Су тасқынынан жапа тартқандарға гуманитарлық көмек көрсетушілердің қатары өңірде күн санап көбейіп келеді. Қайырымдылық акцияға алғашқылардың қатарында облыстық ішкі істер департаментінің қызметкерлері үн қатты. Олар қарғын судан қатты зардап көрген Тайынша ауданының тұрғындарына гуманитарлық көмек жөнелтті. Шешім офицерлер жиналысында бірауыздан қабылданып, шара жедел түрде жүргізілді. Жүк тиелген көлік ОІІД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Виктор Букреевтің басқаруымен апат аймағына жеткізіліп, азық-түліктер мен киім-кешектер, құрылыс материалдары ауыл тұрғындарына таратылды. Еске сала кетейік, Донецкое, Ясная Поляна, Келлеровка, Доброжановка ауылдарын ағын су басып қалған болатын. Ал, Тайынша АІІБ жеке құрамы тәулік бойы жергілікті халықты туыстарына және жергілікті мектепке көшіруге көмектесті. Балаларды, үй малын және қажетті мүліктерді тасыды.
Жолды шайып кеткен жерлерде кезекшілік ұйымдастырылды. Қызыл ай қоғамының жергілікті бөлімшесі Келлеровка ауылының тұрғындарына жылы киімдер, гигиеналық заттар, азық-түлік тағамдарын үлестірді. «Әліби» астық компаниясының жетекшісі Нұрлан Тілеубаев 2 миллион теңгенің жәрдемін жасады.
Облыстық әкімдіктің қорынан қаржы бөлініп, айтарлықтай зақым келген баспана иелеріне өтемақы беру басталып кетті. Солардың бірі Владимир Дворецкий қаражатқа мал сатып алып, қосалқы шаруашылықпен айналыспақ. Алмагүл Абылайхан да көрсетілген көмекке дән риза.
Аймақ басшысы Ерік Сұлтанов тікұшақ арқылы су тасқыны ауқымын тағы бір мәрте байқап қайтты. Есіл, Аққайың, Қызылжар аудандарында жағдай алаңдатарлық. Сергеев гидроторабында судың деңгейі бөгеттен 2 метр, Новоникольское ауылында 1 метр көтерілген. Өзен суы күре жолдың бойында орналасқан Покровка елді мекеніне жетіп, жағалай қонған ауылдар да су құрсауында қалған. Ерік Хамзаұлы тікұшақ бортында дамбалардың тиісті жерлерін жабдықтауға тапсырмалар беріп, облыс орталығындағы Заречный және Былғары зауыты кенттерін су басу ықтималдығын атап көрсетті. Соған орай сақтық шараларын күшейтуді, көшіру орындарын дайындауды тапсырды. Петропавл су торабындағы барлық қақпалар ашылып, Есіл суын бөгетсіз өткізу міндеттері тиісті орындарға жүктелді.
Тілшілер қосынына түскен соңғы ақпараттар бойынша облыс орталығымен іргелес Бескөл кентінің бірқатар аймағын су басқаны белгілі болды. Санта Барбара шағын ауданында 21 үй су астында қалған. Қарғын су Гусиное көлінен келсе керек. Жол жиегіндегі дәмханаларды да су шайған. Қазір бұл маңға да құтқару техникалары мен күштік құрылымдар жұмылдырылған.
Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан».
Солтүстік Қазақстан облысы.

VI Азия жағажай ойындары: Су добынан Қазақстан құрамасы қола жүлде еншіледі
Спорт • Бүгін, 13:40
Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия саны екі есе артады
Мәдениет • Бүгін, 13:28
Еңбек инспекторлары мыңнан астам жұмысшының жалақысы төленбегенін анықтады
Қоғам • Бүгін, 13:12
Депутаттар медициналық білім беру жүйесін 7 жылға дейін ұзартуды ұсынды
Медицина • Бүгін, 13:02
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Андрей Бабиш шағын құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Бүгін, 12:57
Отандасымыз Закир Найманбаев UFC лигасында үздік үштікке енді
Спорт • Бүгін, 12:42
Мектептерде оқушыларға смартфон қолдануға тыйым салынуы мүмкін
Парламент • Бүгін, 12:27
Президент Ақордада Чех Республикасының Премьер-министрін қарсы алды
Президент • Бүгін, 12:15
Жайдарманшы мен филолог: Күрес федерациясындағы кадрлық шешімдер қызу талқыға түсті
Спорт • Бүгін, 12:10
АҚШ-та Трамптың бейнесі бар мерейтойлық паспорттар шығарылады
Әлем • Бүгін, 11:53
Тәуелсіз сауалнама: Халықтың басым бөлігі Президентке сенім білдірді
Қоғам • Бүгін, 11:47
«Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» эпосы желісімен ЖИ-фильм түсірілді
Жасанды интеллект • Бүгін, 11:35
Пікір • Бүгін, 11:25