12 Сәуір, 2016

Басқарудың жер үсті кешенінде болды

400 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
СЕНАТ үлкенПарламент Сенаты Халықаралық қа­тынастар, қорғаныс және қауіп­сіздік комитетінің мүшелері Ақмола облысында орналасқан Ақкөл «Рес­пуб­ликалық ғарыштық байланыс орта­лығы» жер үсті басқару кешенінің қыз­меткерлерімен кездесті. Сенаторлар кездесу барысын­да теле­ком­муникациялық «Kaz­Sat-2» және «KazSat-3» серік­­терін басқаруды қамтамасыз ететін «Ақкөл» жер үсті басқару кеше­ні­нің бөлім­шелерімен танысты. Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік ко­митетінің төрағасы Икрам Адыр­беков ұжымды Дүниежүзілік авиа­ция және космонавтика күнімен құттықтады. Ол 10 нау­­рызда Сенат «Қазақстан Республикасының кей­бір заң­на­малық актілеріне ғарыш қыз­меті мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң қа­был­дағаны туралы хабардар етті. Құжатта экономика, азаматтық қорғаныс, қоршаған орта, геодезия және картография, сәулет және қала құрылысы салаларында ғарыш қызметінің нәтижелерін іс жүзінде пайдалану үшін құ­қық­тық тетіктер көзделген. Жаңа заңды талқылау бары­сында ақ­па­раттандыру дең­гейі кез келген мемлекеттің қуат­тылығы мен қауіпсіздігін баға­лаудың маңызды белгісі әрі ішкі және сыртқы стратегияны әзір­леудің маңызды құралы екені атап өтілді. Тәуелсіздік жылдарында Қа­зақстан қазіргі заманғы ға­рыш­тық инфрақұрылым қалып­тас­тырды, бірақ ол одан әрі же­тіл­діруді талап етеді. Одан басқа, ға­рыш қызметіндегі  жетістіктер мен барлық инфрақұрылымдар мем­лекетті дамытуға және ны­ғай­туға жұмыс істеуі қажет. Бұл осы заңды қабылдауға себептердің бірі болды. Сенатор И.Адырбеков, сон­дай-ақ, ғарыш­тан түсірілген су­реттерді пайдалану саласында ғарыш жүйесінің өнімдері мен қызметін пайдалану аясын кеңейту және мемлекет пен жеке сектордың әріптестігін ұл­ғайту қажеттігін атап өтті. Со­нымен қатар, ғарыш жүйесін құру барысында қазақстандық үлесті ұлғайту, ғарыштық инфра­құрылымның жер үстіндегі отан­дық нысандарын, оның ішінде ғарыш техникасының арнаулы конструкторлық-технологиялық бюросын көбейту қажет. Кездесу соңында алға қойыл­ған мін­дет­терді іске асыру барысында туындайтын, заңнамалық қолдауды талап ететін өзек­ті мәселелерді шешуде сенаторлар жәрдем­де­суге әзір екені атап өтілді, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.