АСТАНА. 12 сәуір. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Тегеранға ресми сапары аясында Қазақстан мен Иран арасындағы сотталған адамдарды беру туралы келісімге қол қою рәсімі өткізілді. Келісімге Қазақстан тарапынан Бас прокурор Асхат Дауылбаев пен Иранның Әділет министрі Мостафа Пур-Мухаммади Рухани қол қойды. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Осыған дейін Қазақстан Иранмен адамдарды ұстап беру туралы, сондай-ақ, құқықтық көмек, азаматтық және қылмыстық мәселелер бойынша құқықтық қатынастар туралы шарттар жасасқан болатын. Осылайша, Иран Ислам Республикасы таяу шығыс елдері арасында Қазақстан Республикасының екі ел құқық қорғау органдарының тиімді ынтымақтастығы үшін барлық қажетті халықаралық нормативтік-құқықтық база құрылған алғашқы мемлекет болды.
Тараптар атап өткендей, аталған халықаралық құжатқа қол қою қылмысқа қарсы тұру, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, сонымен қатар екі ел азаматтарының негізгі құқықтары мен мүдделерін қорғау саласындағы қазақстандық-ирандық әріптестікті нығайту жолындағы маңызды қадам болып табылады.
Осы күні Асхат Дауылбаев Әділет министрі Мостафа Пур-Мухаммади Руханимен, Бас прокурор Мохаммад Джафар Монтазеримен, Жоғарғы сот төрағасының бірінші орынбасары, Иранның бұрынғы Бас прокуроры Мохсени Еджеймен екіжақты кездесулер өткізді, олардың барысында өзара мүдделілік туғызатын кең ауқымды мәселелер талқыланды.
Сұхбаттасушылар халықаралық күн тәртібіндегі неғұрлым өзекті мәселелер туралы пікір алмасты. Ынтымақтастықтың басым бағыттары, оның ішінде трансұлттық ұйымдасқан қылмыспен, терроризммен, экстремизммен, киберқылмыспен, есірткі тасымалымен күресу, сондай-ақ, тәжірибе және ақпарат алмасу мәселелері қозғалды.
Ведомстволардың басшылары қазіргі әлем тұрғысындағы халықаралық және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша Қазақстан мен Иранның пікірлестігін баса айтып, құқықтық ынтымақтастықтың барлық бағыттары бойынша қарым-қатынастарды нығайтуға мүдделілік білдірді.
Иранның Әділет министрі және Бас прокуроры қазақстандық прокуратураның елдің халықаралық-құқықтық саясатын жүзеге асырудағы рөлін жоғары бағалап, екіжақты ықпалдастықты тереңдетуге қатысты ниетін растады.
Иранның Бас прокурорымен кездесудің нәтижесінде тараптар Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен Иран Ислам Республикасының Бас прокуратурасы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Қабылданған құжат екі мемлекеттің қылмыспен күрес, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау, ұйымдасқан қылмысқа, терроризмге, экстремизмге, сыбайлас жемқорлыққа, заңсыз қару-жарақ, есірткі және психотроптық заттар айналымына, экономика саласындағы және ақпараттық технологиялар саласындағы қылмыстарға қарсы тұруда өзара ынтымақтастықты дамытуға, құқықтық ықпалдастықтың барлық басты аспектілері бойынша екіжақты әріптестікті кеңейтуге мүмкіндік береді.
Талғат Райымбек.
Дерек, фото: Бас прокуратураның баспасөз қызметі.
• 12 Сәуір, 2016
Қазақстан мен Иран сотталған адамдарды беру туралы келісім жасасты

«Қайрат» – «Брюгге» матчы: билеттер сатылымы басталды
Спорт • Бүгін, 23:56
Тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын: 9 қаңтарда бірнеше өңірде ескерту жасалды
Ауа райы • Бүгін, 22:50
Спорттық мансабын аяқтаған Бекзад Нұрдәулетов басшылық қызметке тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 22:24
«Ұлттық қор – балаларға»: төлемдер көбіне қандай мақсаттарға жұмсалып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 21:53
Ата-енесін өлтірді деп күдікке ілінген күйеу бала туралы тың мәлімет жария болды
Қылмыс • Бүгін, 21:37
Шымкентте жағымсыз иіс қайта сезілді
Шымкент • Бүгін, 21:16
Дубай биыл қолма-қол ақшадан бас тартады
Әлем • Бүгін, 20:58
Ақтауда ер адамды соққыға жықты: қылмыстық іс қозғалды
Қоғам • Бүгін, 20:31
«Оқжетпес» футбол клубына жаңа бапкер тағайындалды
Спорт • Бүгін, 20:13
31 желтоқсан күні ең көп неке қай өңірде тіркелді
Отбасы • Бүгін, 19:55
Талдықорғанның өндіріс көлемі 6,5%-ға өсті
Партия • Бүгін, 19:33
Ұстаздар қолданыстағы заңның түйткілді тұстарын атады
Ғылым • Бүгін, 19:18
Атыраудағы жоғалған отбасының қызы мен баласын сүңгуірлер іздеп, таба алмады
Қоғам • Бүгін, 18:59
Аграрлық колледждердің басшылары оқу орындарына жер беруді сұрап отыр
Партия • Бүгін, 18:42
ІІМ: Шымкентте мұнай өнімдерін ұрлау схемасы әшкереленді
Қылмыс • Бүгін, 18:18