Ұлттық музейде «Мәскеу ақша сарайының күміс маркаларындағы Мекке» атты көрме өтті.
«Мәскеу ақша сарайы ұсынып отырған көрме эксклюзивті көрме болып саналады. Қасиетті Меккеге ғана емес, жалпы Ислам діні мәдениетіне жасалған үлкен құрметтің белгісі ретіндегі топтаманы жасау үшін 3 жыл уақыт қажет болған. Ондағы маркалардың тура қырық санына сәйкестендірілуі кездейсоқ емес. Ардақты пайғамбарымызға 40 жасында Алладан уахи келген. Сонымен қатар, 40 саны өзге діндерде де қасиетті болып саналады. Ережеп айы басталғанда осы көрменің Ұлттық музейде өтіп жатқанына қуаныштымыз, – деді көрменің ашылу салтанатында топтамадағы маркалар ерекшелігіне тоқталған Ұлттық музейдің директоры Дархан Мыңбай.
Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы Қуатжан Уәлиев күміс маркалар шектеулі тиражбен шығарылғанын, сондықтан да аз уақыт ішінде антиквариатқа айналғанын алға тарта келіп, құнды жәдігерлер көрмесі алғаш рет 2013 жылы Татарстанда өткенін және бұл көркемдігі жағынан әлемде баламасы жоқ бұйымдардың ұсынылымы екенін айтты.
Ал, «ВТ» компаниясының директоры Владимир Прусаков осынау маңызды жобаны Ұлттық музейде өткізуге мұрындық болған ұйымдастырушыларға алғыс білдірді. Сонымен қатар, маркалар топтамасын жасау идеясы жайында әңгімелеп берді. Айта кету керек, «Күміспен күптелген Мекке» атты маркалар топтамасын жасау идеясы 2006 жылы «Алтын және Күміс Құрандар» жобасын жалғастыру әрі оны дамыту ниетінде туса, 2013 жылдан бері түрлі дүниежүзілік, халықаралық көрмелерге қатысып келе жатқаны өз алдына бөлек тарих. Сайып келгенде, бұлар ғасырлар артефакты болып табылады. Бұл жұмысқа ғалымдардан бастап, сарапшылар, технологтар, инженерлер, дизайнерлер, мүсіншілер мен суретшілер тартылған.
Қаршыға КҮЛЕН.

VI Азия жағажай ойындары: Су добынан Қазақстан құрамасы қола жүлде еншіледі
Спорт • Бүгін, 13:40
Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия саны екі есе артады
Мәдениет • Бүгін, 13:28
Еңбек инспекторлары мыңнан астам жұмысшының жалақысы төленбегенін анықтады
Қоғам • Бүгін, 13:12
Депутаттар медициналық білім беру жүйесін 7 жылға дейін ұзартуды ұсынды
Медицина • Бүгін, 13:02
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Андрей Бабиш шағын құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Бүгін, 12:57
Отандасымыз Закир Найманбаев UFC лигасында үздік үштікке енді
Спорт • Бүгін, 12:42
Мектептерде оқушыларға смартфон қолдануға тыйым салынуы мүмкін
Парламент • Бүгін, 12:27
Президент Ақордада Чех Республикасының Премьер-министрін қарсы алды
Президент • Бүгін, 12:15
Жайдарманшы мен филолог: Күрес федерациясындағы кадрлық шешімдер қызу талқыға түсті
Спорт • Бүгін, 12:10
АҚШ-та Трамптың бейнесі бар мерейтойлық паспорттар шығарылады
Әлем • Бүгін, 11:53
Тәуелсіз сауалнама: Халықтың басым бөлігі Президентке сенім білдірді
Қоғам • Бүгін, 11:47
«Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» эпосы желісімен ЖИ-фильм түсірілді
Жасанды интеллект • Бүгін, 11:35
Пікір • Бүгін, 11:25