12 Сәуір, 2016

Құтқарушылар өткен жылдың қорытындысы бойынша жеңімпаз болды

248 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
12-04-2016 karagandi 1ҚАРАҒАНДЫ. 12 сәуір. Ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті 2015 жылғы жұмыстардың қорытындысы бойынша «Ең үздік бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызмет» байқауының жеңімпазын анықтады. Бұл туралы Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Республикалық байқау қорытындысында Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызмет басқармасы бірінші орынды жеңіп алды. Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің басшысы Ибрагим Күлшімбаев жеке құрам алдында комитет төрағасының бұйрығын оқып, жеңімпазға арналған «Құрмет грамотасын» аталған басқармаға жетекшілік ететін азаматтық қорғаныс подполковнигі Е. Лохновқа салтанатты жағдайда тапсырды. Қайрат Әбілдинов. Дерек, фото: Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. 12-04-2016 karagandi 2