12 Сәуір, 2016

Қаржылық бақылау кешенді шараларға негізделеді

351 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін
КулмаганбетовҚазақстанның қазіргі заманғы мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесі жетілу мен қалыптасу кезеңдерінен өтті. 1996 жылы құрылған Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитеті  еліміздегі сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылаудың маңызды институттарының біріне айналды.  Есеп комитеті тек республикалық бюджет пен Ұлттық қор қаражаттарының жұмсалуына ғана емес, сондай-ақ, мемлекет активтерін басқару тиімділігін арттыру, республикалық бюджетке түсетін түсімдердің толықтығы мен уақтылылығын қамтамасыз ету және қаржы тәртібін нығайту бөлігінде де сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асырады. Жоспар бойынша халықаралық стан­дарттардың талаптарына сәйкес келетін бақылаудың (ау­дит­тің) жаңа стандарттары мен әдістерін ендіру бойынша жұмыс­тар жүргізеді. Мемлекеттің стратегиялық бағдарламаларының басым бағыттарын іске асырудың тиімділігіне тақырыптық бақылау жүргізуге, соның ішінде білім беру мен ғылым саласына ерекше назар аударады. Мәселен, Есеп комитетінде жоғары білім мен ғылым сала­сын­дағы мемлекеттік активтерді басқарудың, жоғары және жо­ғары оқу орнынан кейінгі білім беруді қаржыландыруға бө­лін­ген республикалық бюджет қаражатын пайдаланудың тиім­ділігін айқындау бойынша бақылау іс-шарасын жүргізгенін мысал ете аламыз. Бақылау нәтижелерінің талдауы бойынша аталған сала­дағы шешімді талап ететін бірқатар өзекті мәселелердің барына көз жеткіздік. Ғылым саласындағы бақы­лаудың маңызды мәселесі  –  ғылыми қызметтің тиімділігін бағалау мен жүйелік талдау. Алайда, бұл бағыт ғылыми саладағы ведомстволық бақылаудың негізгілерінің біріне айналған жоқ, бұның өзі бюджет қаражаттарын пайдаланудың тиімділігіне теріс әсер ететін болады. Мәселен, зерттеу нәтижелерін одан әрі қолданудың тиімді тетігі болмауына байланысты, сон­дай-ақ, ғылым саласының материалдық-техникалық база­сының нашарлығынан нысаналы ғылыми-техникалық бағ­дарламалар өнеркәсіп өндірісіне арналған тәжірибелік үлгілер, модельдер мен құрылғылар түріндегі түпкілікті өнім алу­ға бағдарланбаған, ғылыми-зерт­теулердің нәтижелері талап етіл­мей отыр. 2015 жылы Білім және ғылым министрлігіне жүргізілген бақылау іс-шарасының қорытындысы ғылыми-техникалық қызмет сала­сындағы 86 зерттеудің нәти­жесі енгізілмегенін, оларды жүр­гізуге республикалық бюджеттен 10,2 млрд. теңге жұмсалғанын айқындап берді. Гранттық қаржыландыруға арналған жобаларды мақұлдау рәсімінде мүдделер қақтығысы орын алған. Мәселен, 41 жобаның басшыларының өздері оларды қаржыландыру туралы шешім қабылдаған Ғылыми кеңестің мүшелері болып табылған. Қазіргі таңда жоғары білім саласын жеткілікті дәрежеде қар­жыландыру бюджет қаражатының нысаналы және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету проблемасын шешудің жалғыз критерийі болып табылмайтынын атап өту керек. Мәселен, Есеп комитетімен жүр­гізілген жоғары білім беру саласында мемлекет активтерін бас­қарудың, жоғары және жо­ғары білімнен кейінгі білім бе­руді қаржыландыруға бөлінген республикалық бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігін бақы­лаудың қорытындысы бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде жоғары оқу орындарының түлектерін жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету нормалары заңнамалық дең­гейінде жасалмағандықтан, 2014 жылы 8 949 түлек жұмысқа орна­ластырылмаған. Олардың оқуларына 4,0 млрд.  теңге респуб­ликалық бюджет қаражаты жұм­салған. Аталған факті бюджет қаражатын пайдаланудың нәти­желілігі және тиімділігі, алға қойылған нәтижелерге қол жет­кізу принциптерінің толық сақ­талмағанын көрсетеді. Жоғары білімі бар мамандарды даярлауға арналған қаражат бөлу кезінде жоғары оқу орындарының нақты қажеттіліктері ескерілмегені анықталды. Нәтижесінде 2014-2015 жылдары Білім және ғылым министрлігі іс жүзінде көрсе­тіл­меген қызметтерге 1,4 млрд. теңге төлеген. Жүргізілген бақылаудың қоры­тындысы бойынша жалпы сомасы 55,5 млрд. теңгеге бюджет және өзге де заң бұзушылықтар анықталды, республикалық бюджет қаражаты мен мемлекет активтерінің тиімсіз пайдалануы – 11,6 млрд. теңгені құрады. Бюджеттік шығыстардың тиімділігі мен нәтижелілігін арттыру мақсатында аталған бақылау іс-шарасының қорытындысы бойын­ша Білім және ғылым минис­тр­лігіне анықталған бұзушылықтар мен кем­шіліктерді жою, бюджет және өзге де заңнаманың сақталуын қамтамасыз етпеген және қаржы тәртібін бұзу­шылықтарға жол берген мем­лекеттік органның лауазымды тұлғаларының жауаптылығын қарау жөнінде, сондай-ақ, осы саладағы нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру бойынша тапсырмалар берілді. Есеп комитетінің нұсқамасы бойынша қабылданған шаралары бірқатар анықталған бұзу­шылықтар мен кемшіліктерді жоюға мүмкіндік берді. Нәти­жесінде республикалық бюджет кірісіне 1,5 млрд. теңге өтеліп, мердігермен арада жасалған шарт міндеттері бойынша орындалған жұмыстар мен қызметтердің 1,3 млрд. теңгесі қалпына кел­тірілді. Сонымен қоса, Білім жә­­не ғылым министрлігімен бір­қатар ведомстволық нор­ма­­тивтік-құқықтық актілер қа­былданды. Мәселен, аяқ­тал­ған ғылыми жобалар мен бағ­дарламалардың нәти­желілігін бағалау әдістемесі әзірленді, қыз­меттік автокөліктер бойын­ша әкімшілік шығыстардың ли­миті бекітілді, республикалық бюд­жеттер қаражаты есебінен ел ішіндегі және шетелдік қыз­меттік іссапарларға арналған шы­ғыстардың нормасы бекітілді. Осылайша, Есеп комитеті жүргізетін бақылау іс-шаралары тек бюджет қаражатының мақсатсыз және тиімсіз қолданылуына алып келетін бюджет және өзге де заңнама бұзушылықтарды анық­тауға ғана емес, сонымен бірге, қаржылық бұзушылықтар мен олқылықтарды факторлық талдау­да кешенді жұмыстар жүргізуге және оларды жоюға, ұсыныстар мен ұсынымдарды дайындауға мүмкіндік береді. Совхозбек ҚҰЛМАҒАНБЕТОВ, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі. АСТАНА.