Қазақ ғылымының бүгінгі жеткен биігі мен алдағы бел-белесіне арналған «Ғылым және бизнес» халықаралық форумы Алматы қаласында Ғылым күніне орайластырылып өткізілді.
Бұл іс-шараға көрнекті ғалым академиктер, Ұлттық ғылыми кеңестің мүшелері, шетелдік сарапшылар, жоғары оқу орындарының жетекшілері мен ғылыми қызметкерлері қатысты. Алқалы жиында Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев сөз алып, тарихымыздағы айтулы кезең – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аталып жатқан тұстағы кәсіби мереке – Ғылыми қызметкерлер күнімен қатысушыларды құттықтай келіп, «Қазіргі кезде әлемде ғылым мен жаңа технологияларды дамыту өзекті тақырыптардың бірі. Ғылыми әлеует, ғылыми техникалық ресурстар көбінесе әр елдің әлемдік қауымдастықтағы алатын орнын анықтайды, оның әлеуметтік-саяси экономикалық мәселелерін тиімді шешуге мүмкіндік береді» дей келіп, отандық ғылымның дамуы жайлы ой байламдарын ортаға салды. Сол секілді, форумда Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрынов өндірісті ғылыми тұрғыдан сүйемелдеу қажеттілігіне тоқталды. Ал шетелдік сарапшы, Корея ғылыми-техникалық ақпарат институтының өкілі Чал Су Лим Қазақстандағы ғылыми-техникалық ақпарат жүйесін Оңтүстік Кореяның тәжірибесін пайдалана отырып жетілдіру мүмкіндіктері бойынша жасаған баяндамасы жұртшылықтың көңілінен шықты.
Форум аясында ғылыми-техникалық ақпарат жүйесін дамыту, басқа да мәселелер қозғалып, Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойына байланысты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
«Егемен-ақпарат».

Астанада ер адам жұбайын көпшілік көзінше соққыға жыққан
Оқиға • Бүгін, 15:58
Толассыз жауын, үсік: Алдағы екі күнде ауа райы қалай құбылады?
Ауа райы • Бүгін, 15:03
Бішкекте жалған доллар өткізумен айналысқан екі қазақстандық сотталды
Оқиға • Бүгін, 14:13
Былтыр Астанада қанша шетелдік ем алды?
Медицина • Бүгін, 13:40
ҚАТЗУ-да экономика ғылымдарының докторы атындағы аудитория ашылды
Ғылым • Бүгін, 13:00
Қазақстанда қанша ұлт өкілі тұрады?
Қоғам • Бүгін, 11:54
Футболдан әлем чемпионаты: Иран құрамасына қатысты нақты шешім жарияланды
Футбол • Бүгін, 11:15
Мамыр айында ел тұрғындары неше күн демалады?
Қоғам • Бүгін, 10:55
Астанада LRT пойызының қозғалысы уақытша тоқтатылды
Елорда • Бүгін, 10:26
32 градусқа дейін ыстық: Бүгін ел аумағында ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 09:45
Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:23
Президент Қазақстан халқын Бірлік күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 09:02
1 мамырда Қазақстанда ауа райы күрт құбылады
Ауа райы • Кеше
Алматыда Қазақстандағы алғашқы крематорий ашылды
Қоғам • Кеше