ҚАРАҒАНДЫ. 12 сәуір. Қарағанды облысында өздерін «министрліктенбіз» деп таныстырған жалған комиссия 10 мектептің директорларынан ақша бопсалаған. Бұл туралы Қарағанды облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Жалған комиссияның жұмысы туралы мәлімет ең алдымен облыстың Ақбастау ауылындағы мектеп директорынан түсті. Ол «102» телефонына хабарласып, үш адамнан тұратын комиссияның «кемшіліктер табыла қалса оған көз жұмамыз» деп, 100 мың теңге бопсалағанын хабарлаған.
Сол күні жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары бұрын істі болған 54 жастағы әйел мен оның екі сыбайласын ұстады. Тергеу барысында күдікті әйел өзінің арам ойын іске асыру үшін екі адамды жалдағанын мойындады. Сондай-ақ, жалған комиссияның 10 мектеп директорларынан ақша бопсалағаны анықталды.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Қайрат Әбілдинов.
Дерек: Қарағанды облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
Фото: news.ykt.ru.
• 12 Сәуір, 2016
Қарағандыда алаяқтар мектеп директорларын бопсалаған

VI Азия жағажай ойындары: Су добынан Қазақстан құрамасы қола жүлде еншіледі
Спорт • Бүгін, 13:40
Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия саны екі есе артады
Мәдениет • Бүгін, 13:28
Еңбек инспекторлары мыңнан астам жұмысшының жалақысы төленбегенін анықтады
Қоғам • Бүгін, 13:12
Депутаттар медициналық білім беру жүйесін 7 жылға дейін ұзартуды ұсынды
Медицина • Бүгін, 13:02
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Андрей Бабиш шағын құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Бүгін, 12:57
Отандасымыз Закир Найманбаев UFC лигасында үздік үштікке енді
Спорт • Бүгін, 12:42
Мектептерде оқушыларға смартфон қолдануға тыйым салынуы мүмкін
Парламент • Бүгін, 12:27
Президент Ақордада Чех Республикасының Премьер-министрін қарсы алды
Президент • Бүгін, 12:15
Жайдарманшы мен филолог: Күрес федерациясындағы кадрлық шешімдер қызу талқыға түсті
Спорт • Бүгін, 12:10
АҚШ-та Трамптың бейнесі бар мерейтойлық паспорттар шығарылады
Әлем • Бүгін, 11:53
Тәуелсіз сауалнама: Халықтың басым бөлігі Президентке сенім білдірді
Қоғам • Бүгін, 11:47
«Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» эпосы желісімен ЖИ-фильм түсірілді
Жасанды интеллект • Бүгін, 11:35
Пікір • Бүгін, 11:25