13 Сәуір, 2016

Жаңа мүшелерге – партбилеттер

290 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
100-590Ұлы Отан соғысының 71 жылдығын мерекелеу қарсаңында «Нұр Отан» партиясы «Бірлік» филиалының «Мәдениет» бастауыш партия ұйымы «Ұрпақтар ұмытпайтын Ұлы Жеңіс» тақырыбында Ұлы Отан соғысы және тыл ардагерлерімен кездесу ұйымдастырды. Кездесу 1941-1945 жыл­дарғы Ұлы Отан соғысында қазақстандықтардың майданда және тылда көрсеткен батырлығы мен ержүректігі туралы жастарға жеткізу, патриотизмге тәрбиелеу, олардың бойында еліміздің өткен тарихына құрмет сезімі мен тарихты білуге деген қызығушылығын арттыру мақсатын көздеді. Шараға Ұлы Отан соғы­сының ардагерлері – Социа­листік Еңбек Ері, І дәрежелі Даңқ, «Құрмет» ордендерінің және «Ерлігі үшін» медалі­нің иегері Леонид Картау­зов, Еңбек Қызыл Ту, ІІІ дәрежелі Даңқ, «Құр­мет» ордендерінің және «Жауын­герлік қызметі үшін» ме­далінің иегері Қадам Бекен, еңбек ардагері, тыл ең­беккері, биология ғылым­дарының кандидаты, доцент Бостан Шахманов, еңбек ардагері, тыл еңбеккері, «Үздік еңбегі үшін» медалінің иегері Күләш Ысқақова және партия мүшелері қатысты. Қонақтарға арналған сөзінде «Нұр Отан» партия­сы «Бірлік» филиалының «Мә­дениет» бастауыш партия ұйымы төрағасының орынбасары, Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин ардагерлерге жеңіске қол жеткізуде жауынгерлік еңбегі мен қаһармандық күш-жігері және өскелең ұрпақтың бейбіт өмір сүруін қамтамасыз етуге қосқан баға жетпес үлесі үшін өз алғысын білдірді. Оның айтуынша, алдыңғы қатарлы жетістіктерде және қазіргі заманғы Қазақстанның табысты дамуында соғыста және соғыстан кейінгі мемле­кеттің құрылысында қиын­шылықты бастан өткерген аға ұрпақтың үлесі айрықша бағалы. Сондықтан, Қазақ­стан­ның бүгінгі ұрпағы осыны есте ұстап, елімізде бейбіт­ші­лік­ті сақтау үшін барлығын жа­сау керек деп, өз ойын жет­кізді. Нур ОтанҰлы Отан соғысының ардагерлері Леонид Картаузов пен Қадам Бекен соғысқан жерлерін, Мәскеу, Сталинград, Тирасполь, Минск, Кишинев, Варшава қалаларын азат ету бойынша әскери операциялар туралы баяндап берді. Сонымен қатар, қонақтар 1945 жылы 9 мамырда Берлин қаласында Жеңіс күнін тойлап, Рейхстагқа Жеңіс туын тігуі туралы өз ойларымен бөлісіп, қазақстандық жас ұр­пақ­тарға бейбітшілік, тұрақ­тылық және елімізге тыныш­тық тіледі. Л.Картаузов тың игеру кезінде атқарған жұмыстары туралы айтып берді. Соғыста екі аяғынан айырылғанына қарамастан, тракторға отырып, өзінің қажырлы еңбегі үшін еліміздің ең жоғары ма­ра­­па­тына ие болғанын жет­кізді. Тыл еңбеккерлері Б.Шах­манов пен К.Ысқақова ауыл шаруашылығы саласында балалар мен әйелдердің тәулік бойы барлық халықпен бірге майданға қажетті азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету кезеңіндегі еңбек тылында болған өмір қиындықтарын айтты. Олар жақындары мен туыстарынан айырған әскери және әскерден кейінгі өмірде орын алған тағдырларындағы қиындықтары туралы да айтты. Кездесуге шақырылған ардагерлер қазақстандық ұр­пақ­тың сабақтастығын тағы да атап, өз қолдарымен «Нұр Отан» партиясының жаңадан қа­былданған мүшелеріне пар­тиялық билеттерді тапсыр­ды. Ардагерлер жас партия мүшелеріне өз баталарын беріп, Қазақстан Прези­денті – «Нұр Отан» партия­сының Көшбасшысы Н.Ә.На­зарбаевтың саясатын жүзеге асыруда табыстар тіледі. Кездесу соңында «Мә­дениет» бастауыш партия ұйы­мының басшылары ар­дагер­лерді келе жатқан Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс­тің 71 жылдығымен тағы да құттықтап, естелікке сыйлық­тар тапсырды. «Егемен-ақпарат».