«Егемен Қазақстан» газеті басшылығында өзгеріс болатынын жұртшылықтың біліп отырғаны рас. Қазақтың бас газетіне кім басшы болар екен деген ойдың талайларды толғандырып жүргені де жасырын емес. Кеше сол түйін тарқатылды.
Инвестициялар және даму вице-министрі Сәкен Сәрсенов «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамына келіп, ұзақ жылдар бойы ұжымды абыроймен басқарған, Мәжіліс депутаты болып сайлануына байланысты еңбек шарты үзілген Сауытбек Абдрахмановқа жемісті қызметі үшін министрдің бұйрығымен алғыс жарияланғанын жеткізді. Елбасының ұйғарымымен, құрылтайшының шешімімен басылымның вице-президенті Еркін Қыдырдың ұжымның жаңа басшысы – АҚ басқармасының төрағасы болып тағайындалғаны айтылды.
Еркін Сағындықұлы Қыдыр «Егемен Қазақстан» газеті редакциясында өсіп, қалыптасқан білікті де белгілі журналист, білімді басшы. Ол газетте 26 жыл бойы табан аудармай қызмет істеп, соның 20 жылында бас редактордың орынбасары, вице-президент қызметтерін атқарған. Бұқаралық ақпарат құралдарына арналған Президент сыйлығын алғашқы болып алған журналистердің бірі ретінде оның қаламынан тәуелсіз еліміздің аяғынан тік тұруына үлес қосқан талай өткір мақалалар мен терең публицистикалық туындылар жарық көріп келді.
«Егемен Қазақстан» басылымын 16 жыл бойы басқарған Сауытбек Абдрахманов өзінің сөзінде редакция ұжымына ұзақ уақыт қатарласа, қанаттаса қызмет еткен бірлескен еңбек үшін алғысын айтып, газеттен қол үзбейтінін, Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінде де баспасөзбен байланыс жағына жауапты болып бекітілгенін атап өтті. Сонымен қатар, ол өзінің ұзақ жылдар бойғы қызметтік, шығармашылық, отбасылық өміріне куә болған ұжыммен қимай қоштасатынын айтты. Қолынан қаламын тастамай, газетке енді автор ретінде қатысып тұратынын да жеткізді. Шын жүректен шыққан осынау жан толқытарлық сөздерді әріптестері тебірене тыңдады. Шығып сөйлеген ұжым мүшелері Сауытбек Абдрахмановты білімді басшы, білікті тұлға, парасатты азамат ретінде жүрек төрінде сақтайтындарын риясыз пейілден айтты.
«Егемен-ақпарат».

VI Азия жағажай ойындары: Су добынан Қазақстан құрамасы қола жүлде еншіледі
Спорт • Бүгін, 13:40
Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия саны екі есе артады
Мәдениет • Бүгін, 13:28
Еңбек инспекторлары мыңнан астам жұмысшының жалақысы төленбегенін анықтады
Қоғам • Бүгін, 13:12
Депутаттар медициналық білім беру жүйесін 7 жылға дейін ұзартуды ұсынды
Медицина • Бүгін, 13:02
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Андрей Бабиш шағын құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Бүгін, 12:57
Отандасымыз Закир Найманбаев UFC лигасында үздік үштікке енді
Спорт • Бүгін, 12:42
Мектептерде оқушыларға смартфон қолдануға тыйым салынуы мүмкін
Парламент • Бүгін, 12:27
Президент Ақордада Чех Республикасының Премьер-министрін қарсы алды
Президент • Бүгін, 12:15
Жайдарманшы мен филолог: Күрес федерациясындағы кадрлық шешімдер қызу талқыға түсті
Спорт • Бүгін, 12:10
АҚШ-та Трамптың бейнесі бар мерейтойлық паспорттар шығарылады
Әлем • Бүгін, 11:53
Тәуелсіз сауалнама: Халықтың басым бөлігі Президентке сенім білдірді
Қоғам • Бүгін, 11:47
«Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» эпосы желісімен ЖИ-фильм түсірілді
Жасанды интеллект • Бүгін, 11:35
Пікір • Бүгін, 11:25