Елбасының тапсырмасына орай елімізде қылмысқа қарсы күрес күннен күнге қарқын алып келеді. Бұл міндетті сапалы орындау үшін қудалау органдарының қызметіне айтарлықтай жаңалықтар да еніп жатыр. Ал мұндай игі өзгерістердің бәрі қылмыспен күресте оң нәтижесін беретіні сөзсіз. Соның бірі ретінде айтар болсақ, кеше Астана қаласы ІІД Консультативтік кеңес органының алғашқы отырысы өтті.
Консультативтік кеңес органының алғашқы отырысын Астана қаласы Ішкі істер департаменті бастығы полиция генерал-майоры Амантай Әубәкіров ашты. Департамент басшысы өз сөзінде Консультативтік кеңес органы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «100 нақты қадам» – Ұлт Жоспарында көзделген талаптарын жүзеге асыру мақсатында құрылғандығын және органның басты мақсаты Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғау, полиция қызметін әділ әрі ашық ету, азаматтық қоғам мен құқық қорғау органдарының арасында өзара байланыс орнату болып табылатындығын атап өтті.
Консультативтік кеңес органының құрамына Парламент Мәжілісінің депутаты Абай Тасболатов, қалалық мәслихаттың депутаттары Жанат Нұрпейісов, Зәуре Жүсіпова, «Ұлттық-ғылыми медициналық орталығы» АҚ бас директоры Абай Байгенжин, «Цеснабанк» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі Николай Мещеряков, «Ұлттық-ғылыми каридохирургия орталығы» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Қадыр Омаров және т.б. енді.
Аталмыш кеңестің негізгі міндеттері – ішкі істер органдарына олардың қызметінің айқындылығын қамтамасыз етуге ықпал жасау, халықтың мемлекеттің ішкі істер органдарына сенімін арттыру, үкіметтік емес ұйымдардың құқықтық мемлекетті нығайтудағы рөлін одан әрі арттыру, ішкі істер органдарының қызметіне консультативтік, әдістемелік және өзге де қолдаулар көрсету, ішкі істер органдарының қызметкерлерін әлеуметтік мәселелерін шешуге ықпал ету болып табылады. Ал аталған Консультативтік кеңес органының төрағасы болып «Ұлттық ғылыми медициналық орталығы» АҚ бас директоры Абай Байгенжин сайланды.
Александр ТАСБОЛАТОВ,
«Егемен Қазақстан».

Қазақстан Ресейден электр энергиясын сатып алудан бас тарта ма?
Қазақстан • Бүгін, 10:43
Куба шекарасындағы атыстан 4 адам қаза тапты
Әлем • Бүгін, 10:33
Астанада аяз күшейді: Екінші ауысымның оқушылары қашықтан оқиды
Елорда • Бүгін, 10:25
«Ресейге қайтуды жоспарлап отырмын»: Әзілкеш Нұрлан Сабуров Пхукетте концерт берді
Қоғам • Бүгін, 10:11
Боранға байланысты қай жолдар жабылды?
Ауа райы • Бүгін, 09:55
Алматыда есірткінің ірі көлемін саудалағандар ұсталды
Заң • Бүгін, 09:50
Су қоймаларының құрылысы қалай жүріп жатыр?
Қоғам • Бүгін, 09:42
Бүгін ел аумағында ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 09:38
Ақша айырбастау орындарында доллар бағамы қандай?
Қаржы • Бүгін, 09:20
Цифрландыру дәуірінде балалардың көзін қалай қорғауға болады?
Балалар • Бүгін, 09:17
Конституцияда адам капиталы – негізгі басымдық
Саясат • Бүгін, 09:00
Көлік саласындағы келелі істер
Саясат • Бүгін, 08:55
Пікір • Бүгін, 08:50
Инфляция: Қатаңдық емес, икемділік керек
Экономика • Бүгін, 08:45