Қостанайда онкологиялық емхана ашылды. Бұрын емхана мен диспансер бір ғимараттың ішінде орналасқандықтан, науқастарға аса қолайлы болмайтын. Онда дәрігерлер күніне 70 адамның орнына 300 адамды қабылдайтын. Енді жаңа емхананың қуаттылығы да осынша науқасты қабылдауға лайықталды. Емхананың алты қабаты да заманауи медициналық құрал-жабдықтармен жабдықталған. Олар Германиядан, Жапониядан, Ресейден әкелінді. Арасында қазақстандық жабдықтар да бар. Емхананың жаңа ғимараты онкологиялық диспансермен жалғастырылған. Тіпті, емхананың сыртынан арбада отырған, жалпы, жүруі қиын жандардың жоғары қабаттарға көтерілуі үшін арнайы көтергіш те салынған.
– Жаңа емханада науқастарға емханалық қызметтің барлығы көрсетіледі. Мұнда эндоскопиялық бөлімше, оған қоса барлық зертханалар, сәуле диагностикасы бөлімі орналасқан. Науқастарға да, дәрігерлерге де өте қолайлы жағдай жасалған, – дейді емхананың бас дәрігері Елік Досжанов.
Бас дәрігердің айтуынша, Қостанай өңірі қатерлі ауруға шалдыққандар саны жөнінен елімізде алдыңғы орындардың бірінен саналады. «Қазақстанда онкологиялық көмекті дамыту» бағдарламасы іске қосылған 2012 жылдан бері Қостанай облысында обырдан опат болғандар саны әр мың адамға шаққанда 109-дан 95,4 адамға дейін азайды. Аурудың бастапқы сатысында анықталуы соңғы бес жылда 30 пайызға артты. Ал бес және одан да көп жыл өмір сүретіндер саны 49,6-дан 51,9 пайызға дейін өсті. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне жүгінсек, жыл сайын 130 мың адам онкологиялық ауруларға қарсы скрингтен өткізіледі.
Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов жаңа онкологиялық емхананы аралап көрді. Ол емхана ұжымымен кездесіп, жаңа қонысқа құтты болсын айтты.
– Онкологиялық диспансерді қаржыландыру жыл сайын жақсарып келеді. Егер 2012 жылы облыста денсаулық сақтаудың осы саласына бюджеттен 900 миллион теңгеден сәл асатын қаржы бөлінсе, биыл ол 2,5 миллиард теңгеге жеткізілді, – деді Архимед Бегежанұлы. Аймақ басшысы облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысы мен емхананың бас дәрігеріне облыс бойынша кадр мәселесін жақсартуды тапсырды. Облыстың көптеген аудандарында онколог дәрігер жоқ.
Онкологиялық жаңа емхана адам өмірін ұзарту мен сақтау жолында обырға қарсы тағы бір амал екені айқын. Ол адамдардың ерте бастан көрініп, профилактикалық шараларды жүзеге асыруын қалыптастыруға, «ауруға ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеуіне» де қызмет ететін болады.
Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА,
«Егемен Қазақстан».
ҚОСТАНАЙ.

Чехия Қазақстаннан мұнай мен газ сатып алмақшы
Экономика • Бүгін, 11:51
Ресейде әйел сәбиін пышақтап, қоқысқа лақтырып жіберген: Қылмыстық іс қозғалды
Оқиға • Бүгін, 11:47
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:43
Қасым-Жомарт Тоқаев Нидерланд Королін құттықтады
Президент • Бүгін, 11:40
Банк басшысының бейнесін қолданған: Желіде алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды
Қоғам • Бүгін, 11:30
Каспийде бір айда 20 рет жер сілкінді
Табиғат • Бүгін, 11:10
Зейнетақы шегін көтеру жобасы қоғамдық талқылауда қолдау таппады
Бюджет • Бүгін, 11:05
Серік Сәпиевтің орнына жаңа басшы келді
Тағайындау • Бүгін, 10:58
Несие төлемін кешіктіргенде нені білген жөн?
Несие • Бүгін, 10:40
Дербес деректер интернетте сатылған: Сатып алушылар арасында микроқаржы ұйымдарының өкілдері бар
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 10:29
Бокстан Әлем кубогі: Қазақстан қоржыны тағы 3 медальмен толықты
Бокс • Бүгін, 10:23
Сайлау қарсаңындағы теракт: Колумбияда автобус жарылысынан 20 адам ажал құшты
Әлем • Бүгін, 10:20
Трамп қатысқан кеште оқ жаудырған күдікті сот алдында жауап береді
Әлем • Бүгін, 10:10