіп, осы мәселе бойынша бірқатар келісімдерге қол қойдық. Біздегі мәлімет бойынша көрші елдегі Ортатоғай, Киров су қоймалары бүгінде қа­­жетті суды толық жинап, ке­меріне толып тұр. Облыстағы су қоймаларының да жағдайы осындай. Оның үстіне биылғы көктемде ылғал мол түс­ті. Жауын-шашын жиі жаууда. Сондықтан биыл бұл салада проб­лема болмайды деп ойлаймын. Жалпы, су үнемдеу облыс диқандары үшін өте маңызды.  Өткен жылы тамшылатып суару алқаптары 8 мың гектардан ас­ты. Биыл оны 11 мың гектарға жет­кізбекпіз. Ылғал сақтау ал­қап­тары да 1 мың гектарға артты. Өсімдік  саласында озық технологияларды кеңінен енгізу – көрші мемлекеттің су ресурстарынан тәуел­ді­гімізді азайтудың бірден-бір жолы. Сұрақ: – Облыста толық жұмыс кете алмай жатқан жоба­лар бар. Соның бірі ретінде Та­лас ауданындағы «Талас инвест компани» мен Меркі­дегі «Алкопищепром» кәсіпорын­дарын айтуға болады... – Жалпы алғанда, бүгінде Жамбыл облысында қолға алынған жобалардың 27-сі толық іске қосылып, өз-өзін ақтап отыр. Рас, жұмысын дөңгелетіп алып кете алмай жатқан жобалар да бар. Соның бірі – «Талас инвест компани» ЖШС жұмысын тоқтатқан жоқ. Әйтсе де бұл зауыт биыл 15 мың тонна натрий цианидін шығарамыз деп жоспарлаған болатын. Бірақ бұл мүмкін болмай тұр. Өйткені, Қытайдан келген инвесторлар за­уыт құрылымының кейбір тұстарын әлі де жетілдіре түсуде. Биылға 5 мың тонна натрий цианидін шы­ғаруды көздеп отыр. Келесі жылдан бастап толық көлемде өнім шығарады деп ойлаймын. Ал, «Алкопищепром» тек жазғы маусым кезінде жұмыс істейтіндіктен алдағы кезде жұмы­сын жандандырады. слайд перевод слайд перевод

Әр ауданда ет дайындау мекемелері ашылады

Жамбыл облысында ет өңдеуді дамыту мәселесі мық­тап қолға алынуда. Жа­сыратыны жоқ, бұрын осы кәсіппен айналысатын жамбылдық шаруалар бордақылап отырған жылқысы мен қара малын, қойын Алматы қаласына, Қарағанды, Оңтүстік Қа­зақстан облыстарына тірі­дей тасымалдайтын. Енді міне, етті жергілікті жерде өңдеу мәселесіне көңіл бө­лініп, Меркі ауданында «Агростан» серіктестігі ма­лайзиялық кәсіпкермен бірлесе (жаңазеландиялық жоба негізінде) 5 мың ұсақ мал және 200 бас жылқы бордақылау кешенін пайда­лануға берді. Одан бөлек, тағы 3 мың басқа арналған ірі қара малды бордақылау кешені құрылуда. Жалпы алғанда, ал­дағы екі жылда бұған 350 млн. доллар кө­лемінде инвестиция тарту жоспарланып отыр. Сондай-ақ, Мойынқұм ауданында «Агро фирма Түрік­пен» компаниясы 3 мың бас ірі қара малды борда­қылау ке­шенін және 5 мың бас ірі-қара малға репродуктор жобасын іске асыруда. Осы мақсатта Ресейден 900 бас қалмақ тұқымының ірі қара малы және 1200 бас жылқы сатып алынды. Ал, Т. Рысқұлов ауданында «Шау­шен» шаруа қожалығы қой басын 40 мыңға жеткізу және жылына 110 тонна қы­мыз өндіріп, бие сүті арқылы емдеу-сауықтыру орталығын ашу жобасын іске асыруды жоспарласа, Қордайда «КазМитҚордай» шаруашылығы қолданыстағы ірі қара малды бордақылау алаңының сыйымдылығын 7 мың бас малға дейін ке­ңейтуде. Осыдан кейін облыста биыл тәулігіне 40 тонна ет өңдейтін «Оңтүстік халал тағамдары» кешені іске қосылмақ. Сол сияқты, «Меркі ет» серіктестігі құны 620 млн. теңге ет өнімдерін консервілеу, шұжық өнім­дерінің және сиыр еті өнім­дері­нің өндірісін, «Әулие­­ата феникс» компаниясы құс фабрикасын қайта құру және жаңарту жобасын қолға алды. Бұл 2020 жылға дейін ет экспорты көлемін жылына 1,5-2 мың тоннаға дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Ол үшін әр ауданда ет дайын­дау мекемелері ашылатын болады. Осындай ауқымды жұ­мыс­­тардың нәти­жесінде мал мен құстың барлық түр­лерінің са­ны өсуімен қатар, өндірілген ет 3,7 пайызға, сүт 1,6 пайызға, жұмыртқа көлемі 7,3 пайызға артты. Бетті дайындаған «Егемен Қазақстан» газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі Оралхан Дәуіт.