12 Сәуір, 2016

Қостанай қаласының бұрынғы әкімі 13 жылға сотталды

300 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
12-04-2016-Kostanai akimҚОСТАНАЙ. 12 сәуір. Қостанайда аса шулы «үлкен әкімдік ісі» аяқталып, кінәлілер жазасын алды. Олар 14 жыл, соңы 4 жыл бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы ng.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Судья Ерлік Сералин Қостанай қаласының бұрынғы әкімі Ахмедбек Ахметжановты 13 бас бостандығынан айыруға және мүлкін тәркілеуге үкім шығарды. Сонымен қатар енді ол мемлекеттік қызметтің маңайынан жүрмейтін болады. Бұрынғы әкім жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейді. Қала әкімінің бұрынғы орынбасары Мақсұт Қалиев те тордың арғы жағында, жалпы режимдегі колонияда 4 жыл отыратын болады Сондай-ақ, оның да мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметтен аластатылды. «Үлкен әкімдік ісінің» басқа қатысушылары Леонид Васильев 14 жылға, Сергей Бектібаев 11 жылға, Гагик Овнанян 10 жылға сотталды. Еске сала кетсек, бұл топтың барлығына да бюджет қаржысын жымқырды деген айып тағылды. Бұрынғы қала басшысы Ахмедбек Ахметжанов өткен жылдың 8 қыркүйегінде ұсталған болатын. Ол тендер өткізуде лауазымдық қызметін асыра пайдаланып, «Стройметсервис-2007» құрылыс фирмасының мүддесін ойлаған. Мемлекетке 67,5 миллион теңге залал келтірген. Судья Ерлік Сералин сот мәжілісінен кейін журналистерге баспасөз мәслихатын өткізді. Онда ол журналистерден түскен «Васильевке берген жаза неге прокурор сұрағандай 12 жыл емес, 14 жыл, Қостанай қаласының бұрынғы әкімі Ахметжановқа кескен жазадан қатаң болды?» деген алғашқы сұраққа жауап берді. Қостанай қалалық сотының судьясы Ерлік Сералин: «Васильевке мұндай қатаң жаза оның осы істе тым белсенді болғаны үшін берілді. Пара беру жүйесінде ол тым белсенді іс атқарған. Кәсіпкерлерге өзі телефон шалып, тендердің 10 пайызын қоқан-лоққы көрсетіп алып, көп бөлігін өзіне тастап отырды. Ол лауазым иелерін арқаланды, оның ішінде Қостанай облысының бұрынғы әкімі Сәдуақасов та бар», – деді. Нәзира Жәрімбетова Дерек, фото: ng.kz. 12-04-2016-Kostanai akim1