13 Сәуір, 2016

Әділдік үстемдік құрды

346 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Жоғары Сот-үл«Әділдік соттарда ғана салтанат құруы тиіс» деген Елбасының сөзі соңғы кездері шындыққа ұласа бастағаны айқын аңғарылып отыр. Алайда соттардың да соты бар демекші, еліміздің Жоғарғы Соты болмаса, әділдіктің ауылы әлі де алыстай берер ме еді, кім біледі. Бұған дәлелдер де табылып жатыр. Мәселен, Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, еліміздің Жоғарғы Соты Астана қаласы, Алматы және Ақтөбе облысы соттарының бұрынырақта шығарған үш сот актісінің күшін жойып, «МЕТРО Кэш энд Керри» ЖШС-нің талап арызын қанағаттандырды. Міне, осылайша, жалпы сомасы 107 488 739 теңге құрайтын импорттық кеден алымын, қосымша құн салығы мен үстемеақыны қосу туралы кеден органдарының хабарламасы заңсыз деп танылып, күші жойылды. Әйтпесе, жағдай мүлде басқаша өрбитін еді. Ал аталған даудың байыбына келер болсақ, «МЕТРО Кэш энд Керри» ЖШС 2012 жылғы 6 қаңтардағы кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг шарты) бойынша Қазақстанда қызмет ете жүріп, 2011-2014 жылдары сырттан әкелінген тауарларға төлем жасау кезінде 724 032 040 теңге көлемінде кедендік құнды қоспаған. Бұл жағдай Алматы қаласы бойынша кедендік бақылау департаменті жүргізген тексеріс нәтижесінде анықталып, импортталатын тауарлардың кедендік құны түсірілген деген қорытынды жасаған. Бұл, өз кезегінде, Астана қаласы, Ақтөбе және Алматы облыстары бойынша 107 488 739 теңге көлемінде кедендік төлемдер, салықтар мен өзге де үстемеақыларға қосымша ақының қосылуына алып келген. Дей тұрғанмен, Кеден одағының кеден шекарасы арқылы тасымалданатын тауарлардың кедендік құнын анықтау туралы 2008 жылғы 25 қаңтардағы Келісімнің 5-бабының 1-тармағының 7-тармақшасына сәйкес сырттан әкелінетін тауарлардың кедендік құнына лицензиялық төлемдерді қосу шарттарына олардың сырттан әкелінетін тауарлар болып табылатындығы және бағаланатын тауарларды сату шарты ретінде тікелей немесе жанама бұл төлемдерді төлеу немесе төлеу қажеттілігі жатады. Сондай-ақ, «МЕТРО Кэш энд Керри» ЖШС-нің сырттан әкелетін тауарлардың кедендік құнына төлемдерді жүргізу шартының жоқтығы істі қарау барысында анықталып, тиісті материалдармен расталған. Оның үстіне дербес тауарлық белгілерді қолданғаны үшін лицензиялық төлемдер аударылмаған және аталған серіктестік тарапынан нақты төленбеген көрінеді. Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан».