12 Сәуір, 2016

Моңғолияда тарихи жәдігерлер табылды (фото)

415 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
12-04-2016 mongolia 2АСТАНА. 12 сәуір. Моңғолияға қарасты Алтай тауының 2 мың 800 метр биік шыңдарының бірінде VI ғасырда жерленген мәйіт табылды. Бұл туралы baq.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Археологтардың айтуынша, мәйіт көне түркі тайпасына тиесілі. Сондай-ақ, сәйгүлігі, ертоқымы, арқаны, ағаш ыдыстары және теріден тігілген киімдері бірге жерленген. Осыған байланысты ғалымдар мәйіт иесі жоғары таптың өкілі болған деген болжам жасады. «Біз бұл орынға әйел адам жерленді деген шешім қабылдадық. Себебі, қабір ішінен қару-жарақ таппадық», – дейді археологтардың бірі. Зерттеу барысында мәйіттің 1500 жыл бұрын жерленгені анықталды. Мамандар тарихи жәдігерлердің бүгінге дейін сақталуының сырын аймақтағы климаттың қолайлы болғанымен байланыстырады. Аян Әбдуәли. Дерек, фото: baq.kz. 12-04-2016 mongolia 1 12-04-2016 mongolia 3